Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы


Көркем əдебиет «Кел балалар оқылық»



бет3/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Көркем əдебиет «Кел балалар оқылық» Ы.Алтынсарин
(өленді жатқа айтуға үйрету)
Балаларды дауыс ырғағымен мəнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына
деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу
Музыка
«Балабақшаға барамыз»
(Әні мен сөзі А. Досмагамбет)
1.Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау жəне ажырата
білуге үйрету. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру, сүйікті балабақшасы туралы əн айтуға үйрету. Музыкалық аспаптармен таныстыру , қызығушылықтарын ояту. Вальс би элементтерімен таныстыру , биге деген қызығушылығын арттыру. "Кім жылдам "ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.
Дене шынықтыру
Секіру. Сапқа құру
(далада)
Бір орында тұрып секіруді үйретуді жалғастыру. Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұруға үйрету.

Сөйлеуді дамыту
«Балабақшадағы алғашқы күн»
Сөйлеудің дыбыстық мəдениеті
тыңдауды, айтуды, оқуды, ана тіліне тəн барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру; интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру; ересектердің көмегімен əңгіменің жалғасын жəне соңын ойдан шығару
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
«Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру. Көрнекілік негізінде 2, 3 санының пайда болуымен таныстыру. 3 саны мен цифр таныстыру, көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (3 жəне одан артық) биіктігін белгілей білуге үйрету.
Сурет салу «Балабақшам»
Балаларды елестету жəне заттарға қарап өздеріне тəн ерекшеліктерін сақтай отырып сурет салуға үйрету. серуен мен саяхат кезінде алған əсерлерін суретте бейнелеу
Дене шынықтыру
Жүру. Еңбектеу
Сапта бір қатармен жүруді үйретуді жалғастыру. Гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеуге үйретуді жалғастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет