Corel Draw және басқалары



бет2/3
Дата09.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#36587
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
corel DRAW лекция

Corel Draw 8-9


Corel Draw пакеті әрқашанда мықты әсер қалдырады.Бұл жолы олар өз құрамына көптеген программалар қосты, оның қатарнына Corel Photo-Paint еңеді.Бұл пакет мықты құрал-саймандармен қамтылған,одан соң пакеттің бұл жаңа бөлімінде интерфейсі жақсартылған,және сурет салу құралдары қолданыста ыңғайлы болып отыр.Ал жұмыс Web-қа қатысты болса онда бұл жағдайда Corel Draw CorelXara-дан қалып қояды,бұл кезде екіншісінің мүмкіндіктері артық болып келеді.
Corel Draw графикалық редакторында мәтінді өңдеуге арналған құралдары бар.Оның мүмкіндіктер басқа да мықты редакторларға қарағанда үлкен болмаса да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті. .″Лупа″ құралы болса көптеген эффектлер жасай алады. Photoshop-тың екі және үшөлшемді эффектлерін қолдана отырып суретте алуан түрлі өзгерістерді іске асыруға болады.Пиксельдерді редактрлеу кезінде Corel Draw Corel Photo Paint-қа автоматты түрде ауысып отырады.Онымен қатар ол масштабтаудың базалық мүмкіндіктері мен өлшемнің динамикалық орнату құралдарымен қамтылған.Ол екі типті мәтіндік объектлер, яғни Corel Draw мәтіндік объектлерінің 2 түрін шығара алады: қалыпты мәтін (Paragraph) және артистикалық мәтін (Artistic).
Артистикалық мәтін негізінен әдемілеп,көркемдеп жазу үшін арналған.Оның режимінде жұмыс істеу үшін құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмманы шерту керек.Ал егерде мәтінге көп жазу жазылатын болса онда Paragraph форматын қолданған жөн.Мәтін объектісіне әртүрлі эффектлерді қолдануға болады:масштабтау,созу,қысу,айналдыру. Corel Draw экранға болып жатқан өзгерістердің бәрін көрсетіп отырады.
СМҮК модельдерімен жұмыс барысында Corel Draw көптеген келеңсіз жағдайларға келіп тіреледі,яғни ол бұл модельмен жұмыс жасауға әлі толық түрде дайын емес.Оған қарамастан программа түсті басқару жүйесі Kodak CMS-пен жұмыс істей алады.Өзінің мықты құрал-саймандарына қарамастан оның беттердің баспаға сәйкессіздігі себебінен мүмкіндіктері шектеліп отырады.Ал енді Corel Xara программасының жұмыс барысы жайында айта кетелік.
Corel Xara 1.5
Corel Xara 1.5 — жаңа заманның технологиялары қарастыратын прграммалардың бірі болып табылады.Онымен жұмыс істеу өте қарапайым болып табылады. Ол ең біріншіден парақ бетінде графикалық кескін салуға пайдаланылады.Бұл программа суреттермен қазіргі заман талаптарына сай болып келетін көптеген эффектлер жасай алады.Бұл программа Corel Draw 7 редакторынан озып отыр.Векторлық графиканы масштабтау арқасында растрлық мәтіндердің екіөлшемді түрлері үшөлшемді сияқты болып көрінеді.Оның интерфейсі өте әдемі де қарапайым.Үстінгі қатардағы пиктограммалары әрқашан қолданысқа ыңғайлы болатын түрде орналасқан.Corel Draw редакторына қарағанда бұл программа ыңғайырырақ болып отыр.Бірақ та біріншісінің де артықшылықтары бар.
Web графикасы үшін қазір ең мықты құралдармен жабдықталған редакторлар ретінде Corel Xara болып табылады,ол Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer үшін браузердің ішінде болса да сурет масштабын 25000 %-ға үлкейтуге мүмкіндік береді.Ол бүкіл өзгерістерді тез арада экран бетіне көрсетіп отырады.Файлдың ыңғайлылығы мен жеделдігінің арқасында векторлық графика үшін Web-парақтарында жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді.
Corel Xara пакетіне Web палитрасы да қосылған оның көмегімен ол анимациялық файлдар жасай алады.Анимациялық суретті Greate Bitmap Copy және Arrange құралдары арқылы бірнеше рет өзгертумен жасап шығаруға болады.GIF анимациялық файлдары сыртқы программалық модульдің болуын қажет етпейді ол автоматты түрде броузердің өзінде іске қосылады.
Corel Xara программасының мүмкіндігі шектелген болса да, басқа жағдайларды алып қарасақ бұл программа өзіне тең дәрежедегі программалар жоқтығына күмән келтірмеуге болады.Егерде қиын оригинал-макеттерін жасау қажет болса,не болмаса адам сурет салу пакеттерімен жұмыс жасауда жаңадан келсе онда бұл редактор өте жақсы толықтыру құралы ретінде роль атқара алады.
Canvas 5
Сурет салу мүмкіндіктері,растрлық суреттерді құрастыруды,бір программада бетті редактрлеуді біріктіргісі келіп Deneba Systems фирмасы Canvas 5 пакетін жасап шығарды,ол программа болса көптеген функцияларға ие болса да оны дұрыс қолдана алмайды.Canvas 5 пакетінің мүмкіндіктері көп десек те онымен жұмыс барысының басында сіз жасағыңыз келетін құжат типін таңдау тура келеді.Таңдаған типке байланысты – Presentation, Publication, Illustration-сізде әртүрлі мүмкіндіктер мен шектеулер болады,ал бұл пакет біреуінен екіншісіне ауысуға мүкіндік береді,бірақ бұл өте баяу іске асадыы. Illustration құжаты бір бет ішінде ғана орналаса алады,бірақ соған қарамастан бірнеше қабаттан болуы мүмкін, Publication құжаты болса бірнеше парақтардан тұрып бір ғана қабаттан тұрады.Және егер де сіз Publication жұмыс режимінен Illustration жұмыс барысына ауыссаңыз, онда тек Publication құжатының бірінші бетін ғана көре аласыз. Canvas 5 пакеті LOGO.EPS. файлын импорттай алмайды,ал басқа пакеттер болса оны импорттай алады.Бірақ онда сурет салу жеңіл және ыңғайлы.Ал егер программада қателер кетсе онда ол экран бетіне суретті бұзылған күйінде көрсетеді.Техникалық иллюстрациялар жасаған кезде оның құралдары өте ыңғайлы.Бұл пакет растрлық кескіндерді пикселдер деңгейінде ең бірінші болып салған болатын.Ол қазіргі кезде жаңадан мықты құрал-саймандармен толықтырылды.Енді бұл редакторда сурет фильтрлері бар,және де түс арнасын жөндейтін құралдары бар.Бірақ FreeHand-тен айырмашылығы мұнда Photoshop-тың сыртқы модульдері жоқ,бірақ та бұл пакет оның кей бөліктерін қолдана алады.Және де Corel Draw-дағы сияқты арнайы эффектлері болмайды.
Canvas-тың Web-браузерлері үшін сыртқы модульдері болмайды,бірақ ол GIF және JPEG файлдарын экспорттай алады.Ең соңғы айта кетер жәйт-егер де техникалық кескіндерді,сызбалар салу керек болса Canvas редакторын өте ыңғайлы пакет ретінде қолдануға болады,өйткені ол мұндай суреттерді безендіруде өте қолайлы болып табылып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет