2.Сурет
Тақырыбы: «Менің моншақтарым»
Мақсаты: Сызықтар жүргізу арқылы дөңгелектерді бір-біріне қосуды үйрету.
Үстел-үсті ойыны: «Моншақтарды тізбекте»
ҰОҚ өтілу барысы
І.Шаттық шеңбер
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанайық бәріміз
Арайлап атқан күнге
ІІ. Ой дамыту
Моншақ туралы түсінік
Моншақты не үшін пайдаланыламыз?
Осындай әшекейді үйлеріңде кім тағады ?
ІІІ. Тосын сәт
Қуыршақ Айсұлу келеді
Ренжулі
- Айсұлу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып, сендер сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме деп сұрап тұр
4. Айсұлуға көмек
Жұмыс жасаудың әдіс –тәсілін көрсету, түсіндіру.
Карандаштарды дұрыс ұстау, сызықты жүргізе білу тәсілдерін үйрету. Үлгіні түсіндіру.
Сергіту сәті:
Моншақтарды алайық,
Мойнымызға тағайық.
Дөңгелене би билеп,
Көңілденіп алайық.
Балалардың өз бетінше жұмысы
қадағалау, көмектесу.
Дид ойын : «Біздің көрме»
Балалардың жұмысын бағалау.
Қортынды
Балаларға смайлктер беру
Балаларды мадақтау.
1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; өзін құрметтеуге және өзінің «мен өзім» деген дербестігін нығайту,өзін құрметтеуге тәрбиелеу.
ҰОҚ өтілу барысы:
1.Шаттық шеңбер
Е. Өтетілеуұлы
Бала,бала,баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.
2. Акт. Суретпен жұмыс
Екі баланы салыстыру.
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
Қайсысы саған ұқсайды.
Балалардың қайсысы жақсы деп ойлайсың? Сергіту сәті.
Бас, иық ,тізе, саусақ,
Бас , иық,тізе, саусақ,
(көрсету)
Саусақ,саусақ,саусақ.(сау
сақпен сартылдату)
Бас, иық ,тізе, саусақ,
Бас , иық,тізе, саусақ,
Көз ,мұрын ,көз , мұрын,
Құлақ, ерін, құлақ, ерін,
(Жылдамдатып тез тез қайталау)
Ойын:«Мен қандаймын?» жаттығуы.
-Егер сен ерте тұрғанда жыламай тұрсаң оң қолыңды көтер.
-Егер сен жылап тұрсаң сол қолыңды көтер.
-Егер сен өтірік айтпайтын болсаң оң қолыңды көтер.
-Егер саған балабақша ұнаса оң қолыңды көтер.
-Егер сен топтағы достарыңды ұнатсаң қол соқ.
Бәріміз доспыз десек тағы шапалақ.
Қорытынды.
Анау бала, бетін Қараша Кір қожалақ қап-қара
Тырнағы өскен,шашы көптен
Алынбапты –ау масқара
Сұрақ-жауап
Балаларды мадақтау.
2.Музыка.
Тақырыбы:«Мен кімге ұқсаймын?»
Мақсаты: Әннің мағынасын түсіну. Әнді табиғи дауыспен айтуды қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Кімге мен ұқсаймын». («Зерек ботақан» жинағынан)
Ән айту: «Қарашы маған» А.Айтуова
Әуенді - ырғақты қимыл- ойын : «Топ-топ басайық» (Үш тілдегі әндер» жинағынан)
|
1.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Мен өзім туралы не білемін?»
Мақсаты: Балаларға адамның дене мүшелерін атауға үйрету (басы, қолы, аяғы, көзі, мұрны, аузы, құлағы және т.б. бар).
|
Достарыңызбен бөлісу: |