Кіріспе бөлім. Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификациясы.
Негізгі бөлім. Ақыл-ойы кемістік классификациясына қарай оқыту. Үйде оқитын бала ДЦП диагнозының ерекшелігіне қарай ерекше оқыту, әдіс-тәсілдер.
Қорытынды бөлім.
Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек. Неміс педогог-дефектологы Шуман.
Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын.

Ақыл-ойы кемістік классификациясына қарай оқыту. Үйде оқитын бала церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозының ерекшелігіне – ерекше оқыту;
Ақыл-ой кемістігінің классификациясының ішінде үйде оқитын бала имбецил типтегі бала.
Ақыл-ой кемістігінің классификациясының ішінде үйде оқитын бала имбецил типтегі бала.
Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес.
Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос.
Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.
Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес.