Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет247/340
Дата28.11.2023
өлшемі9,47 Mb.
#130742
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   340
Байланысты:
Цито Сарыағаш-2

p53 және Rbантионкогендері жақсы зерттелген.
Ретинобластомада (жиілігі — 20 мың баланың ішінде біреуінде) Rb генінің қызметінің тоқтауы байқалады. 60% жағдайда ретинобластома спорадикалды түрде дамиды, ал 40% жағдайда аутосомды-доминантты түрде тұқым қуалап беріледі. Rb генінің тұқым қуалайтын ақаулығы жағдайында, екінші аллелі қалыпты, сондықтан ісіктің дамуы тек екінші (қалыпты) аллелде қосымша мутация болған жағдайда жүруі мүмкін. Спонтанды түрде дамитын ретинобластомада Rb геннінің қызметінің тоқтауы екі алеллді де бірдей қамтиды (3-сурет).



3-сурет. Ретинобластоманың тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын түрлерінің даму механизмдері.
Қалыпты жағдайда Rb гені ретинбластоманың супрессоры болып, оның дамуын тежейді.
Ісіктің ең маңызды суресорларының бірі р53 (массасы 53 илодальтон, кД) гені болып табылады. Оның көптеген (3400 астам) аллелдері бар. Адамдардағы барлық рактың жартысына жуығы р53 генінің мутантты аллелдеріне байланысты болады.
р53 гені ДНҚ қызметі және құрылымы бұзылған жағдайда, жасушалардың бағдарланған өлімі- апоптозбен аяқтайталатын сатылы механизмдерді іске қосады.
Р53 генінің мутациясы өзгерген жасушаларда апоптоз үрдісінің дұрыс жүрмеуімен олардың тірі қалып, пролиферациялануына, яғни рак жасушасына трансформациялануға алып келеді.
Сүт безі рагінің гендері BRCA1 жәнеBRCA2 де супрессорлық гендер болып табылады. Бұл гендердің мутациялары әйелдерде сүт безі рагінің тұқым қуалайтын түріне және жұмыртқа безінің рагіне алып келеді.
Аталған, онкогенезге алып келетін гендермен қатар, ДНҚ репарациясы гендерін де айта кету керек. Бұл гендер жүйесіндегі өзгерістер жасушаның гендік мутацияларға бейімділігін арттырып, ісіктік үдерістің басталуына негіз болатын, геномның тұрақсыздығына алып келеді. Аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын гендік ауру-пигменттік ксеродерма, ДНҚ репарациясының бұзылыстарының ісік үдерістерімен байланыстылығын көрсетеді.
Қалыпты жасушалық штаммдармен салыстырғанда аномальды рак жасушаларында телофераза ферменті белсенді болғандықтан, тіршілігін жоймайды және қартаймайды. Адамдардағы онкомаркер ретінде аталған ферменттің белсенділігін анықтауға болады. Теломеразаның белсенді болуы, рак жасушаларының пролиферациясына қажет болуы мүмкін.
Канцерогенез себептерін зерттеуде вирустар үлкен орын алады. Адамдарда белгілі бір рак типтерінің дамуы ДНҚ-лы вирустармен байланысты.
Адамдарда рактың дамуына алып келетін ДНК-лы вирустарды 4 топқа жіктеуге болады:
1. Папилломалардың (папилломавирустар) дамуына алып келетін вирустар. Папилома вирусы жатыр мойны рагіне алып келуі мүмкін;
2. Лимфоманың дамуына лаып келетін Эпштайн-Барр (EBV) вирусы;
3. Бауыр рагіне алып келуге қабілетті гепатит В (HBV) вирусы;
4. Капоши (KSHV)саркомасына алып келетін герпесвирусы.
ДНҚ-лы вирустардың ісікке алып келу механизмдері өзгеше болады. Оның геномы, нақтырақ айтсақ, жеке гендері - онкогенді папова вирустардың өнімдері жасушаның бөлінуін тежейтін, пролиферацияның реттелуіне қатысатын ақуыздармен байланысып, алардың белсенілігін тоқтату арқылы жасушаның бақылаусыз бөлінуіне жағдай жасайды. ДНҚ-лы вирустардың трансформациялық белсенділігі олардыңң ие жасушасының геномына ене алу мүмкіндігімен байланысты. Вирустың жасуша геномына енген жері тұрақты болады. Бұл ісіктің шығу тегінің моноклоналды болуын анықтайды.
РНҚ-лы вирустар — ретровирустар. Ретровирустарда автономды репликацияға қажетті гендері болмайды. Сондықтан, вирустар жасушаға енгенен кейін иесінің ақуыздар жүйесін қолданады. Вирустар көбеюді бастау үшін ретровирустардың геномында міндетті түрде болатын ерекше геннің өнімі кері транскриптаза ферментін пайдаланады. Осы ферменттің көмегімен РНҚ-лы вирустар екі тізбекті ДНҚ молекуласына айналап, иесінің геномына ену арқылы өз гендері сияқты қызмет атқара бастайды. Нәтижесінде жаңа вирустардың түзілуіне қажетті ақуыздар мен РНҚ-лар синтезделеді.
Сондай-ақ, кейбір ретровирустарда иесінің жасушасын трансформациялауға қабілетті ерекше вирустық онкогендер деп аталатын гендері болады.
Ең алғаш онкоген - Srс гені 1981 жылы Раус саркома вирусында табылған. Бұл жаңалық жасушаның кейбір вирустармен зақымдалуынан олардың ісікке трансформациялану механизмін түсіндіруге мүмкіндік берді. Ісік жасушаларының дамуы вирустардан емес олардың геномындағы онкогендерден екендігі белгілі болды. Ісіктік вирустар өздігінен ракке алып келе алмайтындығы белгілі болды. Олар жасушаның генетикалық аппаратына онкогенді енгізу арқылы қатерлі ісіктің қалыптасуына алып келеді.
Ісіктер жасушалардың бақыланусыз бөлінуімен сипатталатын, гендік аурулардың ерекше тобы болып табылады. Ағзада таралу қабілетіне қарай оларды екі топқа бөледі: қатерсіз және қатерлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   340




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет