Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
|
«Жолаушылар»
Мақсаты: Балалардың көңілдерін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру.
|
«Құрылысшы»
Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
|
«Шаштараз»
Мақ«Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
|
«Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
«Жазылмай қалған сандарды ата»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
|