Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.
Құстарды бақылау (сарышымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін)
Бақылау
Балаларға қыстайтын құстар туралы түсінікті нақтылау және бекіту. Құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу( көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету(сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершінде жиі, ұсақ қадамдар т.б.).Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады.Құстарды жақсы көріп, оларға көмек бере білуге тәрбиелеу. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру. Ұяда құстар өздерін қалай ұстайтындарын бақылау.
Балалардың үйге қайтуы
Ата-аналармен әңгімелесу, сұрақтарына жауап беру
Балаға үйде ертегі оқып беру керектігін айту
Ата-аналарға балаларының жұмыстарын көрсету
Ата-аналарға баланың қауіпсіздігі жөнінде кеңес беру
ЦИКЛОГРАММА Қаңтар айы Мектепалды даярлық тобы ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫП: «АЛАҚАЙ, ҚЫС КЕЛДІ!»
Тақырыпша: «Қар не үшін керек» Мерзімі: 13-17.01