Цифрлық байланыс



бет6/6
Дата02.03.2023
өлшемі68,91 Kb.
#71354
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бож Бекзат

Гильберт моделі. Марков тізбегінің математикалық аппаратын қолдану негізінде құрылған қарапайым модель ол - Гильбертпен ұсынылған қателер көзінің моделі. Бұл модельге сәйкес, арна екі жағдайда болуы мүмкін - жақсы (1 жағдай) және жаман (2 жағдай). Бірінші жағдай қателердің болмауымен сипатталады. Екінші жағдайда, қателіктер pош(2) ықтималдығымен пайда болады.
3.4 Байланыс арналарындағы бөгеуілдер
Нақты арнада сигнал тасымалданғанда бұрмаланады, және ақпарат кейбір қателермен естіледі. Мұндай қателердің себебі арнаның өзімен енгізілетін бұрмаланулар және сигналға әсер ететін бөгеуілдер болып табылады. Кездейсоқ түрдегі бөгеуілдерден бұрмалануларды нақты бөліп айту керек. Бөгеуіл деп, пайдалы сигналға қосылып берілетін және оның қабылдануын қиындататын кез-келген әсер ету. Өздерінің пайда болуына байланысты бөгеуілдер әр түрлі болып келеді: найзағай, электрокөлік, электрлі моторлардың, қозғалтқыштардың жану жүйесінің және т.б. бөгеуілдері. 
Жиіліктің кез-келген диапазонында, күшейткіш құрылғылардағы заряд тасымалдаушыларының кездейсоқ қозғалысымен сипатталатын, жылулық шуыл деп аталатын, аппаратураның ішкі шуылдары болады.
Бөгеуілдердің классификациясы. Гармоникалық бөгеуілдердегеніміз- таржолақты модульденген сигнал, Мұндай бөгеуілдердің пайда болуының себебі ол кабельдің тізбектерінің арасында өткізілмелі өшудің төмендеуі, радиобекеттердің әсері. Импульсті бөгеуілдер - бұл уақыт бойынша пайда болатын бөгеуілдер. Олар кездейсоқ уақыт интервалы бар, импульстардың кездейсоқ кезегі болып табылады, сонымен қатар, олардан пайда болған өтпелі кезеңдер уақыт бойынша қабаттасып кетпейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет