Цифрлық байланыс



бет4/6
Дата04.03.2023
өлшемі80,84 Kb.
#71553
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бож Бекзат

Сызықты сүзгілі арна. Кейбір сымды телефонды арна сияқты физикалық арналарда сүзгілер, жіберілетін сигналдар жолақтың кеңдігіне қабылданған шектеулерден асып түспейтінінде кепілдендіру үшін қолданылады, және сонда бір-бірімен интерферленбейді. Мұндай арналар, әдетте, математикалық түрде 3.2-суретте көрсетілген аддитивті шуылы бар сызықты сүзгілі арна ретінде сипатталады. Сондықтан, арна кірісіне s(t) сигналы келсе, арна шығысында мынандай сигнал пайда болады
r(t)=s(t)*c(t)+n(t)= , (3.2)
мұндағы с(t)- сызықты сүзгінің импульсті сипаттамасы, ал * орамды сипаттайды.

3.2 сурет - Аддитивті шуылы бар сызықты сүзгілі арна
Айнымалы параметрлері бар сызықты сүзгілі арна. Су асты акустикалық арна және ионосфералық радиоарна сияқты, жіберілетін сигналдың уақыт бойынша ауысатын көп жолды таралуының шарттарында пайда болатын физикалық арналар математикалық түрде айнымалы параметрлері бар сызықты сүзгілер сияқты сипатталуы мүмкін. Мұндай сызықты сүзгілер уақыт
бойынша өзгеретін c(t,t) импульсті сипаттамасымен өрнектеледі, мұндағы c(t,t) арнаның t мезетіндегі t=t мезеттегі кіріске түсірілген 8 – импульске жауап беруі.
Сөйтіп, t ретроспективті айнымалы болып табылады. Айнымалы параметрлері және аддитивті шуылдары бар сызықты сүзгілі арна 3.2-суретте көрсетілген.
s(t) кіріс сигналына арнаның шығыс сигналы 
r(t)=s(t)*c (𝜏 ;t)+n(t)= . (3.3)
Толқындардың ионосфера тәрізді (30 МГц төмен жиіліктерде) физикалық арна және қозғалмалы ұялы радиобайланыс арнасы арқылы көп жолды таралуына жақсы модель ретінде уақыт бойынша айнымалы арнаның импульсті сипаттамасы мынандай түрде болғандағы кезі (3.3) болады
(3.4)
Мұндағы { }- L таралу жолдарына арналған, уақыт бойынша өзгеретін мүмкін болатын өшу коэффициенттерін анықтайды, {( )}- оларға сәйкес кідіріс уақыттары. Егер (3.4) (3.3) ке қойса, онда қабылданатын сигнал
(3.5)
Сөйтіп, алынған сигнал таралудың L компоненттерінен тұрады, мұндағы әрбір компонент  көбейтіледі және  кешігеді.
Жоғарыда суреттелген үш математикалық модельдер практикада кездесетін көптеген физикалық арналарды сипаттайды. Арнаның бұл үш моделі кітапта байланыс жүйесінің анализі және синтезі үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет