Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет48/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Синтаксистік стилистика

Синтаксис ресурстарының стилистикасы – сөйлем арқылы қатысым және ойды жеткізудің экспрессивті – стилистикалық мүмкіндіктерін толық баяндаудың негізгі тілдік бөлігі. Синтаксистік құрылыс,сөздердің байланысу тәртібі,сөйлемнің семантикалық құрылымының стилистикалық мәні функциональдық стильдерде тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, атап айтқанда лексика, грамматика, тілдік тәсілдер т.б. өзіне тән ерекшелігі мен маңызы айрықша орын алады,мәтіннің мағыналық,бейнелілік, көркемдік қызметін сөйлем ғана толық жеткізе алады.


Сөйлем – прагматикалық әлеуметтік мүмкіндігі өте мол, ойды толық жеткізуге қабілетті болып келеді.Сөйлемде адресант сөйлем арқылы адресатқа тілдің кез келген саласы жеткізе алмайтын мүмкіндіктерді бере алады. Прагматикалық үштік одақ нәтижесінде сөйлем өз мүмкіндіктерінің құрамының жай,күрделі болғанына қарамастан,ерекше стильдік мәнерге ие болу қызметінде айрықша көрінеді.
Синтаксис (тілдің синтаксистік құрылысы) – ойлау жұмысын білдіру амалы,формасы. Сонымен бірге ойлау – рухани ізденістің нәтежиесі деп танылды.
Сөйлем сөзге,сөз тіркестеріне қарағанда психологиялық және танымдық актінің немесе ойлаудың үлкен бөлігін қамтиды.
Ойлау логика ғылымына тән. Логикалық ойлаудың 3 формасы бар:

  • түсінік;

  • пайымдау:

  • ақылға ендіру.

Сөйлемнің оралымдық, құрылымдық көп компоненті түрлерге қайран жан – жақты дамып, толығып отыруы, функциональдық стильде де ерекше рөл атқарады. А.Байтұрсынов сөйлемді себепті оралым, мақсатты оралым, шартты оралым, жалғасыңқы оралым, серіппелі оралым, айырықты оралым, қорытпалы оралым деп бөлінгенде, сөйлемнің түрлерінің құрамы, құрылымы, жазылу мақсатының айрықша екеніне мән беруден туған сипаттамалық тұжырым екеніне көз жеркізуге болады.
Сөйлемдерді стиль түрлеріне топтастырудың қажеті бар ма, жоқ па деген сұрақтар туындайды.Зерттеушілер тарапынан стильдердің синтаксистік ерекшелігі туралы әр түрлі пайымдаулар айтылады.Жай сөйлемнен күрделі құрылымға қарай түрлене алатын сөйлемнің стильдік ерекшелігі жалпы тілдің синтаксис құрылыпының аясында қарастырылады.
Сөйлемнің эмоционалдығы эстетикалық қызметте айрықша көрінгеімен, хабар беру қызметі арқылы оның ең негізгі қызметі әр стиль өрісінде ерекше әлеуетті, күшті әрі стильдік мәнердің толық қызмет аясын айқындай алады. Сондықтан сөйлемді стиль түрінде топтастырып көрсетудің бірнеше прагмастилистикалық мақсаты бар, біріншіден, хабар беру және эстетикалық қызмет өрісін анықтау ; екеншіден,стилистикалық норма тұрғысынан анықтау ; үшіншіден,стильдік мән, оның шарықтаған түрі стилистикалық бояуға ие бола алатын стильдік мәнерлілік тұрғысынан қарастырылуға тиіс.
Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем болса, сөйлем арқылы хабарлау белгілі мақсатты көздейді.
Жай хабарлау белгілі мақсатты көздейді.
Ресми хабарлау бар:Ноу – хау – техникалық және басқадай міндеттерді шешуге қажетті техникалықбілім тәртібі, өндіріс құпиясы... Берілетін ғылыми – техникалық ақпараттардың құпиялық нышандары – “Ноу – Хаудың ” негізгі белгілерінің бірі.
Ғылыми тұрғыдан хабарлама береді: Сұраулы сөйлемдер риторикалық (шешендік) сұрақты білдіру үшін жқмсалу кезінде ерекше баяндауыштық форма құайды (“Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері” ғылыми оқулық ).
Поэтикалық хабарлау бар.Арманыңыз орындалуы мүмкін.Публицистикалық стильде арман поэтикалық сөз ретінде алынып тұр.
