1.Математика негіздері
Тақырыбы. 2 саны мен цифры. Қысқа – ұзын.
Мақсаты :2 цифрымен таныстыру; 2 цифрын жазып үйрену «ұзын, қысқа, тар, кең» және «дөңгелек» туралы ұғымдарын қалыптастыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз айларын атап айтайықшы?
Өткен оқу қызметін балалардың естеріне түсіру
- Балалар, біз өткен оқу қызметінде қандай санмен таныстық? (Бір).
- Маған столдың үстінен сол бір санының цифрын кім тауып көрсетеді?
Тақтамен жұмыс.
Балалар, бүгін біз бір санының көршісімен танысамыз, одан бұрын мына суретке көңіл бөлейік. - Тақтада қанша алма бар?
(Осыдан кейін тағы бір алманың суретін алып, бір алманы қосады)
- Енді қанша алма болды?
- Балалар, бір алмаға және бір алма қостық. Содан неше алма шықты.
Балалардың жауаптары
Тағы бір мысал келтірейік – мынау не? Ара
Омартаның қасында бір ара ұшып жүрді, біраз уақыттан кейін тағы бір ара ұшып келді, нешеу болды?
Дұрыс, екеу болды.
Сонымен екі санының таңбасымен танысайық (көрсету) Қараңдаршы 2 – саны неге ұқсайды?
Дұрыс, аққу құсының мойнына ұқсайды.
Санау ретімен таныстыру:
Тура және кері санау 1,2
Солдан оңға қарай санау – тура
Оңнан солға қарай санау – кері
Сонымен екі саны бір санынан кейін тұрып, «көршісі» деп аталады
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)
Қолымызды жаяйық.
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алайық.
|