Zoho Show арқылы презентация жасау және .pptx форматында жүктеу алгоритмі
. Zoho Show веб-сайтына кіріп, есептік жазбаға(учетная запись) кіру керек ол жоқ болса, тіркелу керек.
2. Жүйеге кіргеннен кейін жаңа презентация жасауды бастау үшін "Create" (Жасау) батырмасын басу керек.
3.Бағдарламаның құралдарын пайдаланып презентация слайдтарын жасаймыз.Слайдтарға мәтін, суреттер, бейнелер, анимациялар және басқа элементтерді қосуға болады.
4. Презентацияны аяқтағаннан кейін, жоғарғы мәзірдегі "file" (файл) түймесін басып, "download as"(скачать как) таңдау қажет.Презентациямызды осы форматта сақтау үшін "pptx" форматын таңдаймыз.
5. "Pptx" форматын таңдағаннан кейін презентация сіздің құрылғыңызға көрсетілген форматта жүктеледі, пайдалануға дайын.
Visme сервисі арқылы facebook желісіне жарнама пост құру және жүктеу алгоритмі
Visme – презентациялар, анимациялар, баннерлер, инфографика, есептер, пішіндер және басқа да көрнекі мазмұнды жасауға арналған платформа.
1.Жарнамалық мазмұнды жасау: Visme платформасына өтіп, жарнамаға арналған дизайнды жасаңыз. Сіз тартымды мазмұнды жасау үшін үлгілерді, кескіндерді, мәтінді және графиканы пайдалана аласыз.
2. Өлшемдер мен пішімді таңдаңыз: Facebook жарнама жазбасына (сурет, бейне немесе карусель сияқты) сәйкес келетін пішім мен өлшемді таңдаңыз. Әдетте, Facebook жарнамасының өлшемдері Visme ішіндегі жоба параметрлерінде көрсетіледі.
3. Facebook желісіне жүктеп салу: Мазмұн дайын болғаннан кейін оны қалаған форматта жүктеп алыңыз (мысалы, сурет немесе бейне). Содан кейін Facebook тіркелгіңізге кіріп, мазмұнды жүктеп салу үшін демеушілік хабарлама жасау мүмкіндігін пайдаланыңыз.
4. Жарнаманы орнату: Facebook жазбасын жасау барысында сіз мақсатты аудиторияны, бюджетті, кестені және жарнаманың басқа параметрлерін таңдай аласыз.
Canva сервисі арқылы буклет жасау және жүктеу алгоритмі.
Достарыңызбен бөлісу: |