Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет22/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Келте ғұмырдың қыр асуы, алтын мен тәуліктің бір-біріне ауыстырылуы, адам ғұмырының жалтетіп жанып, жалп етіп сөнуі, өмір деген ұлы дария сияқты сөз тіркестері метафораның дәстүрлік түрінен авторлық қолданыстағы аралықта тұрғаны байқалады. Осы екі аралықта тұрған образды сөздердің қолданысының ауыспалы мағынаға жылжуына, ауысуына, соның өзі ешкімде қайталанбас сөз образына беруге ықпал еткен метафораға баруға автордың күш салғанын байқауға болады.
Публицистикалық стильдегі ақ алтын (мақта), қара алтын (көмір) , темір тұлпар (трактор), бесінші мұхит (космос), көгілдір отын (газ),қанатты түлік (құс), дала кемесі (түйе), ақ халатты абзал жандар (дәрігерлер), бұл метафоралық тіркестер тұрақты тіркестерге айналып, одан стандартты шаблон сөздердің топтарына енеді.
Мемлекеттік тілді тұншықтырудың Кұлекеевтік тәсілі. Тарихты теңіз жұтқалы тұр. Естігенім-“тап таза”. Көргенім –“қожалақ” (“Ана тілі”).
Функционалдық стильдердің барлық түрінде метафора көркемдік сипатымен қатар стилистикалық бағалау категориясымен келеді, бағалауыштық мәнге ие болады. Ол ғылым-публицистикалық жанрдың және көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу тілінің барлық түрінде стильдік тұтастықты сақтайды. Метафора дәстүрлік әрі жеке қолданыстағы стильдік мәнермен адресант пән адресат арасындағы стилистикалық әсер тудыру қызметін қанағаттандырады.
Теңеу – ерекше стилистикалық тәсіл
Теңеу– ерекше стилитикалық тәсіл, мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз. Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады. Әсерлі сөздің жасалу тәсілі сан алуан болып келеді. Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл – теңеу.
Теңеудің семантикалық-стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия, синекдоха, гипербола, синоним теңеулерді жатқызады, сондықтан жасалу жолдарын бірнеше топтарға бөліп көрсетеді.
Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу стилінде ұқсату әрі бейнелілікке құралады. Теңеудің керкемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субьективті, обьективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған стилистикалық сөз орамдары арқылы беретіндігімен ерекшеленеді.
Функциональдық стильдердің кез келген түрінде теңеу троптардың басқа түрлерінің пайда болуына тікелей ықпал етеді, көркемдік қызметі стилистикалық коннотация сипатынан танылады. Теңеудің стилистикалық тәсіл ретінде қолдану ерекшелігі мынада: автор – адресант өзінің ақыл-ойында қалыптасқан таным-түсінік заттарды ассоциациялап отырады, себебі адам санасында сөйлеу процесінде коммуникативтік фреймдер базалық орын тебеді, сондықтан автор теңеу, ұқсату мотивтерін, әуендерін іздейді. Теңеу өзі сияқты сөз образы метафорамен салыстырғанда жиі қолданылады, себебі образдылықтың негізі теңеуден шыққан. Метафора – танымдық-концептуалды жағынан күрделі әмбебап құбылыс, теңеу – адам психикасында образды күйде дайын тұруға икемді. Теңеу болатын заттар “зат-теңеу” стилистикалық фреймдер көбінесе адресанттың санасында дайын сценарий күйінде тұрады, сондықтан сөз жанрларында еркін пайдаланылады.
Стилистикалық фреймдер белгілі концептуалдық құрылымдардың ойдағы бейне-прототип-фреймдер деген тізбектерінде ойлау әрекетіне ең жақын тұратын форма болып саналады. Әсерлі сөз теңеудің құрылымында бейне- таңба-символ-белгі-елес-қиял-реалды ақиқат емес болмыста көрініс табады. Теңеуді қолдануға автор-адресант өзінің ғылыми, мәдени, көркемдік әлемінің “энциклопедиялық ойлар” нәтижесінен айқындалған реалды ақиқат пен символ арасындағы шындықты, яғни стилистикалық фреймдерді пайдаланады.
Теңеу – бүгінгі ұлттық әдеби тілдегі бағзы заман өмірінің адам санасындағы ұқсату белгісінің көркемдік қуаты.
Адамның ең көп мән бергені – өз жасы, оны бағалау, әр жастың адам өміріндегі бар қуаты мен байлығын меңгеріп қалуы, керісінше игере алмау адам өмірінің философиялық көзқарасымен айқындалып отырған. Ауыз әдебиетінде адресант-автор-суреткер өзінің “тапқырлық теңеу” сияқты ойлау әрекетінде “адам жасын” өзінің күнделікті көріп жүрген мал өсіру, кең жазиралы даласын көру, көшпелі өмірдің барлық тыныс-тіршілігімен “стилистикалық фреймдер” арқылы стилистикалық бояулы сөз өрнегімен тыңдаушысына ықпал етуді мақсатқа алады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дайын сөздермен, тұрақты сөз тіркестерімен келетін теңеулер жиі ұшырасады: биттей жоқ, кішкентай жоқ, мидай жазық, жастай қалды, елдің баласындай, жын шайтандай, ат төбеліндей, т.б. мысалы: бет аузына бес ит тойғандай бала мен ана арасындағы: көзімдей көр, көзіңдей көру сырлас адамдар арасындағы; әкесінің көзіндей ұқсату, қызындай екен әдет-ғүрып дәстүріне байланысты жиі ұшыраса отырып, көркемдік қасиетін жартылай жоғалтып отырады.
Синонимдік теңеулер әр уақытта кез келген стильде экспрессивті сөздер болып келеді: зіңгіттей жігіт болыпты, добалдай боп орнына отырмай ма, аядай жерге симайды, өгіздей болып кетіпті, сағыздай созылып тұр (ауызекі сөйлеу тілінің материалдары).
Публицистикалық стильдің әртүрлі жанрларында теңеудің қолданыс аясының өзіндік ерекшелігі бар екені бірден байқалады. Мысалы:
Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсыз... Тауық жылының алғашқы күні-ақ тауыққа шашқан тарыдай шашыраған әлгі ойлардың дәнін теруге тура келді. Қазақ бағыналы бәйтеректей мықты этносқа айналып, оның ұлттық проблемаларының оң шешілуі – саясаттың үлкені. Мұхтар Әуезовтің “Жыл келгендей жылымық сезінемін” деген атақты тарихи баяндамасын тыңдадық. Домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген өнер мен әдебиет – қасиетті егіз ұғым (“Қазақ әдебиеті”).
Мәтіндегі теңеу модельдерінің уәжі – халықтың дүниетанымы, тұрмыстық заты, мекені, өскен ортасы. Адам белгілі кеңістік пен уақытаралығында өмір кешеді, уакыттың жылдамдығын, өтпелі кезеңін, шексіздігін, жылдам өте шығатын көрінісін әлем кеңістігіне сынаптай сырғыған деген бейнелі теңеу – салыстыру моделіне әкеп байланыстырған. Дайын тұрақты сөз тіркестері арқылы жасалған тайға таңба басқандай, тауыққа шашқан тарыдай немесе сең ұрғандай деп авторлық өзгеріске түсіруі де публицистикалық мәтіннің стильдік мәнін айқындап, көркемдікке алып келеді.
Теңеулер көркем әдебиет стилінде стилистикалық “автор образы” категориясы арқылы көркемдік, эмоционалдық-экспрессивтік мәнермен қолданылады. Мысалы: Дүрмекпен келе жатқаны болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап, сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. (Ж. Аймауытов). Сонау көз ұшында ноқаттай болып көрінген көк тұйғындай қиялы әлдеқайда алыстап кеткен.
Ыстық жүрек тайдай тулады ма? Сәнді қала да сағымдай алыста қалды. Үріккен еліктей елегізе қалатын астыңғы асар кірпік тек ұзаған көзді терезеге түйретіп тұр. “Хакім… сәлем ... айтты” деген лебіз күткендей қадалды (X.Есенжолов). Қара ормандай қалың қазақ Қасым өлген соң да елдігін сақтаған. Кесімді ғана емес, қалаулы тағдырдай. Алыста тұрса да демі бет шарпығандай нар қамыстай солқылдақ (М. Мағауин). Ол өзін енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай сезінді(І.Есенберлин).
Поэтикалық құрал – теңеу, теңеудің стилистикалық категориясының мағынасы – сұлулық, әсемдік. Теңеу кейде жағымсыз реңкте қолданылса, мәтіннің өн бойына сұлулыққа қарсы кұбылыстарды суреттеуге арналады.
Көркем әдебиет стилінің әңгіме, новелла, тарихи шығармалар, сатира сияқты жанрларында теңеудің қолданыс дәрежесі, стильдік қызметі қалай көрінеді деген мәселеге арнайы тоқталған жөн. Сондықтан сатиралық, юморлық шығармаларда теңеудің стильдік қызметінің басты қасиетіне күлкі тудыратын зат, құбылыстар салыстырылып алынады.
Тұрқы шоқпақтай болса да, Жайықтай ақынымыз! О, Тұмаш! Шәниі безе бастаған кәлләсін қарашы кәдімгі глобустай доп-домалақ. Сонау-сонау бір жылдары Тұмекең де жұмыртқадай жып-жылтыр жігіт еді (“Қазақ әдебиеті”).
Көркем әдебиетте бір ғана ой көптеген образдарға ауысады. Басқаша айтқанда, бір ғана ой толып жатқан құбылыстар мен процестерге ассоциацияланады. Осы ассоциациялаудың көмегімен ой процесінің динамикасы әр қырынан көрініп, түрліше салыстыра сипаттауға әкеледі.
Көркем әдебиет стилінің жанрлық түрлерінде автор әр түрлі ассоциациялар арқылы сөз образдарына теңеу арқылы барады. Сатира тілінде тоқпақтай, жайықтай, глобустай, жұмыртқадай деп алынған теңеулер бейтарап тілдік бірліктер арқылы жасалынған. Тоқпақтап, жайықтай, жұмыртқадай көркем образ жасауға мүмкіндігі бар, глобустай күлкі тудыру мақсатында алынған.
Теңеу сөз образдарының ішінде ең жиі қолданылатын шоғыры болып саналады. Стилистикалық категорияның ішінде қарама-қарсы стилистикалық категорияға негізделеді. Стилистикалық бояулы, әсерлі сөз автордың адресатқа тигізер стилистикалық әсерін жүзеге асыру мақсатында жұмсалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет