Интерактивті тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі. Бұл білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе.Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін тақта, басқаруға керекті қалам және жазуға арналған блокнот кіреді. Компьютердің VGA –портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар. Кешен екі режимде жұмыс істейді: тышқан және аннотация режимі арқылы. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының іс әрекетін операциялық жүйеге жеткізеді, екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады. Көптеген интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны өзгермесе, калибрлеуді қайтара жасау қажет емес.
Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді: Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология; Электромагниттік технология; Лазерлік технология; Ультрадыбыстық / инфрақызыл технология;
JAMBOARD интерактивті онлайн тақтасы жайлы ақпарат
Jamboard - бұл интерактивті тақтаның интерактивті құралы, G Suite отбасының бір бөлігі ретінде Google жасаған платформалық ынтымақтастыққа арналған. Бастапқыда 2017 жылдың мамырында шығарылған Jamboard - бұл Google-дің Microsoft Surface Hub-пен бәсекелес болу үшін цифрлық тақта нарығына кіруі. Jamboard барлық G Suite қызметтерімен үйлесетін Android-тің арнайы нұсқасында жасалған.