«Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі» пәні



бет1/2
Дата19.12.2022
өлшемі46,05 Kb.
#58226
  1   2

«Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі» пәні

    1. «Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі» пәні туралы түсінік.

    2. Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесінің өзге ғылым салаларымен байланысы.

    3. Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертудің заңдылықтары мен әдістемелік ұстанымдары.

Қоғамның ақпараттандыру үдерісі қарқынды дамуымен байланысты соңғы онжылдықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар екпінді өсуде. Қоғамның ақпараттандыруы деген жаңа есептеу технологиялар мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты алу, жинақтау, өндеу және сақтау әдістерін жаппай ендірілуі. Адам қызметінің барлық салаларында ойдың дамуына ықпал ететін, есептеу көзқарасты талап ететін міндеттерді шешуде жаңа білім мен әдістерді жинау­ –­ маңызды үдеріс болып табылады. Есептеу үдерісі ғылыми, әлеуметтік және ішкі жетістіктер мен жаңалықтар, оның ішінде медицина, экономика және білім негіздерінде құрылады.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енуімен қоса күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі - оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру. Бір жағынан оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгеруі уақыт талабы болса, екінші жағынан бұл талап басқа да білім беру салаларымен кіріктіру үшін ресурстары мен техникалық құралдарының ұсына отырып оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде пайдаланылады.
Пәннің мақсаты студенттерге Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі теориясынан жүйелі білім беру, бастауыш сыныпта АКТ пәнін оқыту әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
«Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
– Цифрлық сауаттылық пәнін үйрету заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдармен таныстыру;
– бастауыш сыныптарда Цифрлық сауаттылық пәнінен оқытылатын білім мазмұнын және оқыту-тәрбиелеу жүйесін білдіру;
– компьютермен жұмыс жасауды үйрету жолдарымен таныстыру;
– ғаламторды қолдану әдістемесін меңгерту;
– ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру әдіс-тәсілдерін үйрету;
– оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
«Цифрлық сауаттылық оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
– Цифрлық сауаттылықты ұғыну заңдылықтарын;
– Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту мазмұны мен жүйесін;
– «Цифрлық сауаттылық» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;
– Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесін білуі керек;
– Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдіс-тәсілдерін;
– бастауыш сыныптарда Цифрлық сауаттылық пәнін оқытуды жоспарлауды және күнтізбелік жоспар жасауды;
– сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б.) жүргізуді;
– сабақ беруді;
– сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды;
– оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді;
– пікір айтуды;
– реферат жазуды;
– әдістемелік папка жасауды меңгеруі керек.
Әдістеме ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үрдісі. Айырмашылығы: дидактика білім беру, оқыту үрдісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), материалдың қай бөлігі қай сыныпта өтілуі алдын-ала болжанып (алдын ала болжау ұстанымы), саналы түрде (саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы) беріледі. Осыған орай Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі ғылымы педагогикамен тығыз байланыста екендігін анық.
Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі барысында ұғым, түсініктерді оқушыларға меңгерту үшін бастауыш мектеп жас кезеңінің ерекшелігін ескеру қажеттілігі айқындалады. Ұсынылатын ұғымдар оқушының жас ерекшеліктеріне сай, олардың зейіні мен қабылдауы, есте сақтауы мен түйсінуіне қарай іріктеліп алынуы тиіс екендігі айтылады. Демек, бұл пән психология ғылымымен тығыз байланысты
Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі информатика ғылымымен байланысты. Себебі бастауыш сынып оқушылары информатика ғылымының ұғымдарымен таныстырылады, мысалы: ғаламтор, желі, жүйе, компьютерлік құрылғылар, программалық қамтамасыз ету, модельдеу. Яғни бұл пән компьютерлік ұғымдарды қалай меңгерту жолын қарастырады, түсіндірудің әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертудің ғлыми ұстанымдары мен зағдылықтары:

  1. Ғылымилық. Цифрлық сауаттылық пәні информатикалық ғылыми ұғымдарды қалай меңгерту жолын түсіндіруді мақсат еткендіктен, ғылымилық ұстанымы үлкен маңызға ие. Берілетін ақпараттар ғылыми тілде ұсынылып, барынша жатық тілмен түсіндірілуі тиіс.

  2. Жүйелілік. Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұны белгілі бір жүйемен, реттілікпен жерілуі қажет. Ол компьютер дгеніміз не, ол қандай құрылғылардан тұратынын түсіндіруден бастауы алып, компьютермен жасалатын жұмыстарды үйретумен аяқталады. Демек, білім белгілі бір жүйенің сақталуы арқылы меңгертіледі.

  3. Қолжетімділік. Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұнында тек компьютермен жасалатын қарапайым тапсырмалар ғана емес, сонымен бірге ғаламтор желісін пайдалану, ақпарат алып, өңдеу жолдары да қарастырылады. Демек, оқу пәнін толық игерту үшін білім орындары толық материалдық-техникалық базамен жабдықталған, оқушылар үшін қолжетімді болуы қажет.

  4. Көрнекілік. Оқу пәні алғашында оқушылар үшін қиын болып қабылдануы мүмкін. Бұл берілетін білімнің нәтижелі меңгертілуіне кедергі келтіреді. Аталған қиындықты болдырмаудың бірден-бір жолы оқу материалын көрнекті түрде ұсыну. Жаңа ұғымдарды көрнекілік ұстанымымен таныстыру, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін көрнекі түрде жеткізу, осы арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдете түсу.

Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертуде өзге де ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар: шамаға лайықтылық, саналылық, өмірмен байланыстылық.

Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. Цифрлық сауаттылық пәнінің маңыздылығы неде?

  2. Цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі оқу пәнін игертуде нені ескеруі қажет?

  3. Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертудегі шамаға лайықтылық, саналылық, өмірмен байланыстылық ұстанымдарының маңызын дәлелде.

Цифрлық сауаттылық пәнін оқытудың әдіснамалық негіздері
2.1 Цифрлық сауаттылық пәнін оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері.
2.2 Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістері және оларды топтастыру.

Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында оқушыларға бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады. Оқушылардың ақпаратты қолданудың этикалық және құқықтық нормаларын түсінуі және сақтауы қажет. Ағымдағы ақпараттық технологиялар ғасыры адамдардың араласуына кең мүмкіндіктер ұсына отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасында, тәжірибе алмасуында, жаңа идеяларды талқылауда «адамдар арасындағы арақашықтық» ұғымын жоққа шығарды.


«Цифрлық сауаттылық» пәнінің теориялық және практикалық базасы бай. Курс абстракция және модельдеу жолдары арқылы АҚТ құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан және өмірден алынған міндеттерді шешу үшін оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.
Үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту негізгі мектептің базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні сөзсіз.
Қазіргі заманда оқушылардың «қалай оқып үйрену қажеттігін білетін» және дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты және зейіні дамыған тұлға болуды талап ететін қағида білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында аталған қасиеттерді тәрбиелеуде және дамытуда оқытудың төменде көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады:
-оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бұрыннан меңгерген бойындағы білімін, білігін, дағдысын әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңыздылығын мойындау;
-мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;
-есептерді шешу стратегияларын оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және мысалдармен сүйемелдеу;
-«оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды оқытуды қолдау;
-оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен есептерді шешу мен талдауға негізделген оқу белсенділігін ынталандыру;
-оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-оқушылардың жеке, жұптық, топтық іс-әрекетін және бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру.
Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
қабілеттерін белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға, мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі.
Іс-әрекет тәсілі – оқытуды оқушылардың барынша дербес танымдық іс-
әрекеттерінің негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыратын атқарушы әрекетіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыру
барысында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде ықпалдасуын көздейді. Оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні жою, диалогтік қарым-қатынасты орнату, тұлғалық, шығармашылық қабілеттердің айқындалуына, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу, т.б. білім беру мақсаттарын шешеді.
Құзыреттілікті дамыту тәсілі – оқушылардың білім мен біліктерді жеке-жеке
емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді
Кіріктіру тәсілі – «Цифрлық сауаттылық» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Жүйелілік тәсілі – «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша курс бөлімдерін өзара байланыстыра
оқытуды қарастырады.
Осы тәсілдерді жүзеге асыруда келесі жолдар ұсынылады:
оқушылар жалпы жобамен жұмыс істейтін топтық жұмыс барысында
(ынтымақтастықтың маңызы зор, себебі бағдарламалық өнімнің барлығын дайындауға топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады);
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу
үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;
ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан
ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;
жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерден қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі;
алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;
шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық сұрақтарды
және мәселелерді қоя білу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану құзіреттiлiгі. АКТ-
ны қолдану дағдыларын оқушылар курсты меңгеру барысында көптеген құрылғылар мен қосымшаларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні оқу үрдісін іске асыруда компьютерлерді пайдалану үлгісі ретінде
болу қажет.
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. «АКТ» пәні бойынша
оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – тыңдаушылардың түрлі аудиториясымен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау. Осы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту оқушылардың өз ойын еркін білдіре алатын ынталандырушы және қолдаушы орта қамтамасыз етумен бірге жүргізілуі қажет.
Оқыту үдерісінде «Цифрлық сауаттылық» пәнінің ғылыми тілі мен ұғымдар аппаратын, түрлі
байланыс құралдарын сауатты пайдалана отырып, сыныптастармен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді ынталандыру қажет.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамиды:
-оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды;
-қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;
-құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы, көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білуі әсер етеді. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.
Цифрлық сауаттылықты оқыту барысында оқушылардың оқылым дағдылары дамиды, мысалы:
-мәтінде тірек сөздерді белгілеу;
- ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау.
Оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:
-тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;
-есептерді шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;
-тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).

Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. Цифрлық сауаттылық пәнін меңгертуге не кедергі келтіреді деп ойлайсың, өз ойыңмен түсіндір.

  2. Цифрлық сауаттылық пәнін оқытуда қандай әдістер тиімді?

  3. Педагогикалық әдіс-тәсілдерді ата.

Бастауыш сыныптарда Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту жүйесі
3.1 Бастауыш сыныптарда Цифрлық сауаттылық пәнін оқытуды ұйымдастыру.
3.2 Цифрлық сауаттылық пәнін оқытуды жоспарлау.
3.3 «Цифрлық сауаттылық» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері.


Оқу жүктемесінің бөлінуі:


1) 1-сыныпта аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
2) 2,3-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Цифрлық сауаттылық» сабағын жүргізудің басты талабы: сыныптағы жиһаздар топтық, жұптық, жеке жұмыстар, семинарлар және оқытудың тағы басқа да әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру үшін жылжымалы болуы қажет. «Цифрлық сауаттылық» кабинетіне қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитуралармен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофондары бар құлаққаптар);
2) құрылғылар арасында ақпарат алмасуды, мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы қолжетімді желі;
3) қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшіру техникалары, проекторлар.

Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық мазмұны:


1) компьютер:
1.1) компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары;
программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар); программа менюі; меню командаларын қолдану; файлдар мен бумалар; компьютерде файлдарды ашу және сақтау;
қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері;
2) ақпаратты өңдеу және көрсету:
мәтіндер: мәтіндік редактордың қызметі; программа менюі; мәтінді теру және өңдеу; символдар мен абзацтарды пішімдеу; мәтінмен болатын операциялар; символдарды қосу;
графика: графикалық редактордың міндеті; суреттерді ашу және сақтау; редактор құрал-жабдықтарын қолдана отырып сурет салу; түстер палитрасы; суреттерді өңдеу; суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту; сурет бөліктерінің көшірмесін жасау;
презентация: презентация құру программаларының міндеті; программа менюі; презентацияларды ашу және сақтау; слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру; слайд арасында ауысу; презентация дизайны; дыбысты қосу;
мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары; дыбыс редакторының қызметі; дыбысты жазу; дыбыстарды өңдеу және ойнату; дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) интернет желісінде жұмыс:
ақпаратты іздеу: веб-парақшаларды көруге арналған программалардың қызметі; іздеу жүйелері; түйінді сөздер бойынша іздеу;
ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері; белгіленген мәтінді және суретті құжатқа көшіру;
интернет желісіндегі қауіпсіздік: ғаламтордағы қауіпсіздік ережелері.
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық мазмұны:
1) компьютер:
компьютердің құрылғылары: компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары;
программалық қамтамасыз ету; файлдар және бумалармен жұмыс жасау, олармен операция жасау (құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою); файлдар мен бумалармен жұмыс жасау кезінде мәнмәтіндік менюді қолдану; компьютерде ақпаратты іздеу (бума, файл, мәтіннің үзіндісі);
қауіпсіздік техникасы: экранмен жабдықталған құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
2) ақпаратты өңдеу және көрсету:
мәтіндер: мәтіндік құжаттағы иллюстрациялар, суреттер мен сәндік мәтінді кірістіру; маркерленген және нөмірленген тізімдер; мәтіннің үзіндісін құжат ішінен іздеу;
графика: графикалық редакторлар; фотосуреттерді өңдеу (жарық, контраст, рамка); коллаж жасау;
презентациялар: слайд макеті; презентациядағы нысандарға анимацияны баптау; суретті, сәндік мәтінді, бейне мен дыбысты презентацияға қою.
мультимедиа: дыбыспен жұмыс жасауға арналған программалар; дыбыспен жұмыс жасауға арналған компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары; дыбыс редакторында әуен жазу; бейнені жазу және оны көруге арналған компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары; видео редакторлардың көмегімен бейнені жазу және оны өңдеу; видео үзінділерін көшіру, орнын ауыстыру және жою;
3) Интернетте жұмыс жасау:
ақпаратты іздеу: браузерді баптау (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау) ;
ақпарат алмасу: ғаламтор арқылы мәліметтер жіберу, электронды пошта арқылы тіркелген файлдары бар хабарламаларды жіберу және алу;
интернет желісіндегі қауіпсіздік: құпиясөздер, сенімді құпиясөздің критерийлері.

Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. Цифрлық сауаттылық пәнін оқытуды ұйымдастырунені қамтиды?

  2. Цифрлық сауаттылық пәнінің қолданыстағы оқулықтары мен оқу құралдарын ата.

  3. Цифрлық сауаттылық пәнінің базалық мазмұнына талдау жаса.

Цифрлық сауаттылық пәнін ұйымдастыруға қойылатын талаптар


4.1 Цифрлық сауаттылық пәнінің бастауыш сыныпта ұйымдастырылуы.
4.2 Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұндық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талаптарының бірі компьютерлік жүйелерге қол жетімділік болып табылады. Цифрлық сауаттылық кабинетіне болуға тиісті қажетті жабдықтардың тізімі:



  • Жабдықталған гарнитуралары бар дербес компьютерлер (микрофондары бар наушниктер);

  • Құрылғылар мен коммуникациялар, мұғалімдер мен оқушылардың арасында мәліметтерді алмасуды қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы ашық қолжетімді желі;

Қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшірме техникалары;
Барлық қосымшалар үшін ашық бастапқы коды бар программалық қамтамасыз етуді мүмкіндігінше пайдалануы.
Сыныптағы компьютерлер Интернет желісіне қосылуы қажет және әр оқушы жеке компьютер немесе мобильдік құрылғылармен қамтамасыз етілуі ұсынылады.
Сандық технологияларды пайдаланудағы құзіреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар АКТ бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстар және иделялармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту барысында оқушылар:
- компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;
- ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты әртүрлі формаларда іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және жіберуді іске асыру;
- әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, өз ойларын іске асыру;
- бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;
- авторлық құқықтарды сыйлау және компьютерді қолдану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау дағдыларына ие болады.

Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. Цифрлық сауаттылық пәні бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылады?

  2. Цифрлық сауаттылық пәнінің мазмұндық ерекшеліктерін анықта.

  3. Цифрлық сауаттылық пәнінің ұйымдастырушылық ерекшеліктерін анықта.

«Компьютер» бөлімін оқыту әдістемесі


5.1 «Компьютер» бөлімін оқытудың мақсат, міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері.
5.2 «Компьютер» бөлімінің бөлімшелері

«Компьютер» бөлімі Цифрлық сауаттылық пәнінің ең негізгі ұғымы компьютер құрылғысымен, оның бөліктері таныстыруды және компьютермен түрлі жұмыстар жасаудың іргетасын қалауды мақсат тұтады.


Оқу бағдарламасының аталған бөлімі теориялық ұғымдарды меңгертіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету міндеттерін алға қояды.
«Компьютер» оқу бөлімінің мазмұны:
Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады.
Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды.
Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
«Компьютер» бөлімі төмендегідей бөлімшелерден тұрады:

Бөлімшелер

3-сынып

4-сынып

1.1
Компьютердің құрылғылары

3.1.1.1 - енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату.

4.1.1.1 – компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларына мысалдар келтіру.

1.2
Программалық қамтамасыз ету

3.1.2.1 - компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 - компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.1.2.3 - файл және бума түсінігін түсіндіру;
3.1.2.4 - компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану.

4.1.2.1 - қолданыстағы қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін айта алу;
4.1.2.2 - файлдар мен папкаларды құру, жою және орнын ауыстыру;
4.1.2.3 - жұмыс барысында мәнмәтінді менюді қолдану.

1.3
Қауіпсіздік техникасы

3.1.3.1 - цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.

4.1.3.1 - экранмен жабдықталған, цифрлық құрылғылармен (телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар және т.б.) жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын түсіндіру.




Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. «Компьютер» бөлімі қандай тақырыптардан тұрады?

  2. Аталған бөлімді қандай әдістермен меңгетуге болады?

«Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімін оқыту әдістемесі


6.1 «Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімінің мазмұны
6.2 Ақпаратты өңдеудің маңызын түсіндіру
6.3 Презентация, мультимедиа жасаудың қажеттілігі

1 «Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімінің мазмұны



Бөлімшелер

3-сынып

4-сынып

2.1
Мәтіндер

3.2.1.1 - мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.2.1.2 - қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету);
3.2.1.3 - құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою.

4.2.1.1 - маркірленген және нөмірленген тізім құру;
4.2.1.2 - мәтіндік құжатқа суреттер, сәндік мәтін кірістіру (WordArt).

2.2
Графика

3.2.2.1 - қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
3.2.2.2 - нысанның сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б.).

4.2.2.1 - біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру.

2.3
Презентациялар

3.2.3.1 - мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау;
3.2.3.2 - слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану;
3.2.3.3 - презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану.

4.2.3.1 - слайдқа макет таңдау;
4.2.3.2 - презентациядағы нысандарға анимацияны баптау.

2.4
Мультимедиа

3.2.4.1 - арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару.

4.2.4.1 - әуен шығару үшін арнайы программаларды қолдану;
4.2.4.2 - фотосуреттерді өңдеуге арналған программаларды қолдану.

3.2.4.2 - арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану.

4.2.4.3 - белгілі бір тақырыпқа бейнекөріністер жазу.

Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді.

Тапсырмалар және сұрақтар:



  1. «Ақпаратты өңдеу және көрсету» бөлімін оқытудың маңызы неде?

  2. Бөлімді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер қолданған тиімді?

Интернет желісінде жұмыс


7.1 «Интернет желісіндегі жұмыс» бөлімінің мазмұны
7.2 Ақпаратты іздеу, ақпарат алмасудың маңызы
7.3 Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы түсінік қалыптастыру жолдары



Бөлімшелер

3-сынып

4-сынып

3.1
Ақпаратты іздеу

3.3.1.1 - нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану.

4.3.1.1 - ақпаратты іздеуге арналған сайттағы навигация құралдарын пайдалану;
4.3.1.2 - браузерді дұрыстау құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау).

3.2
Ақпарат алмасу

3.3.2.1 - желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру.

4.3.2.1 - қоса жолданған файлдары бар хабарламаларды (мысалы, электрондық поштамен) жіберу және алу.

3.3
Интернет желісіндегі қауіпсіздік

3.3.3.1 - Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну.

4.3.3.1 - сенімді құпиясөз критерийлерін ерекшелеу.

Сабақ тақырыбына байланысты Ғаламтор желісін пайдалануға болады. Онда суреттер мен бейнежазбаларды іздеуге болады. Сонымен қатар, хабарламалар мен ақпараттарды ар найы электронды пошта арқылы жіберуге болады.


Ғаламтор – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда бірнеше мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Алғашында желіге оны құрастырушы төрт университет біріктірілген. Сол уақыттан бері желі көптеген өзгерістерге ұшырады. Ол халықаралық дәрежеге жетті, желіде жұмыс істеуге арналған көптеген қызметтер (сервистер) мен программалар пайда болды. Қызметтер (сервистер) – Ғаламтор желісі серверлерінің көрсететін қызмет түрлері деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет