Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсінік беру. Өз түсінігін жүйелі айтып беруге баулу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты
Алтын сауле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, достарым!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын кім маған айтып береді екен?
Ой дамыту. І. Байжұманованың «Күзде» өлеңімен танысып, жаттаймыз.
«Күзде» өлеңін 2-3 рет оқу (слайд арқылы көрсету)
Күзде
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Ой қозғау.
Сұрақ жауап.
Балалар, өлеңде не туралы айтылған? (күз туралы)
Құстар қай жаққа ұшып кетеді? (Жылы жаққа).
Бір қадам әдісі бойынша жаттау.
Сергіту сәті:
Жаңбыр, жаңбыр жауасың Жанымызға
дауасың,
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Тосын сәт.
Топқа қолында қағаздары бар Білмеспек келеді.
Білмеспек:Сәлеметсіз бе апай, сәлеметсіңдер ме балалар. Апай маған мұғалімім мына көкөністер мен жемістерді ажыратып алып кел деп тапсырма берген болатын. Ал мен болсам кайсысы көкөніс, қайсысы жеміс екенін айыра алар емеспін. Балалар, өтінемін,сендер маған көмектесесіңдер ме?