Цифрлық сауаттылық 5-сабақ, 3-семестр Тақырып



Дата31.12.2021
өлшемі29,15 Kb.
#22487
түріСабақ
Байланысты:
ЦС 6-сабақ 2-семестр


Цифрлық сауаттылық 5-сабақ, 3-семестр

Тақырып: Интернет-дүкендер, сенімділік белгілері, тұтынушылар құқығы Сандық әлемдегі тұтыну және сауда. Электрондық коммерцияның ерекшеліктерін сипаттау.

1. Бейнематериал және презентацияны қарастырып, талдау:

https://www.youtube.com/watch?v=7ylHeD7Xl_8&t=40s

https://massaget.kz/layfstayl/tehno/faq/13081/

Бағалау чек парағы

Білу

10 балл

Тапсырма«Кластер» әдісі

Видео қарау



Түсіну

15 балл

https://www.youtube.com/watch?v=7ylHeD7Xl_8&t=40s

https://massaget.kz/layfstayl/tehno/faq/13081/



Видео бойынша терминдер негізінде дәптерге тірек-сызба жазу

Қолдану

25 балл

Видео түсірілімнің негізгі қағидаларын қолданып, видео жасап, орындалған видеоны жазады

Талдау

25 балл

Видео жазбаны талдауды практикалық жұмыс түрінде дәптерге жазу

Жинақтау

15 балл

«INSERT»әдісі Жаңа материалмен таныса отырып, дәптерге Сөзжұмбақ құру жүйесімен мәлімет жинау

Бағалау

10 балл

Тірек сызба соңында тақырып бойынша түйінді ой пікіріңді жаз

и Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты  тасымал–дау мен өңдеу аймағындағы ең дамып келе жатқан және қолайлы мүмкіндік болып табылады [1]. Осы бағытта пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл – әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы,  өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негіз–делген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет – қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы ма–мандардың кәсіби тәжірибиелерінің  ажырамас бөлігі.                                      

      Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін  заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек [1].

      Қазіргі таңда, Интернет – ақпараттық  өзара қарым-қатынастың шынайы тү–рдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес [2]. Осы–дан бірнеше жыл бұрын компьютер арқылы мәлімет беруге мамандар мен тә–жірибелі пайдаланушылар ғана көңіл бөлетін. Ал қазіргі кезде жергілікті және ғаламдық компьютер желісін пайдалану ДК тәрізді әдеттегіден де кең түрде таратылған болып отыр, өйткені компьютер коммуникациясын пайдалану арнайы білімді талап етпейді.

     Ғаламдық ақпараттық-коммуникация технологиясын дамыту үрдісі қазіргі таңда өте өсіңкі, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін масштабты түрде пайдалану  енді басталып жатыр. Өзінің дамуындағы «ком–муникациялық» кезеңде Интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қажетті қарқындылықтағы  ком–муникацияның керекті түрін ұйымдастыру үшін құрал ұсыну болып табылады. Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы Интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсетті [1].

     Қазіргі заманғы Интернет – әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез келген қажетті ақпаратты тез, әрі қолайлы түрде іздеп табуға, бүкіл әлемге хабарлағысы келген деректі көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін барынша күрделі, әрі жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға болады, әрі Интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы. Қазіргі кезде Интернет арқылы ақша табу тәсілдері де аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым  тауарларды сатуға болады. Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы төлемді жүргізуге де болады. Web-сайттардың барлығы тікелей кіріс алуға арналмаған. Олар жүйелі емес коммерциялық операцияларға белгілі бір қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге немесе олардың барынша арзан қолды баламасы ретінде қаралады [1].

     Интернет бірте-бірте сауда жүйесі саласына да еніп жатыр. Электрондық дүкен арқылы сауда жасаудың ең тиімді жолы тұтынушының уақытын біршама үнемдейді. Ақпараттық технологиялардың қосылу тенденциясы мен Интернет-технологиясына негізделген жаңа біріктірілген «Интернет-дүкен» арқылы сауда жасау технологиясының жасалуының   қазіргі уақытта  өзіндік орын алып отырғанын аса бір сенімділікпен айтуымызға болады.

     Интернет-дүкендердің қарқынды дамуы, күннен-күнге дамып жатқан өзгерістерге ілесіп, солармен қатар жүріп отырумен тікелей байланысты. Кейбір программалық өнімдер автономды режимде жұмыс істеп, оларды тестілеуден өткізіп, кейін серверді өзі жүктей береді. Бұл өзгертулер тек сол жалғыз компьютерде орындалып, жұмыс істейді [1]. Барлық ақпараттарды шынайы уақыт режимінде жаңарту қолайлы болып табылады. Бірақ бұл да тиімді шешім емес, мұнда енгізілген өзгертулер тестілеуден өтпей жатып, Web-парақтарда бейнеленеді. Мысалы тауардың бағасы дұрыс көрсетілмей қалған болса, бұл дүкенге үлкен шығын әкеледі және мұндай жағдайлар жиі кездескен. Мысалы, 1999 жылы ақпан айында buy.com желілік дүкенінде 300$-лық 19-дюмді Hitachi мониторы 163$-ға долларға сатылған. Дүкен басшылығы жіберілген қатені кешірек анықтап, басында тапсырысты қабылдаудан бас тартып, кейіннен шешімдерін өзгертіп, қоймадағы қалған 150 данасын сол көрсетілген бағада сатуға тура келген. Бұл оқиға тұтынушылардың компанияға ұжымдық талапты қадағалауын ескерумен аяқталған [2].

    Мұндай жағдай ShowNow.com дүкенінде орын алған. Бағадан қате жіберген дүкен 50 мың доллар шығын әкелген. Дүкен тұтынушыларды жоғалтпау үшін, тапсырысты рәсімдеп үлгерген тұтынушылардың барлығына қызмет көрсеткен. Сондықтан да Интернет-дүкеннің жұмысының ешбір қателіксіз белсенді жүруі үшін Web-сайттың мәліметтер қоры болуы өте маңызды. Мәліметтер қоры автоматтты түрде енгізілген ережелер бойынша тексеріліп, жаңартылып, өзгертіліп отырады. Сонымен қатар енгізілген өзгертулер сайт парақтарында жарияланбастан бұрын, толығымен тексерулерден өтуі қажет [2].

     Бұл жұмыста электрондық сауда бойынша мәліметтер базасы мысалында Web-түйін жасалынады. Қазіргі уақытта «Интернет-дүкен» Интернет желісіндегі бірден-бір қызмет түрі болып табылады.

     Қолданушыларға ақпарат беруден басқа Web-парақтардың маңызды қызметтерінің бірі Web-түйіндерге белгілі бір мәліметтерді жіберу мен серверде оларды өңдеу. Бұл мақсаттар үшін парақ кодына арнайы тәгтер қосылады. Олар HTML-парақтарда арнайы объект-қалыптарды анықтайды. Олардың көмегімен интерактивті интерфейс жасауға болады.

     Бұл бітіру жұмысында HTML, CSS, JavaScript, РНР  (Personal Home Page) технологиясында интернет-дүкен жасау қарастырылады. Сонымен бірге MySQL мәліметтер базасының сервері қолданылады.

     PHP программалау тілі әр түрлі операциялық жүйелердің администраторлары қолданатын құралдан  World Wide Web жасайтын платформаға айналды.


3. Тірек-сызба жазу және дәріс бойынша сәйкестігін табуға арналған кесте құру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет