Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы



жүктеу 5.54 Mb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі5.54 Mb.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» 

ғылыми-әмбебап кітапханасы 

 

 

 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

  

 

 

 

 

Қазақ хандығына – 550 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент -2014ж.

 

 



Оқырманға 

Оңтүстік Қазақстан облысы «Отырар» ғылыми әмбебап 

кітапханасы ұлттық тарихымызды ұлықтау мақсатында «Қазақ 

хандығына 550 жыл» толуына  байланысты биобиблиографиялық  

көрсеткіш ұсынады. Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлытауда» сөйлеген сөзінде 

«Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан 

басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан 

кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп хандық дәуірге ұласып, кейін 

біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз 

бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола 

қалған халық емеспіз деген еді. Қазақ хандығы өмір сүрген тарихи 

кезең еліміздің тарихында – қазақ хандығы дәуірі, немесе жай ғана 

хандық дәуір деп аталады. Бұл дәуір өз ішінде бірнеше кезеңдерге 

бөлінеді. Әр кезеңнің тарихымызда алатын өзіндік орны мен 

маңызы бар. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз аяққа 

тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ мың өліп мың 

тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал қазақ хандығының 550 

жылдығын атап өту сол азаттық сыйлаған бабаларға деген 

құрмет болса керекті. Биобиблиграфиялық көрсеткішті 

құрастыруда кітап, газет – журнал мақалалардың шежірелері, 

интернет сайттары пайдаланылды. Қазақ хандары туралы 

жазылған кітаптар мен естеліктер, мәліметтер әліпбилік ретпен 

орналастырылды. Көрсеткіште қазақ және орыс тілдерінде 

жарық көрген материалдар алынды. 

Биобиблиографиялық көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, 

студенттерге, кітапханашыларға және көпшілік оқырманға 

арналады. 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ 

ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫ - қазақ  халқының тұңғыш 

мемлекеттік кұрылымы (шамамен 1456-1847 ж.ж.). 

Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, 

Түркістан, Созақ тaғы басқа калалар болды. Қазақ 

хандығы XIV-XVғасырларда Алтын Орда (кейіннен 

Әбілхайыр хандығы немесе көшпелі  өзбектер мемлекеті) 

Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін кұрды. 

Жетісуда Шағатай ұрпақтары билік жүргізген Моғолстан  

хандығы өмір сүрді. Жаңадан кұрылған ұлыстар өз ішінде     

билікке таласты, сондай-ақ бip-бipiмeн керуен жолдары 

мен жайылымдық жерлер үшін үздіксіз coғыс жүргізді). 

Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына 

келуі қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы 

көшпелі, жартылай көшпелі Орталық Қазақстан даласы 

мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы 

диқандарымен шаруашылық  байланысының дамуы  бұл 

кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани 

мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың 

бауырласуына, ақыры қазақ халқының бірігуінің толық 

аяқталуына оның кейбір бөліктерінің  оқшаулануы, тарихи 

кезеңдерде қалыптасып шаруашылығы дараланған үш 

аймаққа, яғни жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Kiшi жүз) 

бөлінуі, қазақтың  ру-тайпаларының бірнеше мемлекеттің 

құрамына енуі кедергі жасады. Ел ішіндегі ел өзара 

қақтығыстар мен соғыстар, көршілес ойрат (қалмақ) 

тайпаларының, Мәуреннахрды билеген Teмip әулеті 

билеушілерінің жаугершілік саясаты бұлардың арасын 

алшақтата берді. XVғасырдың орта шенінде тұрақты 

біртұтас мемлекеттің қажеттілігі айқын сезілді. 

Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар 

жерінің, шаруашылығының біртұтастығын сақтай 

алатын еді. 

Мұндай жағдайға әуелі қазақтың қалың бұқарасы – 

көшпелі малшылар мен  Оңтүстік-Шығыс Қазақстан 

ойпатын  мекендеген диқандар мүдделі болды. Мұның екеуі 

де өнімді еңбектен қол үздірген өзара қырқысқан қақтығыс 

пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын 

күшті мемлекет кажет болды. XV ғасырдың 50-60 

жылдарында Орталық және Оңтүстік Қазақстанды 

мекендеген қазақтың кейбр ру-тайпаларының (Мұхаммед 

Хайдар Дулаттың дерегінде 200 мыңдай адам) Әбілқайыр 

кол астынан бөлініп, Батыс Жетісуға қоныс аударуы 

осындай мемлекеттің - Қазақ хандығының құрылуына 

тікелей ұйытқы болды.Әбілқайырдың қарсыластарын 

Орыс ханның шөбересі, Ақ Орданың билеушісі Барақ  

ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей сұлтандар 

бастап келді. Олар Моғолстан  ханы Есенбұғамен одақ  

құрды. Есенбұға одақ  құрып, жер бөліп беруде Моғолстан 

билігіне таласқан бауыры Жүніс ханға  қарсы тірек іздесе, 

арысы өз иелігін Әбілқайыр мен Темір әулетінің 

ұрпақтарынан, қалмақ басқыншыларына кауіпсіздендіру 

еді. 1462 жылы Есенбұға дүние салғаннан кейін 

Моғолстандағы билік дағдарысы қазақ  сұлтандарына 

өздері иемденіп отырған Жетісу жерінде жеке саяси 

бірлестік құруға жағдай туғызды. Қазақ хандарының 

ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңін «Тарих-и 

Рашидидің» авторы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат 

«1465-66 жылдар» деп жазған. Қазақ  хандығы алғаш 

Батыс Жетісуда (Шу, Талас ойпаты) кұрылды. Жошы 

әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті 

Қыпшақты билеу жолындағы күpeci 1468 жылы Әбілқайыр 

өлгеннен кейін қайтадан өpшідi. Oғaн жергілікті халық пен 

ауып келушілерден едәуір әскери күш жинаған және 

Жетісуда бepiк тылы бар Жәнібек пен Керей де косылды. 

XV ғасырдың ақырында Жәнібек хан мен Керей хан, кейін 

Бұрындық хан мен Қасымхан (XVI ғасырдың басы) қазақ  

ру-тайпалары мекендеген Сарысу, Сырдария, Арал маңы, 

Каратау етегінің едәуір бөлігінде үстемдігін орнатты. 

Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани мен 

Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Ясы 

(Түркістан) калалары үшін кескілескен ұрыстар болды. Бұл 

қалалар көшпенділер мен отырықшы-егінші  аймақ 

халықтарын байланыстыратын шаруашылық, мәдени, 

этникалық орталық болды. Алғашқы қазақ  хандары Дешті 

Қыпшақтағы өкімет билігіне таласушы барлық хандарды 

бірте-бірте жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Ақырында 

Созақ, Сауран, Сығанақ қалаларын Қазақ  хандығына 

қосып, Мұхаммед Шайбаниды Мәуреннахрға кетуге 

мәжбүр eттi. 

Мұнда  ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты 

пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Касым хан 

тұсында Қазақ  хандығының саяси, экономикалық жағдайы 

нығая түсті.Қасым мен оның бауырлары Жаныш пен 

Таныш шекаралас калаларды қорғап, 1503-10 жылдары 

Мұхаммед Шайбанидің бірнеше тонаушылық 

шапқыншылығын тойтарды. Қасым хан сол аймақтағы 

саяси жағдайды жіті бағдарлады, моғол ханы Сұлтан 

Саидпен достық қатынас орнатып, ноғай (маңғыт) 

тайпаларын өз жағына қаратты. Ол ірі ақсүйектердің 

қарсылығын әлсіретіп, әскери күштерді нығайтты, өз 

билігіндегі жерлерді  ұлғайтты. «Тарих-и Рашиди», 

«Шайбани-наме», тaғы басқа деректерде Қасым хан 

тусында хандық қазақтардың этникалық аумағының 

негізгі аймақтары біріктірілгені айтылған. Хандықтың 

шекарасы батыста Жайыққа дейін, оңтүстік-батыста 

Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға 

дейінгі жерлерді алып жатты, оңтүстікте хандыққа 

Сырдария бойындағы бірсыпыра  қалалар қосылды. Жайлау 

қоныстары солтүстікте Ұлытаудан асты, оңтүстік-

шығыста оған Жетісудың көп бөлігi(Шу, Талас Каратал, 

Іле өзендерінің алқаптары) бағынды. Қасымханға қараған 

халық 1 млн адамға жетті. Алғашқы қазақ хандарының іс –

әрекеттері  рубасылар мен ақсүйектер тарапынан қолдау 

тапты. Олар ру ақсүйектер көмегімен Қазақ  хандығын  әрі 

қарай күшейтті. Бұған қоса Оңтүстік Қазақстан 

тұрғындары Шығыс Дешті Қыпшақ және Жетісу жерлері 

мен экономикалық және мәдени даму дәстүрлері жағынан 

ғана емес этногенетикалық туыстығымен, ортақ  этно-

саяси тағдырлары мен де байланысты болды. Деген мен 

қазақтардың этникалық аумағын біріктіру қарапайым 

халықты сұрапыл ауыртпалыққа ұшыратқан көрші 

мемлекеттер арасындағы ұзаққа созылған соғыстар 

барысында жүзеге асты. Сөйтіп, XV ғасырдың аяғында 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде өмір сүретін 

этникалық топтардың тұңғыш рет мемлекетке бірігуі 

басталды.  

Қазақстан тарихы. Энциклопедия анықтамалық 

 

 

 

Қазақ хандарының шежіресі 



Қазақ хандарының  шежіресі - Қазақ мемлекетінде (1459-

1847) билік жасаған әулет шежіресі. Шыңғыс ханның 

үлкен ұлы Жошы ханнан бастау алады. Қазақ хандарының 

атасы - Орыс (Өpic) хан. Оның  аталары жөнінде тарихта 

екі жақты пікіp қалыптасқан. Бірінде оны Жошы ханның  

он үшінші ұлы Тоқай Темір әулетінен таратады. Осыған 

байланысты Қожа Ахмет Иасауи мазарында қойылған  

хандар тақтасында қазақ хандары «Тоқай Teмip 

әулетінен» деп жазылған. Екіншісінде Жошының үлкен ұлы 

Орда Еженнен тарайды дейді Орда Ежен Жошы 

ұлысының сол қанатын басқарды, Жошының бесінші ұлы 

Сыбанмен Тоқай Темір сол қанаттың кұрамындағы кіші 

отаулар болды. Батыс жорығы аяқталғаннан кейін Бату 

хан 1241 жылы Тоқай Темірге Солтүстік Кавказдан үлес 

берді. Кейіннен Тоқай Teмip әулеті Қажы Тархан 

(Астрахан), Кавказ, Қырым аймақтарын басқарды. 

1 



Махмұд ибн Уәлидің «Бұхар ар-асрар» еңбегінде бұл әулет 

«Ханеан-Тукайтимурийандықтар» деп аталып, XIV 

ғасырдың бас кезінде отырықшы халықтарды басқарғанын 

және Алтын Орда құлағаннан кейін «Ханоғларндары» 

атанғанын жазады. Мұның бәpi қазақ хандарының Тоқай 

Teмір әулетінен емес eкенін дәлелдейді Рашид әл-Диннің, 

тағы басқаларының айтуынша,Орда Ежен өлгеннен кейін 

орнына тұңғышы Сартақтай емес, төртінші ұлы Коқыран 

отырған. Оның орнына Сартақтайдың ұлы Қоныш келген. 

Қоныштан соң тұңғышы Баян келген. Онан соң Баянның 

ұлы Сасыбұқа келеді. 

Оны моңғол шежірелерінің бipi - «Чингис хааны язгуур 

төрлийн-цадигууд» («Шыңғыс ханның ата шежpeci») 

растайды. Онда Ақ Орда хандарының кестесін Шыңғыс 

хан - Жошы -Ордана - Кали(Кули) - Буян(Баян) - Сасыбұқа -

Абисан (Зрзен) - Шымтай - Орыс хан деп таратып, 

олардан әpi қарай «Шыңғыс Қыпшақ хандары» деп атаған. 

Орыс ханнан кейін Ақ Орда тағына оның сегізінші ұлы 

Құйыршық (Құйыршықтан соң үлкен ұлы Барақ отырды. 

Ақ Орданың орнына кұрылған Қазақ хандығының негізін 

қалаушылар Керей мен Жәнібек Орыс ханның шеберелері 

еді. Жәнібек - Барақ ханның тұңғыш ұлы, Керей - Орыс 

ханның ұлы Тоқтақияның немересі Керей мен Жәнібектен  

кейін ел билігін Бұрындыққа (Керейдің ұлы) (1480-

1503/1511) ауысты, 1511 (1503) жылы таққа Жәнібектің 

ұлы Қасым 1503 (1511) -1518(1523) отырды. Оның 

тұсында казақтар күшейіп, бүкіл Дешті Қыпшақты биледі 

Қасым өлгеннен кейін таққа баласы Мамаш (1518(1523)-

23)інілері Таhир (1523-33), Бұйдаш (1533-34), Қожахмет 

(1534-35), Тоғым (1535-37) кезек-кезек отырды. Бұл 

жылдар Қазақ хандығы үшін ауыр жылдар болды. 

Касымның ұлы Ақназар (Хақназар) (1538-80) тұсында 

Қазақ хандығы қайта күшейді. Ол «қазақ- ноғай», «қазақ-

қырғыз» патшасы атанды. Ақназар қазаға ұшырағаннан 

кейін билікке Жәнібек ханның немересі Жәдік сұлтанның 

ұлы Шығай (1580-86(82) келді. Осыдан соң таққа 1586-98 

жылы Шығай ханның үлкен ұлы Тәуекел, 1598-1628 (45) 

жылдары Тәуекел ханның iнici Есім (Еңсегей бойлы Ер 

Есім), 1628(45)-80 жылы Есім ханның баласы Жәңгір 

(Салқам Жәңгір), 1680-1718 жылы Жәңгір ханның үлкен 

ұлы Тәуке (Әз Тәуке) отырды. Әз Тәукенің тұсынан бастап 

қазақты жүзге бөліп басқаратын мирас пайда болды. Үш 

ұлысты да алғашқы Қазақ хандарының бipi - Жәнібектің 

ұрпақтары басқарды. Кіші жүзді Әбілқайыр, кейіннен оның 

ұрпақтары Нұралы, Есім, Қаратай, Бөкей, Шығай, Жәңгір 

тағы басқалары басқарды. Әз-Таукенің iнici Қайып, 

ұрпақтары Болат,Әбілмәмбет хандар басқарды. 

1771-81 жылдары Орта жүз тағына Әз Тәукенің ағасы 

Бақынның шөбересі Абылай хан Үш жүзді уақытша 

біріктірді. Кейіннен Орта жүзді Абылай ханның баласы 

Уали мен немерелері  Ғұбайдолла(Абайділдә) мен Кеңесары, 

әйгілі Барақ сұлтанның немересі Бөкей биледі.Ұлы жүзді 

Әбілқайырдың ағасы Жолбарыс,Әбілпейіз (Әбілмәмбет 

ханның баласы),Әділ (Абыдайдың ұлы) тағы басқалары 

басқарды. Ресей үкіметі тарапынан Қазақ хандығы күшпен 

жойылғаннан кейін де бұл әулеттен көптеген саяси-әскери 

қайраткерлер, ғалым-ағартушылар (Е.Жәңгіров, 

Ш.Уалиханов.З.Бекейхан, Б.Қаратаев т.б.) шықты. 

 

Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық  

анықтамалық (толықтырылған 2-басылым) 

 

  

Жеті жарғы 

Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы: 

-қанғ қан алу,яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу(ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500)  

-ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы 

кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге 

болады; 

-денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас 

бармак -100 қой, шынашақ - 20 қой); 

-төре мен қожаның кұны карашадан 7 есе артық  

төленеді; 

-егер әйелі ерін өлтірсе,өлім жазасына кесіледі (егер 

ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана кұтылады, 

мұндай  қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан 

босатылады); 

-егер epi әйелін өлтірсе, әйел кұнын төлейді; 

-ата-анасы өз баласының өлімі үшіқ жауапка 

тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім 

жазасына кесіледі; 

-өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді

-егер екіқабат әйелді атты кici қағап кетіп, одан өлі бала 

туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан   айға дейіні 

балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе - 

300 атқа немесе  1000 қойға тең); 

-әйел зорлау кici өлтірумен бірдей қылмыс болып 

есептеледі. Мұндай қылмыс үшін epiнe немесе қыздың ата-

анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзi зорлаған қызға 

қалың төлеп, үйленсе, жазадан босатылады; 

егер epi әйелін көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге 

хақылы, бірқ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, 

әйелін «көзімше шөп салды» деп күмәнданған еркектің сөзін  

4 ceнімді адам тepicкe шығарса, әйел «күнәсіз» деп 

табылып, жазадан босатылады; 

-біреудің әйелін келісімінсіз алып қашқан адам өлімге 

бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің 

келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп,қосымшасына 

қалыңсыз қыз беруге тиіс; 

әйелді ренжіткен адам одан кешірім cұpayғa тиіс, 

сұрамаса  арсыздығы үшін айып салынады; 

-қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе 

ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады; 

-құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен 

атып өлтіреді; 

-кәпіp болған адам мал-мүлкінен айырылады; 

-құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде; 

-ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған 

күйі сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды 

айнала шапқылатады, ал қыз қол-aяғы  байланып, 

анасының билігіне берілді; 

-ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс; 

-ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы 

жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым 

айту әбестік саналады; 

-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы 

жасалады; 

-барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіc; 

-дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі; 

-куәлікке eкi немесе үш адам жүреді; 

-билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бipi 

тиесілі; 

-егер айыпкер айыбын телемесе, оны рубасының  рұқсаты 

арқылы барымтамен алуға болады; 

-ұрлық пен кici өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей 

жазаға тартылады. 

 

(Үш пайғамбар кітабынан)  

 

 

 



       

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

    



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

Мазмұны 

Оқырманға..........................................................................1 

Қазақ хандығы................................................................... 2 

Қазақ хандығының шежіресі .......................................... 6 

Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы ..............................9 

Қазақ хандығының кестесі ............................................. 11 

Қазақ хандары ...................................................................12 

Басылым беттерінен........................................................38 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



 

 

Жауапты: 



 

ОҒӘК директоры   Парымбекова З.С. 

 

Редакторы: 

Ақпараттық–библиографиялық                                    

бөлімнің 

басшысы   Алдабергенова  С.А. 

Құрастырушы: 

Библиограф   Сейтбекова С.Н. 

  

Көркемдеуші:   

Керимбаев О.Н. 

 

Мекен жайы:   

Шымкент қаласы, 

Облыстық ғылыми-әмбебап                   

кітапханасы, 

Нұрсәт мөлтек ауданы, 

Астана даңғылы нөмірсіз 

E-mail: 

 

 

otirar-nursat @mail.ru 

 

 



 

 

Каталог: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Қазақ халқының ежелгі кәсібі
files -> «Жеті қазына»
files -> Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі
files -> Оңтүстік Қазақстан облысының «Отырар» ғылыми
files -> Презентация 5-ых классов квн: "Только в дружбе можно всего достичь"
files -> Мазмұны: Кіріспе Қазақтың қара қазаны. Ас атасы – нан
files -> Бір өлке бір кітап акциясы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-əмбебап кітапханасы
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет