«Cу және минералды зат алмасуы» Кейс мақсаты


Дене салмағына сәйкес суды қабылдаудың мөлшері қандай?



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі28,13 Kb.
#128136
1   2   3
Байланысты:
Кейс үлгісі

4.Дене салмағына сәйкес суды қабылдаудың мөлшері қандай?

Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіз 90 келі тартасыз. 90*30=2700 мл су.

5. Артық суды шығару жолдары қандай?


Кофе мен шайдың құрамында табиғи несеп айдайтын кофеин бар. Қант қосылмаған бір шыны шай немесе кофе ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа екі есе тез шығарады.
Артық сұйықтықты сыртқа шығарудың тағы бір ерекше тәсілі – жуылмаған күрішті пайдалану. Қара немесе қоңырқай түсті күріш ағзаны шлактардан тазартып, сұйықтықты айдайды. Тек күрішті дайындау барысында тұз қоспау қажет.
Шөптерден дайындалған тұнбалар да артық сұйықтықты айдайтын қасиетке ие. Мысалы, қайың жапырағы, аскөк дәні, итбүлдірген, аюқұлақтарды пайдалануға болады.
Ағзадан артық сұйықтықты шығаруға моншаға түсу де жақсы көмектеседі.
Ал үй жағдайында ас содасымен немесе тұзбен ванна қабылдаған жөн. Мұндай ваннаны 10 минут қабылдағаннан кейін 40-50 минут көрпеге оранып жатса, артық сұйықтық термен шығып кетеді. Сондай-ақ, ваннаның әсері ертеңіне таңғы уақытта да, кешкілік мезгілде де байқалып, салмағыңыздың азайғанын сезесіз.
Ағзаға сұйықтықтың жиналғанын қаламасаңыз, кешкі тағамды, шөлді басар таза суды ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын ішкен жөн. Ал ұйықтарда бір шыныаяқ майсыз айран ішіп жатуға болады.

  • Қорытынды:

Жағдаят бойынша Төлеужан аға досына қарап және де досының кеңесі бойынша су көп қабылдау керектігін түсінді. Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі – бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді. Сондықтан әр адам өз салмағына , өмір сүру белсенділігіне қарай белгілі бір нормада су ішкен жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет