CөЖ №5 Тақырыбы: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы Группа: иф-201 Орындаған



бет2/5
Дата04.11.2023
өлшемі38,81 Kb.
#122180
1   2   3   4   5
Түйсіктің түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Тітіркендіргіш пен рецепторлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистактық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жатады.
І. Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген түсінік осындай тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады. Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің ұзындығы — 390-780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). Осы арқылы жарық толқындарын бір-бірінің түрлі сипаттарына қарап айыруға болады.
а) Толқынның ұзындығы оның бір секундтағы шайқалу санына байланысты. Шайқалу жиілей түссе, толқынның ұзындығы қысқара береді, шайқалу саны азайған сайын толқынның ұзындығы арта бастайды. I секундта ең аз шайқалатын ұзын толқындар қызыл түсті көрсетеді, көп шайқалатын ең қысқа толқындар күлгін түсті бейнелейді.
ә) Жарық толқындары шайқалу амплитудасы арқылы бір-бірінен айрылады. Бұл толқынның энергиясына байланысты. Шайқалу амплитудасынан біз түстің анықтығын байқаймыз.
б) Жарық толқындарының түріне қарап, бір-бірінен айыра аламыз. Жарықтың түрі түрлі ұзындықтағы толқындардың өзара араласуынан туады. Түстердің қою-лығы жарық толқындарының түріне қарай болады.
Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс – ең жарық түс, қар түс жырықтығы ең төменгі түс болып саналады. Түстердің өңі дегеніміз – бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы – жарықтығы бірдей сұр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс – қызыл түс.
Көру мүшесі – көз. Оның негізгі бөлімі – көз алмасы. Көз алмасының ішкі ортасын толтырып тұрған мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабық бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа (роговица) айналады. Көздің торлы қабығына (сетчатка) жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың, астыңғы екінші кабығы — тамырлы қабық.Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабықдеп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке (бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашықорналасқан. Торлы қабықта жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Онда130 млн-ға жуық таяқша, 7 млн-дай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оның шеткі жағына орналасқан. Таяқша клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарық әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру жүйкелерін қоздырып отырады. Рецептор құрылысынан табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері - таяқша пигменті - родопсин, шақша пигменті - иодопсин. Көру мүшесі үшін көмекші анатомиялық аппараттарда (бездер, қабық, кірпік, қас, т.б.) тиісінше түрлі қызметтер атқарады. Заттардың түстерін көру «үш түс теориясы» деп аталатын теорияға негізделеді. Бұл теорияны алғаш рет 1756 жылы ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов ашқан болатын. 100 жылдан кейін оның көзқарасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц жақтап шықты. Бұл теория бойынша көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олар жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезінеді. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр клеткалар қозса, онда жасыл түсті түйсін пайда болады. Ал үшінші жұмыр клеткалардың қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын болса, адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса, аралық түстерді түйсінеді. Көру талдағышында ми қабығындағы көру орталықтары айрықша рөл атқарады. Көру орталықтары мидың желке тұсында орналасқан. Көз алмасында сыртқы әсерлерден пайда болған қозу осы орталықтарға жеткенде ғана көру пайда болады. Шындықты жоғары деңгейде талдау мен біріктіру талдағыштардың осы бөлімінде өтіп жатады. Көру жүйкесінің торлы қабықта байланысқан жерін соқыр дақ деп атайды Торлы қабықтың бұл жерінде сезгіш элементтер кездеспейді, егер де қарап тұрған заттың сәулесі дәл сол жерге түссе, адам ештеңе көре алмайды. Қасаң қабықтың сезгіштік күші — сары дақ, ондағы шашалардың жиналған жері — орталық шұңқыр деп аталады. Адам көру үшін қарап тұрған объектісінің сәулесін сары даққа түсіруге тырысады. Ол үшін көзімізді ылғи қозғай береміз, сөйтіп заттың барлық бөлшектерін бейнелеп аламыз. Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау керек. Бұл заңдылықты конвергенция деп атайды. Көз конвергенциясы жаңа туған нәрестеде болмайды, алғашқы күндері оның екі көзі екі жаққа қарап жатуы мүмкін. Көп ұзамай бөбек көзін бір объектіге тоқтата алады. Бір объектіні екі көзбен қарай отырып көру түйсігін бинокулярлық көру дейді. Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Енді біреулер түстердің әр түрін жекелеп көре алмайды Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Көздің осындай кемістігін дальтонизм дейді. Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5% дальтондық болса, әйелдер 0,5%-ей ғана. Дальтондық адамдар машина жүргізсе, жол апатына ұшырауы мүмкін. Сондықтан түсті көрсететін сигналы бар жерге қызметке орналасу үшін ондай адам арнайы сыннан өтуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет