World Wide Web – бүкіл әлем қосылған тор болып табылады.
E-mail – бұл электрондық пошта.
Сайт – ол белгілі бір тақырыптардағы ақпараттың жиыны. Ғаламторда көптеген сайттар кездеседі. Олар оқу-білімге, өнерге, спортқа және тағы басқа бағытта ақпараттарды таратады. Алайда, ондағы ақпарат әртүрлі және нақты болмауы мүмкін. Сондықтан нақты, дұрыс сайттардан ғана ақпаратты алу керек.
Қажетсіз сайттардан компьютерге зиянды файлдар, программалар кіріп кетуі мүмкін. Ондай программаларды вирустар деп атайды. Олар компьютерге өз зиянын тигізіп, компьютерді істен шығарады. Компьютерге кірген вирустарды антивирус арқылы жоюға болады.
Антивирустық программалар – компьютерді вирустан қорғауға арналған программалар. Олар компьютердегі барлық программаларды, файлдарды, видеоларды тексереді. Егер вирус бар болса оны жояды.
Тапсырмалар және сұрақтар:
Интернет ұғымын бастауыш сыныпта оқытудың маңызы
Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы түсінік қалыптастыру жолдары
Цифрлық сауаттылық пәні оқу үдерісін іске асыруда компьютерді пайдалану үлгісі ретінде
8.1 Оқу үдерісін компьютерлендіру мәселесі
8.2 Цифрлық сауаттылық пәнін оқытудың озық тәжірибелері
Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі, оны жетілдірумен дамыту тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет. Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет. Осыдан мұғалімнің ролін арттыратын процесстер жүргізілуі тиіс. Бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы - педагог дәрежесіне көтерілу керек.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», — деп Дистерверг айтқан болатын.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, — деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.
Академик А.П.Ершов 80-жылдары мынадай ой айтқан болатын: «Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы».
Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Соңғы кезде балалар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық жұмыстар жасау ;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Тапсырмалар және сұрақтар:
«Қоғамды ақпараттандыру» дегенді өз сөзіңмен түсіндір.
Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту бойынша озық тәжірибелерден мысал келтір.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер
9.1 Педагогикалық стратегиялар.
9.2 Цифрлық сауаттылық пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері.
Қазіргі заманда оқушылардың «оқып үйрену» және өздігімен жұмыс істеуі, қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мұғалімдер оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеу және дамыту күтіледі:
оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;
оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептерді шешу мысалдарымен сүйемелдеу;
оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;
оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу қызметін ұйымдастыру.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері:
Топпен жұмыс (үш, төрт оқушы), мұнда оқушылар жалпы жобаны жүзеге асырады. «Цифрлық сауаттылық» пәнінде бірлесіп жұмыс жасаудың алатын орны маңызды, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен білімдеріне сәйкес жалпы жобаға өз үлестерін қосады.
Абстракция негізінде модельдеу, міндеттерді шешу. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңызды саласының бірі, сондықтан оқушылардың оқу үрдісі бір қатар тәсілдер негізінде жүргізіледі, оларға физикалық, графикалық және математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.
Қосымша программалардың бірінде істеген дағдыларын екінші ұқсас программалық қосымшаларда пайдалана отырып, іске асырған оқушыларды марапаттау, мысалы, импортталған объектілерді редакциялау.
Шығармашылық ойлауды және интерпретацияны талап ететін ашық тапсырмалар.
Басқа білім салаларымен кіріктірілген міндеттерді шешу үшін «АКТ» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету.
Тапсырмалар және сұрақтар:
«Стратегия» ұғымын өз сөзіңмен түсіндір.
Жаңа педагогикалық технологияларға талдау жаса.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы құзыреттілік
10.1 Сандық технологияны пайдалану құзыреттілігі.
10.2 Цифрлық сауаттылық пәнінің оқу бағдарламасында көрсетілген құзыреттіліктер.
Сандық технологияларды пайдалану құзіреттілігі деген ол технологияларды жұмыс істеу барысында және сөйлесуде шығармашылық және екпінді пайдалану. Ол Цифрлық сауаттылық саласының базалық дағдыларында негізделген.
Оқушылар бір қатар алуан түрлі жабдықтар мен программалық қосымшаларды пайдалана отырып ақпаратты іздеу, құру және өндеу, ақпараттар мен пікірлер алмасу, сонымен қатар өз жұмыстарын бағалай отырып, іске асыру арқылы АКТ құралдарын пайдалану дағдыларын дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәнінің оқу бағдарламасы:
практикалық есептерді шешуде және мәліметтерді жинақтау мен сақтауда ақпараттық технологияларды пайдаланудың шығармашылық тәсілдерін білуді;
өздігінен оқу және кәсіби даму дағдыларын, ойлау икемділігін;
вирус, сандық қолтаңба мен компьютерге тәуелділік мәселелері туралы дүниетанымын, жеке құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын дамытуды;
белгілі бір мақсат пен аудиторияға арналған түрлі ақпарат көздерінен алынған материалдарды жинақтауды қамтитын презентациялау дағдыларын дамытуды;
нақты өмірлік жағдайларды имитациялау үшін компьютерлік модельдерді қолдану және дамытуды, сонымен қатар бұл жағдайларды одан әрі түсінуді;
күнделік өмірде және оқуда ақпараттың алуан түрлерін (мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық, аралас) өндеу үшін программалық қамтамасыз етуді таңдау және қолдануды қамтиды.
Тапсырмалар және сұрақтар:
Сандық технологияның бастауыш сыныпта түсіндірілуі.
«Құзыреттілік» ұығымын өзсөзіңмен түсіндір.
Цифрлық сауаттылық пәнінен күтілетін құзыреттіліктерді ата.
Достарыңызбен бөлісу: |