Цитология гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі бекіту



бет345/408
Дата24.02.2022
өлшемі11,33 Mb.
#26282
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   408
+Тасымалдау

107.Трофикалық, тыныс алу, зәр шығару және қорғаныс қызметтерін атқарып, цитотрофобласт пен біріншілік симпласт бүрлерінен тұратын ұрықтан тыс мүше қайсы: +біріншілік хорион

108.Трофобластан пайда болатын ұрықтан тыс мүше: +біріншілік хорион

109.Адам ұрығының амнион қабығына мына қызметтердің қайсысы тән: +қорғаныс

110.Адам ұрығындағы эпибластан ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы дамиды: +амнион

111.Адам ұрығының екінші апталық даму кезеңінің басында эпибласт жасушаларының арасында қуыстар пайда болады. Осы кезде ұрықтан тыс мүшелердің қайсысы пайда болады: +амнион

112.Ұрықты механикалық зақымданудан сақтайтын ұрықтан тыс мүше қайсы: +амнион

113.Іші суға толы резервуар түріндегі ұрықтан тыс мүше қайсы: +амнион

114.Амнион көпіршігінің қабырғасының құрамында болатындар:+ ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерма

115.Адам ұрығындағы сарыуыз қабының қызметі: +қан түзу

116.Аталған қызметтердің қайсысы адам ұрығындағы сарыуыз қабына тән: +қан түзу

117.Ұрықтың алғашқы қан тамырлары мен қан жасушалары және біріншілік жыныстық жасушалары қабырғасында түзілетін ұрықтан тыс мүше қайсы: +саруыз қабы

118.Ұрықтық дамудың гаструляция сатысының барысында гипобласттан не пайда болады: +біріншілік сарыуыз қабы

119.Плацентаның нәресте бөлігінде мыналардың қайсысы болады:+ хорион пластинкасы мен хорион бүрлері

120.Плацентаның ана бөлігінің құрамында болатыны:+ жатырдың кілегейлі қабығының негізгі түсетін бөлігі

121.Плацента құрамындағы котиледондар мыналардың қайсысынан түзіледі: +бағаналы бүрлері мен (якорлы) оның тармақтарынан түзіледі

122.Адамның жұмыртқа жасушасында мыналардың қайсысы болмайды: + жасуша орталығы

123.Сперматозоидтың мына құрылымдарының қайсысында микротүтікшелері бар: +біліктік жіпшесінде

124.Сперматозоидтың митохондриялары қай бөлігінде орналасқан: +құйрығының аралық бөлігінде

125.Сперматозоидтың көлденең кесіндісінің электронды микросуретінде біліктік жіпшесін қоршаған митохондриялар көрінеді. Бұл сперматозоидтың қай бөлігінен алынған кесінді:+ құйрығының аралық бөлігінен

126.Эмбриогенез сатыларының дұрыс тізбегін табыңыз: +ұрықтану– бөлшектену –гаструляция–гистогенез бен органогенез

127.Сперматозоидтың реотаксис қабілеті – бұл: + сперматозоидтіңсекретке қарсы жылжуы

128.Сперматозоидтың хемотаксис қабілеті – бұл: +гамондардың концентрациясының градиентіне байланысты

129.Капацитация деп:+ сперматозоидтың белсенділігінің артуы

130.Акросомалық реакция деп: +акросомадан гиалуронидаза мен трипсин ферменттерінің бөлінуі

131.Кортикальді реакция – бұл: + кортикальді түйіршіктердің перивителлин кеңістігіне өтіп, ұрықтану қабығының пайда болуы

132.Адам ұрығының гаструляция процесінде мыналар пайда болады: +үш ұрық жапырақшасы

133.11,5 тәуліктегі адам ұрығының ұрық жапырақшаларының материалы қайда орналасады: + амнион көпіршігінің түбінде

134.14-ші тәуліктегі адам ұрығының 11,5 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді: +хорданың

135.17-ші тәуліктегі адам ұрығының дамуы 14 тәуліктегі ұрықтан айырмашылығы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді: + аллантоистың

136.Ұрықтың энтодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі:+ біріншілік жолақтың алдыңғы бөлігінің

137.Ұрықтың мезодермасы мыналардың қайсысының жасушаларының көшіп, орын ауыстыруынан түзіледі:+ біріншілік жолақтың соңғы бөлігінің

138.Ұрықтың бас бөлігіндегі тығыз орналасқан жасушалар қабатынан тұратын прехордальды пластинканың құрамында болатыны: +ұрықтық эктодерма мен энтодерма

139.Эмбриогенездің алтыншы тәулігінде ұрықтың жатырдың шырышты қабығына жабысуы, яғни имплантацияға дайындығы жүреді. Берілген үрдістің қамтамасыз етілуіне ұрықтың қай құрылымының қатысы бар. +трофобласт

140.Гистологиялық препаратта ашық және күңгірт бластомерлерден түзілген көпіршікті ұрық көрінеді. Ашық түсті бластомерлер шетінде орналасып, күңгірт түсті бластомерлерді қоршайды. Ал күңгірт бластомерлер ортасында орналасады.

Эмбриогенез кезеңін анықтаңыз? +Бөлшектену

141.Жаңа туылған сәбиде жүрек миокардының даму ақауы анықталды. Бұл патологиялық үрдіс қай ұрық жапырақшаларының даму ақауына байланысты. - +Мезодерманың висцеральды жапырақшасы

142.Амниоцентез жолымен алынған амнион сұйықтығының құрамында ядросында теннис ракеткасына ұқсас қосалқысы бар жасушалар анықталды.

Бұл қандай құбылыстың айғағы болып табылады. ХХ хромосамсы Қыз ұрықтың дамуы

143.Адамның 12 тәуліктік ұрығында өзара байланысқан екі көпіршік көрінеді. Бір көпіршігінің түбінде қалыңдаған құрылым анықталады. Мыналардың ішінен гаструляция үрдісіне қатысатын құрылымды табыңыз. +Эпибласт гипобласт

144.Гистологиялық препаратта ішек түтігімен байланысқан көпіршік тәрізді ұрықтан тыс мүше көрінеді. Көпіршіктің ішкі беті энтодерма жасушаларымен астарланған.

Берілген сипаттама ұрықтан тыс мүшелердің қайсысына тән.+ Сары уыз қапшығы

145.Ұрықтың гистологиялық препаратында екі артерия және бір венадан тұратын ұрықтан тыс мүшенің кесіндісі берілген. Осы қан тамырлары ұрықтан тыс мүшенің қайсысында тармақталады. + Кіндік

146.Гистологиялық препаратта эмбриогенез сатысында біріншілік ішектің алдыңғы бөлігінің қалыптасуында даму ақауы анықталды.

Мұның нәтижесінде болатын даму ақауын қай мүшеден күтуге болады. +Энтодерма асқазан, ішек,

147.Ұрық кесіндісінде хорион бүрлерінің қиғаш және көлденең кесінділері көрінеді. Оның айналасында қан жасушалары орналасқан. Қай ұрықтан тыс мүшенің препараты зерттеуге берілгендігін анықтаңыз Плацента



148.Ұрықтан тыс мүшенің ішкі жапырақшасының электроннограмасында апикалді бетінде микробүрлері бар бір қабатты жасушалар анықталды.Жасуша цитоплазмасында орналасқан вакуолдердің құрамындағы сұйықтық ұрықтан тыс мүшенің құрамына бөлінеді. Сипаттамаға сәйкес морфологиялық құрылысы бар жасушалар ұрықтан тыс мүшелердің қайсысында орналасады.+Амнион

149.Адам ұрығындағы А әріпімен белгіленген құрылымы +Эктодерма

150.Адам ұрығындағы Б әріпімен белгіленген құрылымы +Сомит

151.Адам ұрығындағы В әріпімен белгіленген құрылымы +Нерв түтігі

152.Адам ұрығындағы Г әріпімен белгіленген құрылымы +Мезодерманың париетальды жапырақшасы

153.Адам ұрығындағы Д әріпімен белгіленген құрылымы +Мезодерманың висцеральды жапырақшасы

154.Адам ұрығындағы Е әріпімен белгіленген құрылымы +Энтодерма

155.Адам ұрығындағы Ж әріпімен белгіленген құрылымы +хорда



156.Адам плаценттасындағы А әріпімен белгіленген құрылымы +Септалары

157.Б әріпімен белгіленген ұрықтан тыс мүше +Кіндігі

158.Адам плаценттасындағы В әріпімен белгіленген құрылымы +Лакуналары

159.Адам плаценттасындағы Г әріпімен белгіленген құрылымы +Хориальды пластинкасы

160.Адам плаценттасындағы Д әріпімен белгіленген құрылымы +Хорион бүрлері

161.Адам плаценттасындағы Е әріпімен белгіленген құрылымы +Жатырдың кілегейлі қабығы



162.Адам плаценттасындағы Ж әріпімен белгіленген құрылымы +Жатырдың етті қабығы

163.13-тәуліктегі адам ұрығының А әріпімен белгіленген құрылымы:-Ұрықтан тыс қуыс

164.13-тәуліктегі адам ұрығының Б әріпімен белгіленген құрылымы – Саруыз қабы

165.13-тәуліктегі адам ұрығының В әріпімен белгіленген құрылымы:-Амнион көпіршігі

166.13-тәуліктегі адам ұрығының Г әріпімен белгіленген құрылымы:-Амнион аяқшасы

167.13-тәуліктегі адам ұрығының Д әріпімен белгіленген құрылымы-Цитотрофобласт



168.13-тәуліктегі адам ұрығының Е әріпімен белгіленген құрылымы:-Симпластотрофобласт


169.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі А әріпімен

белгіленген құрылымы-Амнион

170.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Б әріпімен

белгіленген құрылымы-Ішек түтігі

171.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі В әріпімен

белгіленген құрылымы-Сары уыз қабы

172.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Г әріпімен

белгіленген құрылымы-Аллантоис

173.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Д әріпімен

белгіленген құрылымы-Хорион бүрлері

174.Адам ұрығының кеуде қатпарының пайда болу кезеңіндегі Е әріпімен



белгіленген құрылымы-Ұрық денесі
175.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. А әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:-Decidua basalis

176.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы . Б әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз: Decidua capsularis

177.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы . В әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз: Decidua parietalis

178.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Г әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:-Амнион

179.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Д әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:-Жатыр қуысы

180.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Е әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:-Ұрық

181.Ұрықтан тыс мүшелер мен жатыр қабықтарының ұрықпен өзара қатынасы. Ж әріпімен белгіленген құрылымды атаңыз:-Жатырдың ет қабығы
ЭПИТЕЛИЙ ТІНІ
182.Құрамында қан тамырлары мен жасуша аралық заты жоқ тін: + эпителий тіні

183.Жабынды эпителийдің орналасқан орны: +шектеуші

184.Жасушалары полярлы дифференцияланатын мына тіндердің қайсысы? + эпителий тіні

185.Жабынды эпителийдің базальді мембранасы мына тіндердің қайсысының тіршілігінен пайда болады + эпителий тіні мен дәнекер тінінен

186.Эпителий тіндері жасушаларының өзара байланысы + әр түрлі жасушааралық байланыстармен (әртүрлі контактылармен)

187.Бір қабатты жалпақ эпителиймен (мезотелий) мыналардың қайсысы тысталады +сірлі қабық

188.Жасушаларының пішіні әртүрлі, бірақ олардың барлығы да базальді мембранаға бекінген. Бұл эпителий қайсы +бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі

189.Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы бокал тәрізді эпителиоциттердің қызметі +шырыш бөледі

190.Базальді, тікенекті және үстіңгі жасушалар қабатынан тұратын эпителий + көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

191.Базальді, тікенекті, дәнді, жылтыр және мүйізделген жасушалар қабаттарынан тұратын эпителий +көп қабатты жалпақ мүйізделген

192.Бағаналы жасушалары кездесетін көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қабаты +Базальді қабаты

193.Көпбұрышты жасушалардан тұратын көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қабаты +Тікенекті қабаты

194.Мүшенің созылуына байланысты құрылысы үнемі өзгеріп отыратын эпителий +Ауыспалы эпителий

195.Ауыспалы эпителийдің үстіңгі қабатының құрамындағы жасушалары +Ірі, эпителийдің қызметіне байланысты пішіні өзгеріп отырады

196.Эндокрин бездерінің ерекшеліктері +Өзектер болмайды

197.Голокринді түрде секрет бөлетін без + май безі

198.Апокринді түрде секрет бөлетін без +сүт безі

199.Апокрин типті секрет бөлетін бездердің жасушаларының ерекшелігі +Апикальді полюсі бұзылады

200.Мерокринді типті секрет бөлетін бездердің жасушаларына тән + құрылысы түгел сақталады

200.Мерокринді типті секрет бөлетін бездердің жасушаларына тән құрылысы +түгел сақталады

201.Жасушалары полярлы дифференцияланатын мына тіндердің қайсысы:+эпителий тіні

202.Жабынды эпителийдің қызметі қайсы:+қорғаныс

203.Аш ішектің тағамды сору қызметін атқаратыны белгілі. Осы эпителийдің түрін анықтаңыз+ бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті

204.Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы безді жасушасы қайсы: +бокал тәрізді жасуша

205.Көп қатарлы кірпікшелі эпителий мына мүшелердің қайсысында болады: +кеңірдекте

206.Кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған мүше:+ жатыр түтікшелері

207.Тін культивациясына көп қабатты эпителийдің жасушалары алынған: бірінші флаконда базальді; екіншіге – жылтыр, үшіншіге – тікенекті қабаттың, ал төртіншіге мүйізді қабаттың жасушалары енгізілген. Қай флакондағы жасушаларда көбею процесі байқалады:+бірінші флаконда

208.Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталған болса, бұл қай без:+күрделі

209.Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталмаған болса, бұл қай без:+қарапайм

210.Безден алынған препаратты Шифф – йод қышқылымен өңдеген кезде жасушасында көкшіл-қызғылт түске боялған секрет көрінеді. Бұл без секретінің химиялық құрамында мына компоненттердің қайсысы бар екенін анықтаңыз:+көмірсулар

211.Науқаста терісінің қызаруы және сол аймағының түлеуі анықталады. Зақымдалған аймағының шекарасы анық шектелген, әрі бұрыс пішінді.

Терінің берілген аймағында эпителидің қай түрі өзгеріске ұшыраған.+ Мүйізделген эпителий

212.Науқасқа диагностикалық мақсатта асқазанның шырышты қабығының биопсиясы жүргізілді. Биоптатты иммуноморфологиялық зерттегенде жасушалардың цитоплазмасында кератинді филаменттердің бар екендігі анықталды.

Қай тіннің жасушаларына зерттеу жүргізілді? +Эпителий тін

213.Химиялық өндіріс жұмысшылары улы түтінмен дем алатыны белгілі. Сол түтіннің әсерінен бронхтарындағы біршама кірпікшелі жасушалардың тіршілігінің жойғандығы анықталды.

Бұл эпителидің регенерациясын қай жасушалар жүзеге асырады?+ камбиальды

214.Науқас офтальмологқа шаңды дауыл алаңында ұзақ уақыт тұруынан кейін пайда болған көздің ауырсынуына шағымданып келді. Дәрігер қасаң қабықтың алдыңғы эпителиінің беткей зақымдануын анықтады.

Қай жасушалар беткей эпителидің регенерациясын қамтамасыз етеді?+базальды жасушалар

215.Науқаста мұрын қуысының шырышты қабығының ұзақ қабынуынан кейін эпителий өзгерістерге ұшыраған.

Мұндай жағдайда көбірек өзгеріске ұшырайтын мұрын қуысының эпителийін анықтаңыз.+кірпікшелі эпителий

216.Науқас травматологиялық пунктке сұқ саусақтың ашық сынығымен келіп қаралды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Зақымдалған тіндердің қайсысының регенерациясы басқасына қарағанда жылдам іске асады? +Тері эпидермисі



217.Препаратта жасушалары үш қабат түзіп орналасқан эпителий тіні берілген. Базалді қабаты базалді мембранаға бекінген, жасушалары дөңгелек пішінді. Аралық қабаты көпбұрышты жасушалардан түзілген. Үстіңгі қабаты бір-, екі- немесе үш ядросы бар ірі жасушалардан тұрады.

Препаратта эпителий тінінің қай түрі берілген?+ауыспалы эпителий

218.Тәжірибеде бірқабатты эпителидің базалді мембранасының өткізгіштігі бұзылған. Берілген өзгерістің жасушалардың тіршілігіне әсері қандай. +Жасушалардың өліміне әкеледі

219.Тәжірибеде тері эпителиінің бүтіндігі бұзылған.

Тері эпителиінің қай қабаттарының жасушалары регенерацияны қамтамасыз етеді?+базальды

220.Радиация әсерінен тері эпителиінің базалды қабатының жасушалары зақымдалған. Эпителидің қандай қызметі бұзылуы мүмкін?+ регенерациялық

221.Электроннограмада плазмолеммасы бүтін секреторлы жасуша көрінеді. Апикальді полюсінде секреторлы түйіршіктер орналасқан.

Электроннограмада секреторлы жасушалардың қай түрі берілген Мерокринді



222.Электроннограммада пішіні цилиндр тәрізді секреторлы жасуша берілген. Апикалді бөлігінде секреторлы түйіршіктер орналасқан. Бірнеше жасушалардың апикалді полюсі өзгеріске ұшырап, бұзылған.Электроннограмада секреторлы жасушалардың қай түрі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   408




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет