Жауабы:пероксисома
56.Жас отбасында ақаулықпен қыз бала туылды. Цитогенетикалық талдауда:он бесінші хромосоманың ұзын иығының бірінші ауданының үзілгені анықталды
Жауабы:46ХХ;15q13del
57.Осы жазбаға сәйкес келетін ұл баланың кариотипін анықтаңыз, төртінші хромосоманың ұзын иығының бірінші ауданының екінші сегментінің инверсиясы
Жауабы:46,XY,inv 4q1.2
58.Жылағаны мысықтың мяуына ұқсас дауыс ырғағымен туылған балада Мысық айқайыт синдромы көрініс берді. Зерттеуден кейін бұл баланың қариотипі хромосоманың қысқа иығының делециясы екені анықталды. Денвер классификациясы бойынша бұл хромосома қандай топқа жатады?
Жауабы:в тобы
59.Нуклеотидтер тізбегінің қайталанатын үлесінің болуымен сипатталатын хроматин түрін анықтаңыз?
Жауабы:гетерохроматин
60.Жасанды ортада өсіріліп жатқан ісік жасушаларын колхоцинмен өңдеу бөліну ұршығын түзетін тубулин ақуыздың синтезін тоқтатады. Жасушалық циклдың қай кезеңі бұзылады?
Жауабы:митоз
61.Мидың ақ затының орнында сұр зат анықталды. Қандай жасушалық механизмнің бүзылысы осы ақаудың пайда болуына әкелді?
Жауабы:миграция
62.Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6*10-9мг тең. Овоциттердегі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыз?
Жауабы:3*10-9мг
63.А және Д гендерінің ара қашықтығы 16 морганоид, ал В гені А генінен 5 морганоид қашықтықта орналасқан. В және Д гендерінің арасындағы кроссинговердің жиілігі қанша?
Жауабы:11
64.Жасушалардың мамандану үдерісі олардың құрылымының өзгеруімен бірге жүреді және белгілі бір гендердің белсенділігіне байланысты болады. Осы үдеріс қайсысына сәйкес келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |