Циклограмма І апта ( Желтоқсан 2020ж.)


Негізгі қимыл-жаттығулары



бет52/61
Дата07.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#19692
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
ДЕКАБРЬ ЦИКЛОГРАММА 2020

Негізгі қимыл-жаттығулары: 1. Тепе-теңдікті сақтап жүру. 2.Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу.

Қимылды ойын: «Қасқырмен қояндар» ойыны:

Ойын шартымен таныстыру.Балаларды мадақтау.

1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Рәміздер

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ҚР-ның рәміздерінің бірі-тудың суреті

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де, кішіге

Сәлем беріп тұрамыз.

Ұйымдастыру.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста күн қандай болады? Сендер қыста қандай киім киесіңдер?

Бүгінгі ауа райы қандай?

Ой дамыту.

Түсінік беру,бақылату.

Суретпен жұмыс.

Балалар назарын рәміздер суретіне аудару.

Әрқайсысын жеке-жеке таныстырып, қайталату.

Өлең оқу.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Тосын сәт.

Осы кезде есік қағып, бөлмеге қуыршақ Әйгерім келеді. Балалармен амандасады.

-Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерім келді.

Сендердің ойнағыларың келе ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет