148.Триплеттегі нуклеотидтің өзгеруінен мағналы кодонның мағнасыз кодонға айналуына алып келетін гендік мутация
нонсенс
149.Репарацияның қандай түрінде зақымдалмаған комплементарлық тізбек қажет емес?
Жарықтық
150.Ядролық ақуыз-апоптоздың реттеуші немесе транскрипциялық факторы ДНҚ зақымданулары бар жасушаның бөліну үрдісін тоқтатып, апоптозды іске қосады. Қандай ақуыз апоптоздың көптеген гендерінің транскрипциялық факторы болып табылады?
P53
151.Көп жасушалы ағзаның онтогенздік даму кезеңіндегі морфогенетикалық үрдістерде және жасушалар санының реттелуінде жасушаның өлімі маңызды рөл атқарады. Эмбриональдық морфогенез барысында саусақаралық «жарғақтардың» жойылуында тиімді апоптоздың типі қандай?
Бұйрықты апоптоз
152.Әйелден жатыр ісігі алынды. Зерттеу нәтижесі ісік жасушасынан көп полюстерге шашыраған хромосомалармен митоз анықталды. Қай органоидтың бұзылысы?
Центросома/микротүтікше
153.Адам ағзасындағы өсіп келе жатқан ұлпаларда үздіксіз спецификалық ақуыздар синтезі қарқынды жүреді?
Рибосома
154.Науқаста ұйқы безінің автолизін туындататын панкреатит асқынуы. Бұл процесс қай органоидтың бұзылысы?
Лизосома
155.Бұл хроматиннің ұйымдасу деңгейіне төрт гистонды ақуыздар қатысады: Н2А, Н2В, НЗ, Н4. Олар сегіз молекуладан тұратын (әр гистонды ақуызының екі молекуласынан) ақуыз денешігін құрайды. Қандай хроматиннің тығыздалу деңгейі туралы сөз болып отыр?
Нуклесомдық жіпше
156.Бұл жіктелу хромосомалардың морфологиялық сипаттамалары: өлшемі, пішіні және бірінші реттік тартылыс-центромераның орналасуына негізделген. Хромосоманы мөлшері және иықтарының ара қатынасы бойынша жіктеудің түрі
Денверлік
157.Медициналық-генетикалық орталықта әр хромосоманың жұптарын анықтау үшін дәрігер дифференциалды бояудың Гимза әдісін қолданып, содан кейін барлық хромосомалар ақ және қара жолақтардың белгілі бір ретпен орналасуын анықтады. Қандай жіктелу туралы сөз болды?