АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ « ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
КАФЕДРА « ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
ПӘН: «Тамақ өнімдерін сақтау технологиясы»
СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: «Цитрусты жеміс түрлері,химиялық құрамы,қасиеті,сақтау технологиясы және олардың сапасын сараптау.Сақтау кезінде түзілетін ақаулар мен ауру түрлері»
ОРЫНДАҒАН: ТОП 20-13 Садуахас Жаннұр
ТЕКСЕРГЕН: Сыздыкова Л.С.
АЛМАТЫ 2023ж
Цитрус -(ағылш.Cіtrus)-рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктердің үлкен тобы. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссуларға қосылады.60-тан астам түрі,түр тармағы бар. Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі. Негізгі шыққан жері - Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия. Жабайы түрінен сақталып қалған - нағыз лайм (C. aurantіfolіa), тек Гималайда өседі және танкан (С. tancan) тек Тайванның ормандарында кездеседі.15-тен астам түрі мәдени өсіріледі.
Цитрус жемістерінің түрлері
Мандарин
Апельсин
Лимон
Грейпфрут
Лайм
Клементин
Танжело
Угли және т.б. жатады.
Цитрустің биіктігі 4-12 кейде 20 м-дей болады. Барлық түрінің бұтақтары тікенді, жапырақтары қандауыр тәрізді,қалың. Гүлдері қосжынысты, жапырақ қолтығында дара не кішкене гүл шоғырына топталған, ақ түсті (тек лимон мен цитронда қызғылттау), хош иісті. Жәндіктермен тозаңданады, кейде өздігінен де тозаңдана алады. Жемісі - көп ұялы жидек. Тұқымы көп, әдетте 32, кейде одан көп болады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликер, лимонад,т.б.) қосады. Жеміс қабығындағы, гүліндегі, жапырағындағы эфир майы парфюмерияда пайдаланылады.
МАНДАРИН