Мақсаты: Көшеде жүру ережелері туралы түсінік алу.
Бақылау барысы: Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар кетпейді. (ең алдымен жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерлерге күн көзі мол түседі)
Еңбек әрекеті: Жолдағы қарды күрекпен тазалау
Мақсаты: Көпшіліктің көмегімен тапсырманы орындай алуға үйрету.
Қимыл қозғалыс ойыны: «кім алысқа?»
Мақсаты: Бірінің қолынан бірі ұстап жүгіре алуға,тәрбиешінің белгісін тыңдай алуға үйрету.
Серуеннен оралу.
11.30-11.50
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті
Түскі ас
12.00-12.30
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі
«Тәтті ұйқы»
12.30-15.00
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
15.00-15.30
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.
Білімді кеңейту және мәдени гигиеналық дағдыларды орындау.
Ойын жаттығу (мысалы: Слдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің маңдайың)
Бесін ас
15.30-16.00
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар,дербес әрекет
16.00-16.20
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.