3.2 Үздіксіз арна Кірісіне үздіксіз сигналдар келгенде шығысында да сигнал үздіксіз болса, мұндай арналарды үздіксіз деп атайды. Олар ылғида дискретті сигналдың құрамына кіреді. Үздіксіз арналарға, мысалы, өткізу жолағы 0.3…3.4 кГц болатын байланыстың стандартты телефондық арнасын (тональді жиілікті арналар- ТЖ), өткізу жолағы 60…108кГц болатын стандартты кеңжолақты арналарды, физикалық тізбектерді және т.б. жатқызуға болады. Арна моделі сызықты төртұштық түрінде көрсетілуі мүмкін (3.4 суретті қара).
3.4 сурет - Сызықты үздіксіз арнаның моделі
3.3 Дискретті арна Арнаның кодері және декодерін байланыстың үздіксіз арнасымен байланыстыру мақсатымен, тасымалдауыштарда және қабылдағыштарда қосылатын, сигналдардың айналу құрылғылары (САҚ) қолданылады. Жеке жағдайда- бұл модулятор және демодулятор. Байланыс арнасымен қосылып САҚ дискретті арнаны (ДА), яғни тек дискретті сигналдарды тасымалдау үшін ғана қолданылатын арнаны құрайды.
Дискретті арна бит секундымен (бит/с) өлшенетін, ақпаратты тасымалдаудың жылдамдығымен сипатталады. Дискретті арнаның басқа сипаттамасы болып бодпен өлшенетін модуляция жылдамдығы саналады. Ол секундына тасымалданатын элементтер санымен анықталады.
Екілік симметриялы арна. Екілік симметриялы арна (binary symmetric channel- BSC) кіріс және шығыс алфавиттері екілік элементтерден тұратын (0 және 1), жады жоқ дискретті арнаның жеке жағдайы болып табылады. Шартты ықтималдылықтары симметриялы түрде болады.
P(0|1)=P(1|0)=p, (3.6)
P(1|1)=P(0|0)=1-p
(3.6) теңсіздігі өткізудің ықтималдылығын өрнектейді.
ДА Марковтік модельдері. Арналардың жағдайларын әрбір жағдайдағы қатенің ықтималдығымен ажыратуға болады. Қатенің ықтималдығының өзгеруін, өз кезегінде, физикалық себептермен- үзілістердің, импульстік бөгеулердің, қатып қалулардың пайда болуымен т.б. байланыстыруға болады. Жағдайлардың кезегі қарапайым Марков тізбегі болып табылады. Қарапайым Марков тізбегі дегеніміз, i- нші уақыт моментінде осы немесе басқа жағдайдың ықтималдығы, (i-1)-і моменттегі ci-1жағдайыментолықтай анықталатын жағдайлардың кездейсоқ кезегі. Мұндай арнаның баламалы сұлбасы 3.5 суретте көрсетілген.
3.5 сурет - Марков тізбегі негізінде құрылған модельмен сипаттағандағы дискретті симметриялы арнаның баламалы сұлбасы