Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет248/340
Дата28.11.2023
өлшемі9,47 Mb.
#130742
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   340
Байланысты:
Цито Сарыағаш-2

Қатерсіз ісік (фиброма, липома, миома, ангиома, невринома, хондрома, остеома, папиллома, аденома, базалиома және т.б.) өсуі баяу және өз ұлпасының аймағынан шықпайды, көрші ұлпаларға енбейді, инвазивті өспейді және метастаз бермейді. Ісік өсінділерінде тамырлар болмайды, сондықтан қорек жеткіліксіз болғандықтан жасушалар тоқтаусыз бөлініп, көбеюіне қарамастан, қартайған жасушалардың өлуі арқылы бұл үрдіс реттеліп отыруы нәтижесінде ісік өспейді.
Қатерлі ісік дегеніміз (фибросаркома, липосаркома, лейомиосаркома, аденокарцинома, тегіс жасушалы рак, хорионкарцинома және т.б.) белгілі ұлпарға еніп өсуге (инвазивті) қабілетті және екіншілік ісіктердің (метастазға) пайда болуына алып келетін, ағзаның басқа бөліктеріне орын ауыстыру қабілетеріне ие.
Рак жасушаларының қасиеттері:
1) Рак жасушаларының негізгі қасиеті оларда жасушаның бөлінуін тежеуші механизмдер мен факторлардың болмауына байланысты тоқсаусыз және бақыланусыз бөлінуі. Кез-келген рак шексіз өсуге қабілетті.
2) Автономдылығы –ісіктер көрші ұлпаларға тәуелсіз болады. Қалыпты даму кезінде ұлпалардың бір-бірімен өзара әсерлесіп, өз аймақтарынан шықпайды. Қатерлі ісіктер бұл әсерді сезбейді.
3) Қатерлі ісіктің келесі қасеиті – жасушалардың тіршілігін жоймауы, ал қалыпты жасушалардың тіршілік циклі бағдарланған өлім- апоптозбен аяқталады. Ісік жасушаларының бөліну шегі ағзада да және ағзадан тыс та жүре береді.
4) Қатерлі ісіктің маңызды және міндетті белгісі моноклоналдығы. Қатерлі ісік генетикалық өзгерген бір жасушадан дамиды. Оның ұрпақтары осы өзгерген бір жасушалардың көшірмесі (клондары) болып табылады.
5) Метастаз беру –бұл өзі метастаздарды қалыптастыру үрдісі. Ісік өсудің нәтижесінде оның жеке жасушалары бөлініп, қанға, лимфаға түсіп, басқа тіндерге тарайды. Онда екіншілік (жаңа) ісіктерді түзеді. Бұл метастаздардың құрылымында әдетте бастапқы пайда болған ісіктен айырмашылық болмайды. Тек қатерлі ісік ғана метастаз береді, ал қатерсіз ісік метастаз бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   340




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет