|
|
бет | 60/65 | Дата | 09.04.2022 | өлшемі | 495,29 Kb. | | #30445 |
| Байланысты: 706057057 (2)3. Дене шынықтыру.
Тақырыбы.Орташа қарқынмен жүру және жүгіру.
I.Кіріспе бөлім.
Бір қатар сапқа тұру.
Сәлемдесу.
(нұсқауларды орындау)
.Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Жалпы дамыту жаттығулар:
(Кішкентай доптармен)
1. Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Допты иыққа тигіз!»
Бастапқы қалып:негізігі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру.
1.Екі қолмен ұстаған допты алға созу;
2.Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу;
3.Екі қолмен ұстаған допты алға созу;
4.Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу;
5.Бастапқы қалыпқа келу.
2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Иілу»
Бастапқы қалып:негізгі тұрыс, допты қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ.
1.Допты қос қолмен жоғары көтеру;
2.Допты алға созып иілу;
3.Бастапқы қалыпқа келу.
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Алға артқа секіру»
Бастапқы қалып: аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау.
1.Алға қос аяқпен секіру;
2.Артқа қос аяқпен секіру;
3.Бастапқы қалыпқа келу.
Тыныс алу:
тік тұру
допты алақанға қою.
алақандағы допты үрлеу.
(Мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|