Сурет салу «Камзолды әшекелейміз» Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тəн түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің
үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Мен көшедемін. "Балалар", "Жаяу жүргінші" жол белгілері.
Көшеде өзін ұстау ережесі, жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін бекіту; автокөлік түрлерімен, "Балалар", "Жаяу жүргінші" жол белгілерімен, полция қызметкері
мамандығымен таныстыру; ойлау қабілеттерін дамыту, зейіндерін шоғырландыру; өз денсаулығын күтіп ұстауға деген ұмтылысын, жауапкершілік сезімін, жол қауіпсізді ережесін сақтауға деген ниетін, жаяу жүргінші, полиция мен жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу. Көшеде кейбір қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ересектерден көмек сұрауға үйрету.
Сауат ашу негіздері Сөйлем түрлері. Дыбыстық талдау «АҢШЫ» «Ң» дыбысы
дыбыстық құрылымы əр түрлі үш жəне төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру; сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Кеңістіктік қатынас орнатуды, қағаз бетінде бағдарлай білуді үйрету. Сурет салу арқылы ырғақты жекелеген элементтерді құрайтын қарапайым жиектерді сала білуге үйрету
Қоршаған ортамен танысу Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рəміздері. Қазақстан Республикасының əскері
Қазақ халқының тарихи түп тамыры туралы: қазақ киіз үйінің құрылысы жəне ішкі жиһаздары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының салт-
дəстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Қазақтардың көшпенді өмірі туралы көрнекі материалдар негізінде суреттеуді үйрету. Отан туралы, мемлекеттік
жəне халықтық мерекелер, еліміздің рəміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз
халқының түрлі мəселелерін шешетіндігі туралы білімін жетілдіру. Қазақстан Республикасы əскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тəрбиелеу