CөЖ №5 Тақырыбы: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы Группа: иф-201 Орындаған



бет3/5
Дата04.11.2023
өлшемі38,81 Kb.
#122180
1   2   3   4   5
ІІ. Есту түйсігі.Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын — ауаның толқындары. Ауа толқыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын (кұлашын) және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секундта өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқыннын жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді. Жануарлардың дыбысты сезгіштігі адамнан асып түседі. Мысалы, насекомдар 80000 герцке жететін ультрадыбыстарды түйсіне алады. Жарқанат ұшқанда қанатымен ультрадыбыс шығарады. Ультрадыбыстардың айналадағы заттарға соғылып қайтқан жаңғырығын жарқанат түйсіне алғандықтан, тасқараңғы бөлмеде ештеңеге соқтықпай, ұшып жүре береді. Тәжірибелік зерттеу нәтижелер арқылы жарқанаттың ми бағанасындағы есту орталықтарының адамның миындағы сондай бөлімдермен салыстырғанда 100 есе артық дамығаны байқалады. Есту түйсігі дыбыс шығаратын заттың периодикалык тау периодикасыз да тербелуінен тууы мүмкін. Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Мысалы, ән айту, саз аспаптарының дыбыстары музыкалық, құлаққа жағымды дыбыстарға жатады. Тұрақсыз жиілікпен шайқалудан туған дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталады. Мұндай дыбыстарға түрлі сықыр-сыбдырлар мен тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады. Дыбыстың тембрі қосымша дыбыс шығаратын мүшелердің 1 сек., ішіндегі тербеліс саны мен амплитудасына байланысты болады. Музыкалық аспаптар мен адам даусының өзіндік үнін тембр дейді. Тембр ауа толқынының шайқалу түріне байланысты. Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарынан әсер етсе, ол дыбыстар бір-біріне қосыльш кетеді. Мәселен, пианиноның үш клавишасын (до, ми, соль) бірдей бассақ, олар үндесіп, аккордқа айналады, Біз түйсінетін дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі - консонанс (үйлесімді, жағымды), жағымсызы (үйлесімсіз, жағымсыз) — диссонанс деп аталады. Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2) орта құлақ; 3) ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің физиологиялық күші ерекше. Кейбір жануарларда қалқан бұлшық етінің де рөлі күшті. Оны біз құлағын қайшылап тұрған аттан, дыбысқа құлағын тігетін иттен байқаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда бұлақ шығаратын бездер болады. Есту жолының ұзындығы — 2, 5 см. Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше — дабыл жарғағы. Ол нәзік (0, 1 мм) болғанымен, өте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді. Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден — балғашық, төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның жарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады. Үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді. Ортаңғы құлақтың қуысы евстахий түтігі арқылы кеңсірік, жұтқыншақпен жалғасады. Осы түтікпен өтетін ауа дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымын теңестіріп отырады. Егер екі жағындағы ауа қысымының теңелуі бұзыла бастаса, есту де нашарлай бастайды. Ал екі жақтың қысымы күшейіп кетсе, дабыл жарғағының жыртылуы мүмкін. Мәселен, атыс кезіндегі өте күшті (200 децибел) ауа толқыны жарғақты жыртып жібереді. Ондайдан сақтану үшін оқ атылғанда ауызды ашу керек, сол кезде евстахий түтігінен орта кұлаққа енген ауа мен атмосфералық ауаның қысымы теңеседі. Ішкі құлақтың құрылысы өте-мөте күрделі. Ішкі құлақты кейде лабиринт деп те атайды. Құлақтың бұл бөліміне, ең алдымен, спиралдық сүйектен құрылған иірім түтік (улитка) жатады. Бұл — өзінің негізгі бел ағашынан бастап екі жарым айналым жасайтын ирек қуыс. Осы қуыс ұзынынан тартылған перде арқылы екі каналға бөлінеді. Қаналдың біреуі үзеңгінің табаны жауып тұратын сопақ тесіктен басталады. Иірім түтік арнасын екіге бөліп тұратын перденің бір бөлігінде негізгі мембрана орналасқан. Негізгі мембрана әр түрлі ұзындықтағы көлденеңінен керілген 24000-дай жүйке талшықтарынан құрылады. Үстіне иілген доға сияқты сезімтал нейрондары бар осы талшықтарды физиологияда корти органы деп атайды. Иірім түтігі ішінде есту процесін іске асыруға жәрдемдесетін эндолимфадейтін сұйық зат болады. Адам денесінің кеңістіктегі қалпын және қимылын түйсініп отыратын мүше бар. Ол - жартылай имек каналдар. Олардың міндеті - денеміздің тепе-тендігін сақтау.Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы — дыбысты сүйек арқылы есту. Мәселен, құлаққа мақта тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіңе тақасаң, дыбыс айқын естіледі. Сондай-ақ, бұл камертонның дыбысын оны тістеп тұрып та естуге болады. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі. Мысалы, қатты шыққан дауыстарды, жай сөздерді су астында бұғып отырып та ести аламыз. Тіл есту талдағышының дамуына күшті әсер етеді. Ана тілінің дыбыс құрылымындағы нәзік айырмашылығын ажырату — адамның жастайынан бергі негізгі қажеті. Есту түйсігін дамытуға баланың жас кезінен бастап қамқорлық жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала сөзінің нақышты болуы мен оның әр сөзді дұрыс айтуы да есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдетте, бала ақыл-ойының дұрыс дамымай, көңілінің жабырқау болуын, сабақ үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүкістігінен деп санау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет