Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Үстеудің стилистикалық қызметі Үстеулердің стилистикалық мәнін олардың грамматикалық формалары анықтайды. Қазақ тіліндегі үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін жүзеге асу тәсілін, мекенін, мезгіл, жай-күйің білдіретін сөздер, бұл сөздер әр стильде өзінің белгілі стильдік салмағымен ерекшеленіп отырады. Сөйлемде пысыктауыштың рөлін атқаратын етістікпен жанасып, кейде сын есім, үстеу түрінде келетін сөздер табиғатын стильдік жағынан талдау оңайлыққа түспейді.
Үстеулер табиғатында бірнеше сөз табының қызметін өзіне жүктеп отырады, негізгі грамматикалық белгісі оның түрлену жүйесінің болмайтындығына тікелей қатысты болып келеді. Үстеудің қызметін сын есіммен қатарласа қарастырғанда ғана стилистикалық белгілерін көрсетуге мүмкіндік туады.
Егер үстеулерді сын есіммен байланыстыра зерттесе, онда оның образдылық қызметі де айқындала түсіп, әр түрлі семантикалық-стилистикалық белгілерімен әр стильдегі өзіндік қызметін анықтау жеңілдейді.
Үстеулердің стилистикалық мәні мен мағынасын көрсетуде оны жеке-дара алып қарағаннан гөрі басқа сөз таптарымен селбестіре қарастыру стилистикалық мүмкіндіктерін көрсетуге әрі прагматикасын ашуға ынғайлы. Соған қарамастан функциональдық стильдердегі үстеулердің мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, көлемдік түрлері септік жалғаулар арқылы жасалынған туынды үстеулер, сын-бейне үстеулердің стильдік мәні ерекше. Адресант қабылдаушысын, адресатын бей-жай қалдыра алмайды, өз сөзінде стилистикалық белсенділігін әр уақытта көрсетіп отырады. Үстеулердің бойындағы бір ерекшелігі мынада: сын есімнен оның шырай жұрнақтары арқылы жасалынған негізгі үстеулер де өзінің эмотивті күш-куаты жағынан басқа сөз таптарынан қалыспайды. Мысалы, публицистикалық стильдегі оқиғаның, іс-әрекеттің мезгілін білдіретін үстеулер көпшілік назарының қызығушылығын өзіне аударып отырады. “Қазақ әдебиеті” газетінің редакциясында 30-40 қызметкер болса, қазір санымыз бұның жартысына да жетпейді (“Қазак әдебиеті”).
Осындай-ақ БАҚ тіліндегі Бүгін Алматыда 10° жылы, немесе 20 төмен. Кеше Алматыда халықаралық жарыс өткізілді деген сияқты мезгілдік үстеулер оқиғалардың арқауы болатын сәттерінде қабылдаушыны елең еткізері анық. Бірде үстеулік, бірде сын есім қатарынан орын алатын мағыналық реңкі контексте байқалатын үстеулердінде стильдік бояуы адресанттын қолданыс аясына тікелей қатысты болып келеді.Ол ұзақ сөйлейді немесе жол ұзақ сияқты сөйлемдерде үстеулердің әуені бірдей емес Қыстың
ұз-а-а-а-қ кеші (О.Бөкей).Соңғы сөйлем көркем әдебиет стиліне тән болғандықтан, автордың шеберлік стилінде ерекше эмотивті мәнге ие болған.Ол көркем мәтіндегі бітпейтін уақыт категориясын көтеруді мақсат етеді.Ол бөлек-бөлек үзіктерге бөлініп,көркемдік-стильдік мәнерге құрылып тұр. Автор қыстың
ұз-а-а-а-қ кешін дыбыстарды қайталай бөліп суреттеу арқылы үстеудің көркемдік қуатын ғана танытпайды, ұзаққа созылған уақыт мерзімінің адам өміріндегі қат-қарбалас тіршілік тынысының жағдаяттығынан хабар бергісі келеді.Тыңдаушысын сол уақыт мерзіміне алып барады сол мезгілдің “тыңын” тыңдатқысы келеді,әлде бір оқиғаның сырын айтқысы келетініне назар аудартуды көздейді.
Ал,ресми стильде мезгіл,мекен үстеулері айғақты,дәлелді деректемелер үшін соны сипаттап,дәлелдеп көрсетуде үлкен стильдік сұранысқа ие бол алады.Үстеулердің мезгілдік, мекендік түрлері ресми стильде стильдік мән-мағынасын анық көрсете алады.
Бұл әсіресе БАҚ бетіндегі ресми хабарлар тілінде жиі ұшырасып отырады.
Үстеулер кейде басқа сөз таптарымен жанасып тұрғанда оның стилистикалық мүмкіндіктері көп байқала бермиді.Мысалы,жоғары,төмен,жанынан т.б.Сондай-ақ,мөлшер үстеулер басқа сөз таптарынан жасалатындықтан ба,оның стильдік бояуы солғын,сондықтан үстеулердің стилистикалық инерциясы сөзжасамдық тәсілдерде ерекше байқалады.Үстеулердің сөзжарасымдық модельдері көбінесе салыстыру,ұқсату мағынасында жие байқалады:былайша,жігітше,қасқырша,бұршақша,кейбір үстеулер етістікпен тіркесіп пысықтауыштың сұрағына жауап беріп,қимыл-сындық мағынада жұмсалады.Әрине дәл осындай сөзжасам тәсілімен жасалған үстеулер көркем әдебиет стилінде экспрессивтілік таныта алады.Еңсені басқан осы жұқалаң мұң, өзі әлі де білмейтін белгісіз күдік соңынан итше еріп қалмағанына қамығатын (О.Бөкей).
Үстеулердің көркем әдебиет стиліндегі ерекшеліктері,экспрессивтілік стильдік мағынаға ие болуы,әсіресе қосымшаларды жалғап стилистикалық бағалау категориясына ие болғанда белсенділігі арта түседі.Ауызекі сөйлеу стилінде үстеулер орфоэпиялық қатемен айтылатындықтан, стилистикалық қатеге ұшырап отырады,бірақ бұл мәселе туралы айтқанда мынаны ескермеуге болмайды.Ауызекі сөйлеу стилінде адамдар өздерінің дағдылы сөйлеу тәртібімен сөйлейді.Ауызекі сөйлеу стилінде адамдардың әлеуметтік жағдайының да ықпалы бар екенін айта кету керек.Бұл тек үстеуге ғана емес,басқа сөз таптарына қатысты нәрсе,бірақ туынды үстеудің құрамы, жасалу жолы күрделі болғандықтан, стилистикалық қателіктер осы сөз табында басымдау басқалады.Кешкісін,кешкілік,таңертеңмен,таңертеңгілік,дәл сәске т.б.
Үстеулерге қосымшалар жалғанғанда тілдік нормадан тыс қолданыла береді.Адресант өзі айтқан үстеулер арқылы адамның ішкі психологиялық әрекетін өте дәл көрсете алады: ерте-ертемен , ертеңгілік,ертегіректе, ақырын, ақырынырақ, ақырындап, ақырын , аз-аздап,аздау , аздаңқыра .Міне осындай қосымшалар жалғанған туынды үстеулер ауызекі сөйлеу стилінде әр түрлі стильдік реңктерді өз бойына жинап отырады.
Публицистикалық стильде үстеулердің әр түрлі стильдік мағынасы бүгінгі күн мен ертеңгі күнді,бүгінгі өмір мен ертеңгі өмірді салыстыру мақсатында жиі ұшырайды.Үстеулердің мезгілдік,мекендік түрлері адресанттың адресатқа ықпал ету қызметінде ерекше байқалады.Жақында редакцияға хат түсті: Есенберлинсіз бүгін тарихи әдебиет туралы сөз қозғай аламыз.Ілекең осыған қатты қайғырды
(“Қазақ әдебиеті”).
Публицистикалық стильде әлі күнге дейін, әзірге,қазірге дейін,бүгінгі таңда деген үстеулер кездесіп отырады.Публицист қоғам өмірінің прагматикалық тірліктің мәселесін шеше алмай отырғанын көрсету үшін бүгінгі күн тұрғысынан бағалап,уақыт категориясынан жүгінеді.Ал, уақыт үстеудің мағыналық тобының құрамына кіреді.Әсіресе, публицистикалық стильде әр түрлі қоғамдық-өндірістік,рухани-материалдық дүниелерге жарнама беру стилінде ерекше көзге түседі.
Бүгінгі жақсылықты ертеңге қалдырма,бүгіннен баста сандай-ақ,жалпы публицистикалық стильдің сөйлеу актілерінің барлық күретамыры – бүгінгі күнмен ертеңге сипаттама беру:бүгінгі күн тұрғысынан өткенге талдау жасау,сондықтан адресант-субъект қоғам өміріндегі обеъктивті заңдылықтарында үстеулер арқылы стилистикалық бағалау категориясы тұрғысынан жиі пайдаланып отырады.Мысалы:бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда,ертеңді –ерте ойла,бүгінгі ұрпақ мәселесі,бүгінгі жер мәселесі,бүгінгі күн жаңалықтары т.б.
Үстеулер сөйлем мүшесі жағынан пысықтауыштың сұрақтарына жауап беріп, үстеулік қызымет атқару аның стильдік-танымдық қызметін айқындап отыр.Ол көркем әдебиетте ерекше әсерлі стилистикалық бояуға ие.
-Жоқ, ол жаққа да жібермейік сені, Оспан! О дүниеде де тыныш жатпайсың, ... Енді бұл елге көрінер бет жоқ сенде. Нас адам тек жер бетінде ғана жүре алады (О.Бөкей). Қыздың үні бұрынғысынан да ызбарлы шықты
( Ә.Кекілбаев).
Үстеулер осы қызыметінде адамның ішкі жан дүниесінің әр түрлі ситуациясын беруде стильдік мән ала алады.Олар көбінесе етістікпен тіркесіп тұрады,пысықтауыштың қызыметін атқарып тұрғанда адресанттың алуан көңіл-күйінің сырын бере алады.Сондықтан стильдік өә алуға қатыса алады.Мысалы: тіксініп қалды,абыржып сөйледі,асығыс баяндады т.б.
Ресми стильде үстеулердің қызметі заңнамалық – құқықтық мәртебесімен стильдік жүк арқалап тұрады.Атап айтқанда,сенімхаттың мәтінінде сенімхат иесінің мекен жайы,қашан берілгені ,қашанға дейін берілгені адресант пен адресат арасындағы жауапкершіліктің әрі сенімхаттың құқықтық күшін көрсете алады.