Циклограмма І апта ( қазан, 2021ж.)



бет65/65
Дата09.04.2022
өлшемі495,29 Kb.
#30445
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
1.Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз!

2.Балалармен амандасу.

3.Миға шабул

1.Жұмбақ жасыру.

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды. (Күз)


Жұмбақтың шешуін табады: 4. Балалардың білімін нығайту. Тақпақ оқу.

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Мнемотехника күз мезгілі.

5.Сұрақ жауап.

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

6.Тосын сәт. Күз ханшайымы келеді.

Балалармен амандасады.

Тапсырма алып келеді.

Ресурс арқылы топқа бөлу. (Жапырақтар арқылы 2 топқа бөлу)

1-топ. Сары жапырақтар

2-топ. Жасыл жапырақтар

  1. Сары жапырақтар тобына

Күздің ерекшеліктерін тауып бер.

-Суретте күз мезгіліне байланысты ерекшеліктерді тауып алып, үлкен суретке сызықша арқылы көрсет.

2- Жасыл жапырақтар тобына

Суретпен жұмыс.

Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдер?

2- тапсырма. Жұмбақ шешу.

1-Сары жапырақтар тобына

1.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. «жел»
2.Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары «жапырақ»

2- Жасыл жапырақтар тобына

1.Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді

Бусанып жон жонап,

Терледі, керілді. «жаңбыр»
2.Көзі жасты жылауық

Келе жатыр, бір алып,

Жабырқаса, жылайды,

Жадыраса құлайды. «Бұлт»

7.Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды,

Тық-тық-тық.

Сен көшеге шық-шық-шық.

Жел соғады гу-гу-гу,

Жапырақтар ұшты ду-ду-ду

Құйын тұрды ой-ой-ой

Билеп кетті жапырақтар.

8.   «Даналық ағашы » ойыны.

Сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды себетке жинау.

Алтын күзбен қоштасу.

9. «Шапалақ әдісі» арқылы қорытындылау.
3.Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Кім бірінші

I.Кіріспе бөлім.

Бір қатар сапқа тұру.

Сәлемдесу.

(нұсқауларды орындау)

Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.

Негізгі бөлім:

Жалпы дамыту жаттығулар:

Жалаушамен жаттығу» 
1. Бір қатармен жүру,аяқ ұшымен, өкшемен,аяқты көтеріп жүру, жүгіру. (2 мин.) 
2. Бір қатардан екі қатарға тұру. 
3. Жалаушамен жаттығу. 
1. Б.қ қолда жалауша:1 – алдыға созу , 2 – жоғары көтеру, 3 – алдыға созу , 4 – б.қ –қа келу.
2.Б.қ 1 - жалауша оң қолда, екі рет алдыға айналдыру, 2 – жалауша сол қолда, алдыға айналдыру.3 – артқа айналдыру алдымен оң қолмен,артынан сол қолмен.
3. Б.қ аяқ арасы ашық иықпен оң қолда жалау сол аяққа жеткізу жалауды, сол қолдағы жалауды оң аяққа жеткізу.  
4.Б.қ аяқ бірге,отырып тұру.
5.Б.қ жалау кеуде тұсында 1-адым алдыға, 2-тізе бүгу, 3 – артқа, 4-тізе бүгу. 6 рет. 
6.Б.қ жалау кеуде түсында.Бір орында түрып секіру аяқты алдыға –артқа жібере отырып.

 Негізгі қимыл-жаттығулары:



1. Заттардың арасымен допты домалату.

2.Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу

Қимылды ойын:

«Мысықпен тышқан» ойыны:

Ойын шартымен таныстыру.

Балаларды мадақтау.



1.Музыка

Педагог жоспары бойынша
2.Жапсыру.

Тақырыбы:Күзгі жапырақтар»

(Сюжетті аппликация)

Мақсаты: Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын сақтауды үйрету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Қазір қай мезгіл?

Күз екенін қайдан білдіңдер?

Балалардың жауаптары

Қызығушылықтарын ояту.

Тосын сәт.

Кірпі келеді.

Кірпі бүгін бізге қызықты суреттер әкеліпті.

Суретпен жұмыс.

Ой қозғау.

Кәне суретке қарап көрейік. Балалар бұл суретте қай жыл мезгілі?
Күзде қандай өзгерістер болады? Ағаштағы жапырақтардың түстері қандай?


Балалардың жауаптары
Кірпі: Балалар маған күзгі жапырақ гүл шоғын жасап бересіңдер ма?


Балалар келіседі.

Топқа бөлу.

Түрлі түсті жапырақтармен топқа бөлу.

1-топ сары түсті жапырақтар түрлі түсті қатты қағазды қиып үлкен жапырақ жапсырады.

2-топ қызыл түсті жапырақтар кіші жапырақтар қиып жапсырады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп- кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.


Балалардың жұмысын бақылау.

Жеке көмек.

Қорытынды.

Балалардың жұмыстарын қорытындылау.

Галерея шаралау әдісі.

Балалар бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

Кірпі балалараға рақмет айтып қоштасады.

Балаларды мадақтау.

Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.

Серуен:


Картотека № 22

Картотека қосымша тіркелген.


Картотека № 21

Картотека қосымша тіркелген.

Картотека №20 Картотека қосымша тіркелген.

Картотека №22

Картотека қосымша тіркелген.

Картотека №23

Картотека қосымша тіркелген.


Серуеннен оралу

Ойын- жаттығу Сырттан келіп үнемі,

Сабынмен қол жуамыз,

Таза болды мұнтаздай,

Тағамға қол созамыз.

Балаларға реттілікпен киімдерін шешуі, өз сөрелеріне киімін жинап таза ұстауды, су болған киімдерін тәрбиешіге көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру. Түскі асқа дайындық.

Түскі ас

Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Ұйқы

Балалалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Тыныштық сақтау. Жәй музыка қою.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынық-тыру шаралары

18

Картотека қосымша тігілген


19

Картотека қосымша тігілген

20

Картотека қосымша тігілген

21

Картотека қосымша тігілген

22
Картотека қосымша тігілген

Бесін ас

Қолдарын сабындап жуып, өз сүлгілеріне сүрту, ұқыпты тамақтану дағдыларын, тамақтану әдебін дұрыс сақтай білуге дағдыландыру.

Ойындар, дербес әрекет. Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Суретр тамашалау

Күзгі орманға

Сурет көрсете отырып, балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін айту

жеке жұмыс

Тілін дамтыу.

. Ойын "Интервью". сұхбат әңгіме жүргізу

Дидактикалық ойын:

«Суретші қай жерде қателесті»

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту.


Логикалық тапсырмалар. Мақсаты: Бірдей заттарды ұқсастығы бойынша табу

Жұмбақ жарысы

Мақсаты:

Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

жеке жұмыс

Геометриялық пішіндерді дұрыс атап, ажырата білуге үйрету


«Мимикалық жаттығу»

Мақсаты: балалардың көңіл күйлерін түрлі эмоциялармен білдіруге үйрету.


Серуенге дайындық

Серуенге шығу туралы балаларға түсіндіру жұмыстары. Киімдерін дұрыс кие білуге үйрету. Аяқ киімнің оң солын түсіндіру. Серуенге шығу.

Серуен

Серуен №12

Картотека қосымша тіркелген.


Серуен № 13

Картотека қосымша тіркелген

Серуен № 14

Картотека қосымша тіркелген.

Серуен №15

  Картотека қосымша тіркелген.

Серуен №16

Картотека қосымша тіркелген.

Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналарға балаларын себепсіз балабақшадан қалдырмауларын ескерту.

Ана – аналармен әңгімелесу.

Балаланы балалабақшаға уақытында әкеулерін ескерту.

Ана – аналармен әңгімелесу. Баланың бүгінгі жетістігі туралы әңгімелеу.

Ата-аналармен баланың ынтасы, қызығушылықтары туралы әңгімелесеу



Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет