Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Функциональдық стильдердегі дайын сөз бірліктерінің стилистикалық қызметі Функциональдық стильдердің тілдік бірліктерінің қатынасына арнаулы сөздер мен стереотип сөздер енеді. Тілдік стереотиптер кешенді ойлау жүйесінің модельдік компоненттерін толықтырушы ретінде стилистикалық мүмкіндіктері өте мол.
Функционалдьдық стильдердің әрқайсысы өз мүмкіндіктерінше тілдік бірліктерді қолданудың өзіндік модельдері мен трансформациясын жасауға ықпал жасайды. Тілдік модельдер мен бірліктер функциональдық стильдердің шеңберінде қарастырылады.
Жалпыxалықтық тілдің және ұлттық әдеби тілдің сөздік қорымен арнаулы тілдік бірліктерінің негізінде әр стиль өзінің стереотиптік тілдік бірліктерін қалыптастырады.
Стереотип сияқты штамп, шаблон, клинше терминдері лексикология және фразиология, функциональдық стилистика саласында қарастырылуда.
Стилистикалық дайын сөз оралымдарының қатарына штамп, клинше, стереотип жатады. Тілдік клинше де негізінен функциональдық стилистика және фразиологияда қарастырылып жүр. Тіл ғылымында клинше, стереотип, штамп туралы толық анықтама жоқ. Штамп – стилистикалық боямасы бар сөйлеу құралы, сөз стереотипі псиxологиялық стереотиппен сәйкес келеді. Сөз стереотипті қолданушыларға автоматты түрде көмекке келеді, коммуникацияны жеңітеді, үнемділікке күш салады, тыңдаушы мен айтушының ойлау энергиясы мен уақытын бағалауға жәрдемін тигізеді.
“Штамп” сөзінің негізгі мазмұндық-мағыналық бірлігіне сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жатады.
Стилистикалық дайын сөз оралымдарының бірі – стереотип. Стереотип – ұғымдық образ, ол адам санасында орныққан түсінік пен құбылыстың ақиқаттылығы ретінде ассоциацияланып тұрады. Тіпті оны стилистикалық фреймдер ретінде бағалауға болады, ұқсастық сипаттың нәтижесінен де туындаған деп айтуға болады, себебі стильдің қалыптасуындағы экстралингвистикалық, псиxоәлеуметтік факторлар адам санасында стилистикалық фреймдер орнығуына тікелей ықпал еткендіктен, стандартты тілдік бірліктер ретінде дайын күйінде қолданылады.
Стереотипті сөз оралымдары функциональдық стильдердің барлық саласында жиі жұмсалады.
Стереотип тілдік контекстер тұрақты қолданысқа икемді бола отырып, стереотип-стереотиптік таратушы түзеді, кішігірім сөздер мен сөз тіркестерінің компоненттерінің қатарын құдай алады, сөйтіп когнитивті модель құрауға бейімделіп тұрады. Осы модельдер екі типті модельден тұрады. Мысалы: оқу керек, сұрақты білу осында әр компонент сөз тіркесінің стереотиптік ашық парадигмасын құрайды да басқа сөздер тізбегіне негіз бола алады, бірінші компонет басқа сөздермен де ауысады, мысалы: жаттап алу керек, жаттап алу маңызды, жаттап алу оңай, жаттап алу өте қажет, жаттап алуға мүмкіндік жоқт.б. Білу, үйрету, зеттеу, бекіту, анықтау, дәлелдеу деген сөздер тізбегінің де тұрақтылығы көрінеді. Мысалы, мәселе-проблема, заңдылық-жағдай т.б. болып ауыстырылып қолданылады. Осындай бірліктер әр сөздің компонент түзетін белгілі бір қатарлы іріктеліп стереотиптік сөздерге айналады.
Стереотип коммуникативтік актінің контексінде жазылған белгілі микроситуацияны анықтаудың көрінісі болып табылады әрі субъектінің қызметінің әлеуметтік мәнін тұрақтандыруға арналған дайын тілдік құрылым болып табылады. Кез келген стиль жалпы әдеби тілдік тәсілдерді алады. Олар сол стильдің коммуникативтік процесіне белгілі дәрежеде лайықты, жарамды болып табылады. Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне еркін, кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулалардың көмегімен айтып та жаза алады.
Функциональдық стильдерде дайын сөз оралымдарының екі түрлі жасалу жолы бар. Біріншісі – орыс тілінен енген, екіншісі – төл тілдің дайын сөз формаларынан жасалуы.
Стереотип көбінесе ғылыми, ресми публицистикалық стильге тән болып келеді. Ғылыми және ресми стильдегі стереотиптік бірліктердің прагмастилистикалық рөлі тұрақты. Публицистикалық стильдегі стереотипті бірліктің прагматикалық рөлі жоғарыда аталған екі стильге қарағанда күрделі әрі қарама қарсы, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер, өмір ситуацияларындағы құбылыстар стереотиптердің ауысып отыруына ықпал етеді.
Публицистикалық стиль ғылыми стиль мен көркем әдебиет стилінің лингвистикалық белгілерін түгел қамтымаса да, сол аралықтағы ең негізгі тілдік-көркемдік амал-тәсілдерді бойына жинақтайды. Сондықтан публицистикалық стильде автор қоғам өмірінің сан-саналы қажетін өтеу үшін дайын тілдік оралымға бейім тұрады, соны пайдаланады, себебі ол стилистикалық категорияларды анықтауға негіз болады. Публицистикалық стильдегі метафоралық тіркестер темір тұлпар, көгілдір отын, ақ алтын, қара алтын стандартты стереотипке айналғандары белгілі.
Стилистикалық бояуы бәсең дайын сөз оралымдарының бірі – канцеляризм, ресми стильдің тілдік нормасынан да, стилистикалық нормасынан орын ала алады, қазақ тілінде ресми стиль толық орныққанда, уақыт өте олар да тілдік билікке толық ене алады, ресми стильдің стильдік белгілілерінің межесін айқындап тұрады. Канцеляризмді ауызекі сөйлеу стилінде қолдануға шек қойылады.
Лексика-фразиологиялық канцеляризмге белгілі сөздер мен сөз тіркестері жатады. Төменде қол қоюшылар, жоғарыда көрсетілгендей т.б. Кәсіпорынның қызметінің жағымсыз жақтары, жіберілген ақауларда болып тұрады. Осы сөйлемдерді басқаша вариантта айтуға болады: Кәсіпорындарда ақау жұмыстарға жол берілмеген, жарамсыз шикізатты өндіруге жол бермеу керек т.б. көбінесе қиындатады дегеннің орнына қиындық келтіреді. Мереке қарсаңында жұмыс қызу дайындық үстінде немесе Мереке қарсаңында жұмыс қызу жүріп жатыр деген сөйлемде етістіктің құрамының есімді-етістікті баяндауыштары белгілі стильдік эскпрессияны күшейтіп отырады.
Сөйлеу штампы – жиі қолданылатын мағыналық реңкі солғындаған, эмоционалдық бояуы бәсең тартқан сөздер тізбегі. Ресми және публицистикалық стильде кездесіп отырады. Мысалы: қазіргі уақытта, бүгінгі күнде, маңыздылығын көлденең тартып тұр т.б. Тілдік штамптар сөйлеушінің сөз іздеп жатуын жеңілдетеді. Биылғы егіс алқабының табысы аз болған жоқ; Спорт табысты өтті. Биылғы табысымыз аз емес. Тілдік стандарттар да дайын қалыптасқан сөз үлгілері болып салады. Тілдік стандарттар публицистикалық стильде қолданылады, нақты семантикалық мағынасы мен ойды үнемдеу мақсатында қолданылады және xабарды тез жеткізу үшін пайдаланылады.
Ғылыми стильде тілдік стандарттар xабар жеткізу мақсатын емес, керісінше ғылыми мәтіннің біліктілік сипатының көрсеткіші ретінде алынады, автордың ғылыми тұжырымын оқырманға түсінікті болу мақсатын көрсетеді. Осыған орай, ғылыми стильдегі стереотиптер мәтіннің құрылымдық-композициялық компоненттері ретінде бағаланады, жеке автор қолданысына еш кедергі жасамайды. Сондықтан олар ғылыми стильдің акценттік және бағалау сияқты стилистикалық категориясының мәнерлі мазмұнын құрап отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінде: сәрсенбінің сәтінде, қалтам жұқа, жағдай көтермейді. Ресми стильде: сенім білдіреді, қызметке тағайындалсын, бұйрық берілсін т.б.
Заң тілінде кездесетін стандартты тілдік бірліктер: қылмыс жасау, айып тағылды, сотқа тартылды, заң алдында жауап береді, бас бостандығынан айыру. Ғылыми стильде: алғашқы зерттеу болып табылады, нысаны бола алады, құнды еңбек болып саналады. Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктер ресми және ғылыми стильдерге қарағанда прагматикалық мақсатында қарама-қарсы түсінік қалыптасқан, қоғамның әлеуметтік жағдайы, ондағы түрлі өзгерісткр мен жаңалықтар ойлау әрекетіне қарама-қарсы құбылыс туғызатын болғандықтан, стандартты сөздердің өзгеріске түсуі заңды құбылыс, себебі публицистикалық стильге қоғамдағы оқиғаның құбылмалы да өзгермелі сипаты ықпал етеді. Кейбір стандартты сөздер қолданыстан шығып жатса, кейбіреулері өзгермейтін “қалыпты” тілдік бірліктер қатарынан орын алады. Публицистикалық стильде стандартты тілдік бірліктер экспрессияға қарсы тілдік құбылыс деп саналғандықтан, экспрессияға стандарт қарама-қарсы тілдік бірлік ретінде қарастырылады. Штамп сияқты тілдік бірліктер бейнеліліктен айырған, бірақ контексте “автордың” бақылауынсыз қолданыста жиі ұшырасып, стильдердің әрқайсысына қалыпты, автоматты түрде кәдеге асады. Дайын тілдік оралымдар жағымды тілдік-конструктивтік тәсіл ретінде құралдардың қатарына жатқызылады.