Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет255/360
Дата27.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#129454
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   360
Байланысты:
Цитоплазма мен сыртқы ортада К , Na иондарын белгілі бір арақат-emirsaba.org

РНҚ-лы вирустар — ретровирустар. Ретровирустарда автономды репликацияға қажетті гендері болмайды. Сондықтан, вирустар жасушаға енгенен кейін иесінің ақуыздар жүйесін қолданады. Вирустар көбеюді бастау үшін ретровирустардың геномында міндетті түрде болатын ерекше геннің өнімі кері транскриптаза ферментін пайдаланады. Осы ферменттің көмегімен РНҚ-лы вирустар екі тізбекті ДНҚ молекуласына айналап, иесінің геномына ену арқылы өз гендері сияқты қызмет атқара бастайды. Нәтижесінде жаңа вирустардың түзілуіне қажетті ақуыздар мен РНҚ-лар синтезделеді.
  • Сондай-ақ, кейбір ретровирустарда иесінің жасушасын трансформациялауға қабілетті ерекше вирустық онкогендер деп аталатын гендері болады.


  • Ең алғаш онкоген - Srс гені 1981 жылы Раус саркома вирусында табылған. Бұл жаңалық жасушаның кейбір вирустармен зақымдалуынан олардың ісікке трансформациялану механизмін түсіндіруге мүмкіндік берді. Ісік жасушаларының дамуы вирустардан емес олардың геномындағы онкогендерден екендігі белгілі болды. Ісіктік вирустар өздігінен ракке алып келе алмайтындығы белгілі болды. Олар жасушаның генетикалық аппаратына онкогенді енгізу арқылы қатерлі ісіктің қалыптасуына алып келеді.


  • Ісіктер жасушалардың бақыланусыз бөлінуімен сипатталатын, гендік аурулардың ерекше тобы болып табылады. Ағзада таралу қабілетіне қарай оларды екі топқа бөледі: қатерсіз және қатерлі.




  • Қатерсіз ісік (фиброма, липома, миома, ангиома, невринома, хондрома, остеома, папиллома, аденома, базалиома және т.б.) өсуі баяу және өз ұлпасының аймағынан шықпайды, көрші ұлпаларға енбейді, инвазивті өспейді және метастаз бермейді. Ісік өсінділерінде тамырлар болмайды, сондықтан қорек жеткіліксіз болғандықтан жасушалар тоқтаусыз бөлініп, көбеюіне қарамастан, қартайған жасушалардың өлуі арқылы бұл үрдіс реттеліп отыруы нәтижесінде ісік өспейді.


  • Қатерлі ісік дегеніміз (фибросаркома, липосаркома, лейомиосаркома, аденокарцинома, тегіс жасушалы рак, хорионкарцинома және т.б.) белгілі ұлпарға еніп өсуге (инвазивті) қабілетті және екіншілік ісіктердің (метастазға) пайда болуына алып келетін, ағзаның басқа бөліктеріне орын ауыстыру қабілетеріне ие.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   360




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет