Д/о: «Дорбада не бар екен?»
Шарты: Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін нақтылау
|
Д/о: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
|
Д/о:Сен жасыр, біз табамыз»
Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.
|
Д/о: «Жыл ағашы»
Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшіліктерін атай отырып,бұтағын салыстыра отырып, дұрыс ауыстыру.
|
«Не жегеніңді тап!»Тәрбиеші табаққа жемістерді турап қойып, балаларға дәмін татуға береді, алдын-ала көздерін жауып қойып.
Енді, не жегеніңді айтып, себеттен тауып берші.
|