Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет4/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Стилистикалық тəсілдер деп стильдерді құрастырушының əр түрлі тілдік бірліктерді қолдану амал- тəсілдерді айтады. Олар: топтың түрлерді, стилистикалық фигуралар, стиль құрудың стратегиясымен тактикасы. Тілдік бірліктердің дəстүрлі стилистикалық тəсілдері контексттен тыс стилистикалық коннотациялардың негізгі жүйесін құрай отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды. Қолданыс тілінің аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына стилистикалық мағына үлкен ықпал етеді. В.Г.Винокур бұл безендіруші стилистиканың негізгі базасын құрайтын атауларды "узуальды- стильді комплекс" деп аталған, мəтінде коммуникативтік актінің құрылымдық- стильдік базасын толық қалыптастырады.
Безендіруші стилистикасының енді бір негізін құрайтын белгісі- стилистикалық тапсырма. Стилистикалық тапсырма сөйлеушінің арнайы ойлап тапқан көркемдік, экспресивтік айту мəнері, адресаттың қабылдануына арнайы стилистикалық тиімді əсер қалдыру үшін қолданылады. Стилистикалық тапсырма айтушы хабарлы экспрессивті мағлұматын көрсете алады. Сөйлеу актілерінің стилистикалық құрылымдағы екінші (жанама) компоненттер сапасы ретінде көрінеді.
Стилистикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық тиімділік сияқты экспрессивті тілдік бірліктер өзара тығыз қарым-қатынаста бола отырып, жалпы узуальды стильдік комплекс терминдерінің мəн-мағынасын толық жеткізе алады, сондықтан мəтінде коммуникативті актінің құрылымдық- стильдік базасын толық қалыптастырады.
Стильді топтастыруда тек тілдік элементтердің экспрессиялығын негізге алу, яғни эскпрессиялық принцип негізінде стильдерді бөлу ғылыми жағынан дəлелсіз екені соңғы зерттеулерде айқын көрсетіліп жүр, соған орай батыс, орыс тіл бөлімінде когнитивті лингвистика мəселесі сөз болды.
Стилистика ғылымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты көршілес пəндермен арақатынасы ұлғайды. Жалпы тіл ғылымдарында XX ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар саласында прагматика мəселесі орнықты, қарым- қатынас процесіндегі тілдің функциясының граматиканың белсенді қызметі сөйлеу əрекетіндегі күрделі проблемаға ғалымдар назар аудара бастады.
Шетел ғалымдарында сөз жəне оның мағынасымен тілді меңгеру контекстке əлеуметтік ситуацияға қатысты екені жария бола бастады. XX ғасырдың соңғы шегіне қарай адамның танымдық іс- əрекеті мен жан- жақты зерттеу көптеген ғылымның мəселесіне айналып өзіндік зерттеу нысанына ілікті, сөйтіп бір- бірімен шектес ғылымдар саласы зерттеліне бастады. Сондай ғылымның бірі- когнитивті ғылым саласы. Тіл ғылымының қазіргі кезіңдегі дамуы анпропоцентрикалық бағытпен зерттеулерге алып келеді. Осы зерттеулердің нəтижесінде стиль антпропоцентриалдық категория ретінде қарастырыла бастады. Когнитивті лингвистика адамының ой- сана, ақыл- ой əлеуметтік тəжірбиелік қызметімен байланысты қарастыру мəселесін көтерді.
Адамдытіл арқылы, тіл арқылыадамды зерттеу мəселесін шешуде стилистиканың зерттеу нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мəдени, əлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) əлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл- ойын, көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философиядағы сана, психиологиядағы сезім, когнитологиядағы таным арқылы қарастырылады. Сана, сезім, таныс белгілі таңбалар арқылы айтушымен қабылдаушының өзара əрекеттестігінде белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық құбылысқа "ой салып, түрткі болып оятатын" таңбаның əрекеті. Олар функциональдық стиль өрісінде қолданыс табады да өз нəтижесін беріп отырады.

Кешенді əдістермен когнитивтік процестерді зерттеу мəселесі мына төмендегі талаптарды қажет етеді:


- когнитивтік қабілеттілік;
- қабылдау, меңгеру;
- мəселені шеше білу;
- елестету;
- тапқырлық жəне т.б.
Сөз мағынасымен ұғымға тəн мəселелерді анықтау адам ойы, таным, қиял шақыртау деңгейімен байланысты екенін қазіргі когнитивті лингвистика десе стилистика оны танымдық- көркемдік тұрғыдан əсірелеп жеткізе білуді көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет