Цифрлық байланыс


Аналогты және дискретті сигналдар



бет3/6
Дата02.03.2023
өлшемі68,91 Kb.
#71354
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бож Бекзат

Аналогты және дискретті сигналдар. x(t) аналогты сигналы үзіліссіз уақыт функциясы болып табылады, яғни, x(t) барлық t үшін анықталады. Электрлік аналогты сигнал физикалық сигнал (мысалы, мағына) кейбір құрылғы электрлік сигналға айналғанда пайда болады. Теңдік үшін, х(кТ) дискреттік сигналы дискретті уақыт аралықта сигнал болып, әрбір уақыт кТ моментінде анықталатын сандар тізбегін сипаттайды. Мұндағы к - бүтін сан, ал Т – белгіленген уақыт аралығы. 
Энергия немесе қуат арқылы берілетін сигналдар. Электрлік сигналды R кедергісіне берілетін кернеу өзгерісі v(t) немесе i(t) тогының p(t) қуаты арқылы елестете аламыз: 
p(t)=v2(t)/R (1.1)
немесе
p(t)=i2(t)R. (1.2)
Байланыс жүйелерінде қуат көбінесе нормаланады (R кедергісі 1Ом-ға тең, бірақ реалды арнада ол кез келген бола алады). Қуаттың тура мағынасын алу үшін, ол “денормаланған” нормаланған мағыналық жол арқылы алынады. Нормаланған жағдайда (1.2) және (1.3) теңдіктері бірдей түрде болады. Осыдан, сигнал кернеуден немесе токтан берілгеніне қарамастан, нормаланған форма бізге қуатты төмедегі формула арқылы білдіруге мүмкіндік береді: 
p(t)=x2(t) , (1.3)
мұндағы x(t) – кернеу немесе ток.
Байланыс арналарының математикалық модельдері
Байланыс жүйелерін синтездеу кезінде ақпаратты физикалық арналар арқылы жеткізу үшін біз тарату ортасының ең керекті сипаттамаларын айқындайтын математикалық модельдерді қолданамыз. Содан кейін арнаның математикалық моделі тасымалдағыштағы кодерді және модуляторды, қабылдағыштағы демодуляторды және декодерді синтездеу үшін қолданылады.
Аддитивті шуылы бар арна. Байланыс арнасы үшін ең қарапайым математикалық модель- бұл 3.1 суретте көрсетілген аддитивті шуылы бар арна. Бұл модельде s(t) жіберілетін сигналы n(t) аддитивті шуылды процесінің ықпалына ғана тәуелді. Аддитивті шуыл физикалық түрде бөтен электрлі бөгеуілдерден, байланыс жүйесінің қабылдағышындағы электронды компоненттерінен және күшейткіштерінен және де сигналдардың интерференциясынан пайда болуы мүмкін. 

3.1 сурет - Аддитивті шуылы бар арна
Егерде шуыл негізінде қабылдағыштағы электронды компоненттермен және күшейткіштермен көрсетілген болса, оны жылулық шуыл ретінде суреттеуге болады. Шуылдың бұл түрі статистикалық түрде гаусстық шуылды процесс оңай математикалық интерпретациясы бар болғаннан кейін, ол байланыс жүйесінің анализі және синтезі кезінде арнаның күштірек моделі болып табылады. Арналардың өшулігі оңай модельге қосылады. Арна арқылы өту кезінде сигнал әлсіресе, онда қабылданатын сигнал 
r(t)=αs(t)+n(t) , (3.1)
мұндағы α- сызықты арналы сүзгінің өшу коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет