Негізгі қимыл-жаттығулары: 1. Тепе-теңдікті сақтап жүру. 2.Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу.
Қимылды ойын: «Қасқырмен қояндар» ойыны:
Ойын шартымен таныстыру.Балаларды мадақтау.
1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Рәміздер
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:ҚР-ның рәміздерінің бірі-тудың суреті
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкенге де, кішіге
Сәлем беріп тұрамыз.
Ұйымдастыру.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста күн қандай болады? Сендер қыста қандай киім киесіңдер?
Бүгінгі ауа райы қандай?
Ой дамыту.
Түсінік беру,бақылату.
Суретпен жұмыс.
Балалар назарын рәміздер суретіне аудару.
Әрқайсысын жеке-жеке таныстырып, қайталату.
Өлең оқу.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Тосын сәт.
Осы кезде есік қағып, бөлмеге қуыршақ Әйгерім келеді. Балалармен амандасады.