Сөйлемнің айтылуы мақсатына қарай бір ғана хабарламалық мақсаттағы сөйлемдердің қазіргі уақытта құрылымдық жүйесі мүлде өзгерген.Онда ресми – ақпараттық хабарлаудың, ғылыми – логикалық тұжырымдардың, қоғамдық – әлеуметтік деректемелік сипаттармен қоса өмір тіршілік бейнесінің толық қамту мақсатына құрылған сөйлемдердің стильдік қызметі прагматикалық аспектіде ерекше қолданысқа түсуде.
Ю.С.Степановтың пікірі осыған толық дәлел: “Использования языка говорящими в разных ситуациях, предпосылок успешного совершения речевых актов и т.п, эти вопросы включается в сферу языковой прагматики, и следовательной можно говорить о прагматической стилистике” , Прагматикада сөйлем арқыды адресант референциясында өз мақсат- мүддесін , таңбаны өз пайдасына шешуі сияқты ықтималдық теорияның (немесе мүмкіндік теориясын “теория шансов”) барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады. Коммуникативтік акт проуесінде адресант өз қабылдаушысына бір сөйлем арқылы басқа сөйлемнің “әрекетін ” беруге ниеттеніп , прагматикалық бағрадын есепке алып отырады. Ол сазайын тартты деген сөйлем жұмыстан шығарылды , сөгіс жарияланды, қамауға түсті, отырғызып қойды деген сөйлемдердің мазмұндық, ақпараттық референциясын таныта алады. Мысалы: есікті жап, көрмей тұрсың ба? Жел үрлеп тұр т.б. басқа сөйлемнің “әрекетін” танытады. Ол сазайын тартты,
есікті жап деген сөйлемдердің прагматикалық мақсаты автордың
“әрекетін, ықпал ету”позициясын анықтап береді. Сөйлемдерді адресант өз пайдасы үшін айтуы да мүмкін, керісінше өз пайдасын есепке алмай ықтималдық нәтижесінде өз интенциясын (ниет, пікірін) таныта алады. Адресанттың референциясы бойынша қабылдаушы таңба “әрекетін” өзінің интеллектуалдық жәрежесі арқылы өз түсінігінше, өз пайымдауынша, өз көзқарасымен қабылдап, адресанттың ойының жалған, ақиқат сияқты прессуппозициясын да түсінеді, таңбаның осындай әрекет жасауына контекс пен сөйлеудің ситуацияларының тілелей қатысы бар.Ендеше, синтаксистік стилистиканы прагматикамен байланыстыра қарастыру – сөйлем мазмұнының астарындағы “екінші”сөйлемнің “әрекетін” танып білу деген сөз.
Сөйлемнің стилистикалық әсері мен прагматикалық салмағы контексте және ситуацияға тікелей тәуелді. Белгілі ғалым Ж.Жакупов “Контексті тіл құбылысы емес, сөйлеу құбылысы ретінде қаралатындығына мін бере отырып, контексті өз сезімі мен ойын жаниялау, жеткізу үшін адамдар (коммуниканттар) жасайды”, - дейді. Барлық коммуникацияда сөйлем контекске тікелей байланысты, контекст терминінің мағынасы өте күрделі, кез келген сөз (речь) немесе сөйлем контексте өзінің мағыналық әрі көркемдік қасиетін анықтайды. Сөйлемнің мазмұндық – ақпараттық және көркемдік мәні контексте яғни “мағына мен мәтін” бірлігінде “әсер мен ықпал ету ” мақсатында толық айқындалады. Қазіргі уақытта контекс туралы зерттеулер логика, психология, адам әлемі сияқты атаулармен тығыз қарым –қатынасқа түсуде. Контексті адресанттың айтуы мен қабылдаушының қабылдауында ғана емес,бақылаушының ракурсында қарастыру өте маңызды, бұл мүмкін прагматикалық тұрғыдан танудың басқаша жүйесін көрсетеді. Ол боп – боз болып кетті!. Контексте адамның психологиялық жай – күйін есепке алу жиі ұшырасады.Адам санасына ықпал ететін сигналдар “тілдік хабардың прагматикалық жүйесінің бөлшектері ” деп көрсетеді. Ендеше, автор осы әрекетті беруде контекске сүйінеді.Контекске стилистикалық амал-тәсілдер арқылы жасалынатын сөйлемдер ерекше стильдік мәнге ие болады.
Сөйлем айтылу мақсаты ойға қатысты мүшелермен де,сөйлем құрамында келетін ойға қажетті синтаксистік тұлғалардың түгел қатысқан, қатыспағанына қарай да құрылымдық жағынан ерекшеленетін сөйлемдер топтасқан оның эстетикалық қызметі стилистикалық ұғымдар мен белгілері қамтитыны толық ашылады.
Коннотациялық сөйлемді узустық бірлікпен тілге бекітіліп берілген эмоционалдық стилистикалық бояуы айрықша байқалатын сөйлем деп айтуға болады.
Коннотация белгілі мәтін ішіндегі сөйлемнің эмотивті – прагматикалық аспектілерін түгел қамти алады әрі сонымен тығыз байланыста болады. Стилистикалық коннотация сонымен қатар мәтінді құрушы функциялық образ арқылы жанжандыру поцесін тездетеді, оның негізгі көзі синтаксистік конструкцияларда жатыр, соның көмегімен үздік үлгілері беріледі. Мысалы ат деген сөзді алсақ, мініс көлігі, аттың түрлері, ол туралы мәліметтер, тұқымдары жөнінде айтылса, таза ғылыми мәтінде мәлімет беру мақсатын көздейді. Ал атын – ай десек, ол қуану мақсатын білдіре тұрып, эмотивтік ойға қатысты алынып тұр.Атының мықтысын – ай, аты ат – ақ екен деген ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдер мен Ат
аясынан кеткен екен (Х.Есенжанов) деген сөйлемде аттың аяғынан кетуі адамның танымдық позициясын көрсету мүмкіндігін айғақтайды, ат аяғынан кетуі, тағасы түсу, шаршағанын, жем көп жеп қою сияқты мақсатын анықтап тұр.
Функционалдық стильдердің кез келген саласында синтаксистік нормалану синтаксистік стилистикамен тікелей байланысты.Сөй –
лемнің әр стиль саласындағы қызметі стилистикалық нормалар тұрғысынан алып қарағанда өте күрделі, өрісі өтекең сала болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегісөйлемдердің сематикалық – стилистикалық құрылысы жазба стильдің синтаксисінен мүлде басқаша стилистикалық мақсатта көрінеді.Синтаксис саласындағы нормалану процесінде бірнеше факторлардың үлкен рөлі барын айтуға болады, алдымен мұнда күнделікті баспасөздің рөлі айрықша, әсіресе ресми стильдердің синтаксистік нормалары газет – журнал беттерінде қалыптасын, ғылыми және іс-қағаздарды үлгілерінен орын алады. Фунциональдық стильдің сөйлем құрыллымында, түрлерінде бір – бірінен ажыратылатын тұстары болады. Мысалы, кеңсе іс-қағаздарының, оның ішінде қаулы – қарарлары, сот ісі баптарының, әр алуан нұсқау,бағдарламалардың сөйлемдегі мейлінше қысқа, түсінігі жеңіл, мазмұны (беретін информациясы) айқын болып келуі керек.Кейбір іс-қағаздарының сөйлем құрылысы,баяндау стилі тіпті стереотип түрінде келеді.
Зерттеушілер синтаксистік бірліктер стилистикалық жүкті өзіне толық игере алмаған десе, екінші жағынан синтаксистің өзінде орасан зор стилистикалық мағына, мән бар екендігін ескертеді. Әрине, жеке сөздің немесе бір ғана фразеологиялық тіркестерді айтқанмен, олардың әлеуеттілігі күшті сөйлемнің мүмкіндіктерімен таласа алмайды.Ситаксистік бірліктер өте нәзік мағыналық стилистикалық бояу мен реңктерді бере алады. Сондықтан оны ортологиядан бөліп алып, синтаксис пен стилистикалық норманың тіпті стилистикалық реңктер мен бояулардың сөйлем аясындағы эстетикалық өрісін кеңейту функционалдық және рисурстар стилистикасының синтаксисінің аспектісіндегі нігізгі қызметін мейлінше жете тануға септігін тигізеді.
Мысалы, Бүгін М.Әуезов атындағы академиялық театрында “Атың шықпаса...” спектаклінің премеьрасы болады. Г.Гориннің бұл туындысын Қ.Сәдуақасов қазақша сөйлетсе, режиссері Әлімбек Оразбек сахналады.
Атың шықпаса – жер өрте – дейді қазақ. Ал Эфес қаласының тұрғыны, кішігірім саудагер Герострат болса шеберлік жүз жиырма жыл тұрғызған Артемида храмын оп – оңай өртей салады. Атын шығару үшін және онысынан бір сәт қамсынбайды да. Қымсынудың орнына ерлік жасағандай қоқиланады. Ел ол үшін бүгін лағнет айтса, ертең қызығады, бір жылдан соң жақсы көріп кетеді, бес жылдан соң пір тұтады дейді Герострат өзіне үкім шығармақ болған Клеонға. Шындығына солай (“Ана тілі”).
Синтаксистік заңдылықтар ұлттық тіл нормасында белгілі дәрежеде өзінің қызметін толық ақтаса ғана олардың функциональдық стильдердегі қызметінің саралануына тікелей байланыстылығы тұрғысынан таразылау керек. Синтаксис амал – тәсілдердің көптеген түрі эмоционалды – экспрессивтілігі жағынан бөлектеніп ғана қоймай, әр стиль саласында өзінің мағыналық – құрылымдық және стильдік мәнімен белгілі тілдік – құрылымдық жүйеде топтастырылады .
Сөйлемдердің синонимділігі стилистикалық жағынан қолдау аясында қатысымдылық әрекет пен жазбаша түрде қайссын жұмсау тілдік – стильдік жақтан әсерлі, мәнерлі шағатынын анықтау стилистика мен синтаксистің бір – бірімен тығыз байланыста екенін көрсетеді.Себебі стильдің өз ішіндегі жіктелу процесі бойынша барлық стильді автор жасамаған, ол жалпыхалықтың сөйлеу тілінің негізінде де қалыптасты, оған қоғамдық орта,әлеуметтік пікір ықпалын тигізді.Мысалы, ресми стильдегі сөйлемдерді жеке автор жасаған жоқ, қоғамдық қажеттіліктен туындаған деп айтуға болады. Сөйлем белгілі ақиқат шындықты байланыстыратын тұлғалары болмаса, оның толық мағынасы мен коммуникатимтік қызметі анықталмас еді.Сөз тіркесі, сөйлем, олардың түрлері, функционалдық стильдердегі индивидуальдық ерекшеліктері осы айтылған параметрлер сөйлеушінің ойын жеткізіп қана қоймайды, коммуникативтік мәнді ғана көрсетпейді, эстетикалық әрі көркемдік, танымдық, поэтикалық сөйлем түрлерінің объективті өмір сүретін жеткізуді мақсат етеді.
Сөйлемдерді стилистикалық бояу арқылы былай бөлуге болады:

Сөйлем


коммуникативтік эстетикалық поэтикалық логикалық риторикалық

Функциональдық стильдерде сөйлемнің хабарламаға, анықтамаға, дәлдік пен қисындылыққа, бедерлілікке, түсініктілікке, әсерлікке, әсемдікке құрылған стилистикалық нормалары тұрақталған түрлері бар. “Қазақ тілі стилистикасы” оқулығында синтаксис пен стилистика туралы былай делінген: “Стилистика сөздері қалай тіркеседі,сөйлемдер қалай құрылыды,олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады деп те жатпайды, кісінің мақсатты ойын қалайша дұрыс айтуға болады? Ол мене, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады.Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге әсер етеді, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады”.


Функциональдық стильдерде сөйлемнің коммуникативтік сапалары құрылымдық жағынан дұрыстық, тазалыққа, нақтылыққа, дәлдікке негізделіп, функциональдық тұрғысынан логикалық қайшылыққа ұрынбай, түсінікті, ойға ұғынықты бедерлі, көркем әрі сындарлы болуы керек.Бұл синтаксис пен стилистиканың белгілі стильдік жүйеге құрыла отырып, ұлттық тілдің сөйлемдерінің коммуникативтік - прагматикалық әрі эстетикалық қызметін толық көрсете алады.
Сөйлемнің дұрыс, яғни “жақсы” құрылу сипатынан оның маңыздылығы мен мәні айқындалады.Сонымен сөйлеснің дұрыстығы дегеніміз сөйлем құрылымдарының ұлттық әдеби тіл нормаларының талабына толық жауап береді,тілдік жүйеге құрылымдық жағынан сай болады,дағдылы жазу тәртібін сақтайды.Сөйлемнің тазалығында ойымызға оралатын нәрсе – сөйлемде бөгде тілдік элементтердің болмауы, оның тіл тазалығы деген ұстаныммен негіздес екенін естен шығармау керек.
Сөйлемнің байлығы сөз байлығынан көрінеді.Сөйлем ішінде сөз байлығын еркін падалану сөйлем ішінде бір сөзді қайталап қолдана бермеу ой тереңдігінен табылып, суырылып алынатын сөздерді белгілі грамматикалық категорияларда дұрыс қиюластырып, оның қазыналық бұлағынан алынған сөздермен толықтыру болып табылады.
Сөзі бай адамдардың ойы бай.Ойлы сөйлем мазмұнды сөйлем, көркем сөйлем жасаудың негізгі алғы шарттары болып табылады.
Сөйлем – білгілі бір ақииқат шындыққа негізделген оқиға, құбылыс туралы толық мәлімет бере алатын тілдік бірліктердің жиынтығы.Сөз бедері – сөйлесінің бедері,айшықты көркемдік пен эстетикалық қызметтің негізгі көзі болып саналады. Сөйлем бедеріне тыңдаушы мен сөйлеушінің бір – біріне ынта қойып тыңдап қызығу әсері болмыстың бар шындығынан хабар беретіндігі сөзден де, сөз тіркесінен де бөлектеніп, тек сөйлем арқылы көрінеді.
Сөйлем адам ойының тікелей нәтижесі болғанмен, ойдың әр алуан қатпарларын жеткізуде түрлі грамматикалық категориялардың негізінде қарапайым да күрделі ой жиынтығынан тұрады.Адам ойының күрделенуін,дүниетанымдық көзқарасының қалыптасып, кеңеюі сөйлемдер жүйесінің түрлілік сипатқа ие болып, семантикалық – стильдік саралануының стилистикалық мүмкіндіктерін ұлғайтады.
Сөйлемнің айтылу мақсатына орай нақты құрылымдық қызметі анық емес, шұбалыңқы, логикалық қайшылыққа ұрынған, мағынасы қате айтылатын, стилистикалық нормаға қайшы келіп жататын, оқиғаның, мәнінің түсініктілігін қиындататын, ұлттық әдеби тілдің синтаксистік заңдылықтарына нұқсан келтіретін сөйлемдер де кездеседі.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі сөйлемдер публицистикалық стильдерде кездесіп қалады.Ғылыми стильдегі сөйлемдердің құрылымдық сипаты ресми стильдерде кездесуі заңды құбылыс, себебі кез келген стильдегі сөйлем соған ғана таза күйінде тіліне салмайды. Бірақсөйлемдер,сөз жоқ,функциональдық стильдерде белгілі бір мағыналық, әрі құрылымдық және айтылу мақсатына қарай толық стилистикалық ерекшелігімен тарақталатыны белгілі.Әдеттегі дағдылы сөйлемдер ауызекі сөйлеу стильінде,сондай – ақ, элипсистенген немесе жай сөйлемнің түрлері осы стильдің негізгі функциясын атқара отырып, қазақ ұлттық жазба әдеби тілінің толық орнығуына әрі стильдердің қалыптасуына ықпал етті.
Стилистиканың өзегі – стилистикалық норма.Стилистикалық норманың межесін Р.Сыздық былай көрсетеді: “Синтаксистік нормалар стилистикамен тығыз байланысып жататын сала. Бұл нормалардың қатаң сақталуы мен одан уәжді (мотивпен) ауытқуы көбіне көп стильдік мақсаттарға орай орын алады”.
Сөйлемдердің стильдік жүк арқалау қасиеті мәтінге жалпы тілдік те, контекстік те, қолданыстық та қасиетіне жіне суреткердің тілдік шеберлігіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда функциональдық стильдерде сөйлем түрлерінің қуатты динамикалық өсуі, компоненттерінің күрделенуі, тіпті кейде сөйлемдердің мағыналық – стилистикалық қызметінің эстетикалық – поэтикалық бедерге ие болуының ең басты арқауы – көркем әдебиет стилі.
Сөздердің де өзгеруі, түрлену, олардың бір – бірімен тіркесуі болатыны сияқты сөйлем де белгілі бір граматикалық заңдарға бағына отырып, сөйлемнің құрылуының алғы шарттары жасалынады да, олардың стиль түрлеріне тән синтаксистік – стилистикалық сөйлем құрылымдарын кездестіруге болады. Атаулы сөйлемдерден тұратын көркем әдебиет стилінің ерекшелігі ойдың картинкалық суретін беру мақсатын айтындайды. Май айы. Таң алды. Түнгі Москва. Ленинград. Петроград ауданы. Асфальттелген әдемі көшелер. (С.Ерубаев). Сондай-ақ, суреткердің баяндай тәсілінде алуан түрлі синтаксистік құрылымның жүйелі, бірақ өзіндік ерекшелігі бар түрлері кездестіріледі. Мысалы: Есейіп, жігіт – желеңнің әңгімесін үзіп – үзіп тыңдап жүрген кезім (Ақылбай// Тұрағұл). Жаз ортасының қоңыр кеші, Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. (М. Әуезов).
Сөйлемдер құрылымдық жүйесінен атаулы сөйлемдер құрмалас немесе есімді сөйлемдер болып бөлінгенімен, потрет жасау, оқиға құбылыстың басталу процесін көрсету,адамның кекін – кейпін суреттеуде автор әр түрлі сөйлемдерді пайдаланады.Мысалы, С.Ерубаев өз шығармаларында оқиға құбылыстың басталуына негіз болатын объектіні көрсету арқылы атаулы сөйлемдерді қолданған.
Кез келген функциональдық стильдердегі синтаксистік құрылысты тану арқылы олардың құрылымдық – тақырыптық немесе мәтінінің негізгі мазмұнын ашуға себепкер болатын іс-әрекет, жағдай туралы мәлімет алынады.
Синтаксистік құрылымның кейбір ерекшеліктері сөйлем мүшелеріне тікелей қатысты. Мәселен, тұрлаулы – тұрлаусыз мүшелердің қатысу – қатыспауы функциональдық стилистиканың стильдік мәніне тікелей ықпал етеді.Сөйлемнің байланысу тәсілдері, орын тәртібі ерекше стилистикалық құбылыстар бола отырып, оның семантикалық – құрылымдық стилистикалық мәні функцианальдық стиль табиғатына тікелей өзгерістер енгізеді. Қазақ тілінің синонимдік қатарларға өте бай табиғатына қатысты сөйлемдердің синонимділігіне тән нәрсе өзгермелі, дамымалы, жөткермелі, жылжымалы (орынын өзгерту тәсілі) т.б. өзіндік ерекшеліктерімен стильдік жүк арқалайды.Себебі, ғылыми және ресми стильдерде баяндауыш қызметі өте айқын байқалады.
Етістікті, есімді фразеологиялық тіркестердің баяндауыш болуға қабілеттілігі ауызекі немесе көркем әдебиет стиліне тән болып келеді.Сөз жоқ, стилистика мен синтаксис мәселелерінің сөз еткенде, грамматикалық тұлғалардың белгілі сөйлем құрау заңдылықтары арқылы тілдік норма, нормадан ауытқу принциптерімен салыстырып талдау жүесінің маңызы зор екенін айту керек. Егер синтаксис пен стилистиканы осы бағытта зерттегенде, олардың нағыз стильдік мәнерін көрсете алуға бола ма деген сұрақ та туындайды. Екінші мәселе, олардың ырғақтық, яғни ратмика синтаксистік, сондай – ақ, қара сөз үлгісімен берілген ғылыми – ресми немесе публицистикалық, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдер өзінің айтылу – жазылу мақсатымен өзгермелі сипатын тудыратын факт, оқиға, баяндау, суреттеу формаларына да тікелей байланыстылығында айрықша стильдік мән жатады әрі стиль түріне қарай мақсатты ойды жеткізу қызметін атқарады.
Ауызекі сөйлеу стилінде, мысалы, сөйлеуші алдын ала белгілі оқиға туралы хабардар болады, онда хабарлы сөйлем қолданылса, оның соңынан ол қашан болып еді деген сұраулы сөйлемнен кейін Түнде деген бір ғана сөйлемнің бөлшегі ғана қатысады, немесе басқа мүшелері түсіріліп Түнде болды деген сөйлем шығарады,осыдан ауызекі сөйлеу стиліндегі жай сөйлемдердің синтаксистік және стильдік қызметі көрінеді. Кез келген стильде ойды толық жеткізу үшін сөйлемдер тығыз байланыса отырып,жүйелі бір байланысқа түсіп, ой еркіндігінен тәуелсіз сөйлем түрдері шығады. Азуыекі сөйлеу стилінде етестікті сөйлемдерөзінің мағыналық сипатын бастауышты қатыстыра отырып қолдануы да жиі ұшырасады, ол айқайлап жіберді, ұрысып жекіді, керісінше,көрсінші, берші, айта салшы деген сияқты тілік – өтініш мағынасын қамтитын райлық категориялы сөйлемдер жиі пайдаланылады.Баяндауынқа қатысты ауызекі сөйлеу стиліндегі мағыналық реңкі өте бейнелігімен көзге түседі. Біле – білмес, айтар – айтпас, жатар – жатпас,оқыр – оқымас, күтер – күтпестен, сезер – сезбес, қояр – қоймас деген предикаттар қосарлана қолданылып, сөйлемдік құрылымның қызметін атқарып, алдындағы сөйлемдердің негізгі қорытындысын бекітуге мүмкіндік береді.
Ресми стильде жай сөйлем түрлерін қолданудың құрылымдық белгілерінің ортақ заңдылыққа бағынып тұратыны анық байқалады. Ол біріншіден, жай сөйлемнің грамматикалық құрылымындағы етістіктің категориялық ауқымыды топтарындағы өзгешелік арқылы көрінеді. Мысалы: Өз уақытында тәртіп орнату; Бір ай мезгіл ішінде жалақы тағайындалсын. Әкімшіліктерге жаңа нұсқау жөнінде хат құрастырылды. Мүгедектерге қаржылай көмек көрсетілді. Жоғалған құжат жарамсыз деп табылсын. Ресми стильдегі мәтіндердің синтаксистік құрылысында бірнеше тармақты біртұтас тілдік бірліктер топтастыра құрастыруда жалғаулық шылаулардың рөлі зор. Олар байланыстырушылық қызмет атқара отырып, жай сөйлемнің ішінде күрделі жай сөйлемнің түрлерінен бөлектенеді, ондайда баяндауыш топталып тіркесеіп, күрделі баяндауыш қызметін атқарады, Мектептегі жөндеу жұмыстарды нашар жүргізіліп жатқандығына байланысты, уақытша жалақыны кесімді төлем ақысы кешіктіріліп берілсін.
Жылғаулық шылаулар арқылы байланысқан сөйлемдер тек ресми құжаттардың мәтінінде ғана көзге түспейді. Көркем әдебиет стилінде, әсіресе, өлеңнің синтаксистік құрылысында күрделі синтаксистік тұтастыққа енген сөйлемдердің ең соңғысының алдында тұрып, оны алдыңғы тармақтармен байланыстырады. Ресми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылысының өзгешелігі, көбінесе етістікті баяндауыштардың топталып келуіне тікелей байланысты. Себебі ондай ой – пікір ақиқатты реалды шындықтың мәніне негізделеді, сондықтан сөйлемнің ресмилік тұстары әлеует –
Тілігі айқын байқалады. Ресми стиль сөйлемдері құбылысының өзгеше сипаттағы көрінісі сөз тәртібінің дағдылық, әдеттегі қолданыс мәнеріне тікелей қатысты.Кейбір грамматикалық тәсілдер мен ықшамдап қолдану жиілігі немесе стандартты тіркестер күйінде ұшырасуы, тіпті кейбір сөздердің тура мағынасының ғана қолданылуы етістік баяндауыштың бұйрық райда келуіне тікелей себепкер болады. Ресми стильдегі сөйлемдердің синтаксисіне қатысты құбылыстың бірі – ондағы сөйлемдердің қысқа әрі нұсқа болып құрылуында. Көп ойдың бір – екілі сөйлем түрлерімен берілуі, ой мен пікірдің бірнеше сөйлемдік компонентке негізделуі нақтылық пен дәлдікке қарай құрастырылады. Ресми стильдегі осы қысқа әрі нұсқа сөйлемдер грамматикалық норма мен стилистикалық норманың тұрақты жағдайға түсуін қалыптандырады, ресми стильдегі сөйлемдердің басқа стильден өзгеше сипатын айқындайды. Бұл жерде ресми стильдердегі сөйлемдерге стильдік реңк, бояу, стильдік мәнер дегенді көбіне – көп қосақтап айтудың қажеттілігі жоқ. Ресми стильдің мазмұнына тікелей байланысты, ешіншіден, бұл стильдік терминдер оған онша келіңкіремейді, оның басты себебі : ресми стильдің дәлдігі, нақтылығы, стандарттылығы.
Сөйлемнің орын тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы стилистикалық норманың талабын ьолық жүзеге асырады. Иеверсия тәсілі көркем әдебиет, публиуцистикалық және ауызекі сөйлеу стилінде экспрессивтілігімен ерекше көзге түседі. Жай сөйлемдер ауызекі сөйлеу стилінде ғана емес, публицистикалық стильде телерепортаж, сұзпат, көбінесе жаңалық – деректеме хабарларда жиі қолданылады. Оның басты себебі – ондағы сөйлемдердің айтылу мақсатына оқиға, құбылысты жылдам жеткізу талабы. Публицистикалық стильде жазылған хабарлама, дерек, жаңалықтар сияқты мәтіндерде оқиға, құбылысты күнделікті қоғам өмірі жаңалықтарын оқырман мен көрерменге тез жеткізу мақсатын көздеп, соны негізгі міндет еткендіктен, сөйлем үнемділік, ықшамдылық принциптеріне сәйкес құрылады.
Кез келген сөйлемнің құрылымдық – семантикалық түрлері қолдану аясының қандай ортаға тәуелді екендігімен анықталады.
Ауызекі сөйлеу тілінде жай сөйлемнің толымсыз түрлері көп қолданылса, ресми стильде құрамы күрделі жай сөйлемдер жиі ұшырасады. Табиғат пен адамның жай – күйін суреттеуде жалаң сөйлемдер жиі ұшырасады. Ұйқысы келмеді. Қайту керек (О.Бөкей).
Ауызекі сөйлеу стилінде жалпы халықтың тілінде қалыптасқан сөйлемдер көп пайдаланылады. Көз жасыңмен қайғыны жеңе алмайсың, жау кеткен соң қылышыңды боққа шап (О.Бөкей).
Жай сөйлем публицистикалық және көркем әдебиет стилінде қолданысқа жиі түседі, бұл синтаксистік конструкциялар бейнелі суреттеме беру қызметінің ерекше формасын құрайды. Сиыр түсте қалаға Абайдың атақты Ниязы алпыс жігітімен келіп кірді. Қолы қара қорқақ келеді. Хакімнің тілі байланып қалды. Ол аппақ қудай болып кетті (Есенжанов Х.).
Құрмалас сөйлемдер көбінесе ғылыми, көркем әдебиет стиліне тән болып келеді, себебі оның басты белгілері: қисындылық, ойлық. Функциональдық стильдердегі құрмалас сөйлемдердің байланыстырушысы шылаудың қатысу әр стильге тән ерекшелігімен ажыратылады, жалпы қолданыста көп жағдайда бәріне ортақ болып келеді: және, қашан, қайда, әзірше, сондықтан, егер болса, кітаби стильдерде, алайда, демек,соның ізінше, солай болғандықтан, ол, ия, солай, сол үшін де т.б.
Сонымен жоғарыда зерттелген еңбектерге шолу жасалғанда, поэтикалық синтаксис дәстүрлі (анафоралық, эпифоралық, антитеза – дамыту параллелизім т.б.) құбылыстар да көркем әдебиет стилінің эстетикалық қызметін еркін өрістерге алатындығын көрсетеді.
Бұл синтаксистік тәсілдер мен стилистикалық нормалар көркем шығармаларда, публицистикалық мәтіндерде өте жиі байқалғанмен, ғылыми стильдерде оның элементтері аз кездеседі, ресми стильде мүлде ұшыраспайды.
Функциональдық стильдердің әрқайсысына тән арнайы синтаксистік конструкциялардың экспессивтілігі мына сөйлем түрлерінде көріне алады: жақсыз, толымсыз, эллипсіз сөйлемдер, парцелляция құбылыстары т.б. Сөйлемнің құрамына қарай бөліну процесінде жай сөйлемдер де, құрмалас сөйлемдер де стилистикалық мәнге ие бола алады.
Жақсыз, толымсыз сөйлемдер коммуникативтік қызметті жеңілдетеді, соған қарамастан, стилистикалық мүмкіндіктерді толық қамтамасыз етеді,қарым-қатынас ситуациясы мен контексте толық өз көрінісін береді. Сөйлемнің ішіндегі түсіріліп қалған сөйлем мүшелері динамикалық, сыйымдылығы өте мазмұнды, экспрессивтілігі өте айқын болып келеді. Себебі кез келген мүшенің, түсіріліп айтылуы автордың стилистикалық талаптарын жүжеге асырылуын қаматамасыз ете алады. Жай немесе құрмасал сөйлемнің түрлері автордың ойын жеткізудің прагматикалық мақсатын толық жүзеге асырады, синтаксистік конструкциялардың белгілі стиль түріне телінуі сол стильдің стилистикалық нормасын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет