Python тіліндегі for операторының оның C# (Паскаль) тіліндегі нұсқа- сынан аздаған өзгешеліктері бар. Паскальтіліндегі арифметикалық прогрессия тәсілімен қайталанатын немесе С# ортасындағы итерация қадамдарын қолданатын циклдерге қарағанда, Python тілінің for опе- раторы кез келген тізбектегі элементтерді (тізім немесе тіркестер) қайталай алады.
for айнымалы in [1-мән, 2-мән, ... ] оператор
оператор
...
оператор
мұндағы 1-жол - for өрнегі , онда үтірлермен бөлінген мәндер беріледі, солардың әрқайсысы үшін шегініспен жазылған келесі операторлар қайталанып орындалады. Тік жақша ([…]) ішіндегі үтірмен бөлінген мәндер тізім деп аталады.
for циклі
# бұл for циклі программасы сандар тізімін қолданады print('1..5 арасындағы сандарды көрсету: ')
for num in [ 1, 2, 3, 4, 5]: print (num)
Нәтижесі:
1..5 арасындағы сандарды көрсету: 1
2
3
4
5
for циклі
# Келесі for циклі тақ сандарды шығарады. print ('1 мен 10 арасындағы тақ сандар:')
for i in range(10):
if i%2==1:
print(i)
for циклінің тізімі ретінде range(аралық, диапазон) функциясы жиі жазылады.
Ол мәндер тізімін өз ретімен
алып отырады. Мысалы, range(10) деп алсақ, ол 0, 1, ..., 9 мәндерін біртіндеп алып, циклді 10 рет қайталап орындайды.
Нәтижесі:
1 мен 9 арасындағы тақ сандар:
1
3
5
7
9
for циклі
range функциясына тағы бір мысал.
# Бұл цикл сөздерді 5 рет қайталайды. for x in range(5):
print('Сіздерге сәлем жолдаймын!')
range(a,b) функциясында екі аргумент болса, ол осы сандар аралығындағы мәндерді қамтиды. Мысалы: