«Cу және минералды зат алмасуы» Кейс мақсаты


Ағзаны қалай «суару» керек ?



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі28,13 Kb.
#128136
1   2   3
Байланысты:
Кейс үлгісі

2.Ағзаны қалай «суару» керек ?
Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш бері, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз.
Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы ішетін су мөлшерін ұмытпаңыз. Бұл жоспарды асыра орындауға да болады. Бүйрек сау болса, судың кейбір артық мөлшерін де реттейді. Егер өте жұмысбасты болсаңыз, суды жұмыс үстеліне артығымен қойыңыз. Өйткені, су іздеп әуре болмайсыз және маңызды құжаттар арасында судың тұрғаны сіздің денеңізге су керектігін еске салып тұрады.
Ауырған кезде, әсіресе, дене қызуы көтерілгенде сізге су аса қажет болады. Мұндай кезде су ең маңызды дәрінің бірі болмақ. Сіздің ағзаңызға жиналған бактериялар мен вирустардың кесірінен токсиндер жиналып, сіздің қимылдауыңыз да ауырлап кетеді. Ағзадағы жағымсыз заттардан арылу үшін су ішіңіз. Егер су іше алмасаңыз, лимон қосылған шай, компот, морс, тауық сорпасын қабылдаңыз. Бактериялардың бой алуына жол бермей, бүйректеріңіздің жұмысын жақсартуға көмектесіңіз.
Суды күні бойы ішіңіз. Бір күннің нормасын аз уақытта орындаймын деп ойламаңыз. Өйткені, ол бүйрегіңізге күш түсіреді. Ал сәлден соң бұл сұйықтықтың тең жартысы сыртқа кетеді де, ағзаңызға тағы да су жетпеуі мүмкін.


3.Ағзадағы судың жетіспеушілігі не артық болу белгілері
Адам ағзасында су жеткілікті мөл­шерде болса, ми, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек қалыпты жұ­мыс істейді. Ал су жетіспесе, буын шеміршектері ­құрғап, сырқат­қа әкеледі. Қан қысымы көтеріліп, ас қорыту жүйесі бұзылады, ми­дың жұмысы мен есте сақтау қабі­леті нашарлайды. Көптеген ауру түрлеріне шалдығу адам бойында судың жеткіліксіздігі салдарынан болады. .
Су жеткіліксіз болса:

  • жүйке импульстарының берілу тиімділігі баяулайды. Тиісінше, жүйке талшықтары құрғайды. Сондықтан, есте сақтау қабілеті төмендейді, шешім қабылдау жылдамдығы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды. Осындай белгілердің бірін байқасаңыз, дереу су ішіңіз.

  • тәттіге құмарлық артады. Сұйықтық тапшы болғанда бауыр мен ағзада жиналған гликоген тез жұмсала бастайды, сондықтан ағзаға метаболизмді қалыпты деңгейде ұстау үшін глюкозаның көп мөлшері қажет болады. Егер тәтті нәрсе жегіңіз келіп тұрса, алдымен бір шыны су ішін алыңыз.

  • сілекейдің бөлінуі азаяды. Бактериялар көбейіп, жағымсыз иіс шыға бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет