Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Прагмастилистика – стилистиканың жаңа бағыты Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нəтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистикалық ұғымдар мен категориялар тек таным арқылы жүзеге асады, таным кешенді ғылыми зерттеу нəтижесінде ғана мəн- мағына анықталады. Қазіргі стилистика пəнің оқып үйрену зерттеудің ерекше аспектісін талап етеді, сондықтан прагматикалық аспектіде қарастыру оның негізгі мəселелерін шешіп береді.
Стилистика ғылымдарымен қатар мəтін лингвистикасы, əлеумет зəрулігінің қажетін өтейтін тіл мəдениеті ғылымы да жеке қарастырыла бастады. Стилистика мəселелері зерттеу нысанына тіл мəдениетінен ерте іліккен болатын,сондықтан қазақ ғалымдары олардың ұқсас жəне айырмашылықтарын айқындап берді, мысалы М. Серғалиев "стилистика мен тіл мəдениетінің ұқсас жəне айырмашылықтары бəлендей көп емес" десе, Р. Сыздық "стилистика жəне тіл мəдениеті ауылдары онша алыс қонған дүниелер емес" деген пікірді ұстанады. Стилистика ғылымы грамматика, лексика, риторика, поэтикамен өте ерте антика дəуірімен бірге жасасып келеді. Стилистика өзінің зерттеу объектісінің көп қырлы аспектісіне байланысты прагматика, коммуникативтік лингвистика, сөйлеу қызметінің теориясы, психолингвистика, мəтін лингвистикасы, лингвистикалық поэтика, логика, мəтін интерпретациясы, когнитивтік лингвистика т.б. байланыстыра зерттеу мəселесі көтеріледі. Орыс тіл бөлімі өкілдері стилистиканы көптегенғылымдармен байланыстыра зерттеуге ерекше мəн берген. И. Р . Гальперин лингвистиканың құрылымдық негізінің "шайқалуына" стилистиканың əсер еткендігін айтады: " Именно стилистика начало не расшатывать основы структурной лингвистики, заставляяисследователей включать в сферу своих наблюдений живые формы языка, неукладывающиеся в строгие рамки формализованных процедур. Начался пересмотр канонов лингвистического анализа".
А. Байтұрсынов "тіл –адам белгісінің зоры, жұмсалатын қаруының бірі" – деді. Тіл – сөз адамның ақылы, көңілі, көңілінен туған қиялы үлкен əлемдік сөз таңба –ой бірлігі –ұғым – сөз əрекеті арқылы берілетінін қазақ ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты мəнін ашты (олар өз еңбектерінде прагматика терминін қолданбаса да), олар тілдік категориялардың бүгінгі прагматика жəне стилистика мəселесімен қатысты екендігін анық байқады.
Өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін лингвистика тарихи жəне құрылымдық тұрғыдан зерттелініп келген болатын. Лингивистика ғылымының осы зерттеу бағытына қозғау салған прагматика мəселесі болды. Былайша айтқанда, 70- жылдардан бастап қолға алына бастаған прагматика лингвистика ғылымын басқаша зерттеу бағытын ұсынды.
Прагматика – грек сөзі, "іс-əрекет" деген мағынаныбілдіреді. Прагматиканың лингвистикадағы жаңа зерттеу, бағыты ең алдымен "прагматика табиғатын" негізгі межеге алып отырды, бірақ оны прагмалингвистика деп атау үшін, оның зерттеу нысанын толық саралау үшін лингвистика деген микроғылымның негізгі базаларын толық тану керек. Сөз өзінің жаратылыс болмысынан субьстанциональдық жəне функциональдық қасиеттің нысаны. Субстанциональдық қасиет – зат, құбылыстың жаратылысынан өзіне тəн қасиеті. Олар əр зат пен құбылыстың өзіндік ішкі ерекшелігі болып табылады, субстанциональдық қасиет оның ішкі құрылымымен анықталады.
Лингвистиканың ішкі субстанциональдық қасиеті оның құрылымдық- жүйелік салаларын құрайды.
Функционалдық қасиет заттың сыртқы құбылысын сипаттайды. Осы екі қасиеттің негізінде лингвистиканың екі бағыты бөлініп шығады. Бірі – ішкі лингвистика, екіншісі – сыртқы лингвистика. Ішкі лингвистика тілдің субстанциональдық қасиетін оқып үйретсе, сыртқы лингвистика тілдің функциональдық қасиетін меңгертеді. Ішкі лингвистикаға фонология, лексикология, грамматика жатады, ал сыртқы лингвистиканың функциональдық қасиетінің ішкі лингвистикадан өзгешілігі басқа "объектінің" қасиетіне тікелей байланысты. Бұл қасиет "тіл жəне тілдік емес объект" деп те аталынады. Сыртқы лингвистиканың ең басты межесі адам, адамтанумен тығыз байланыстылығында екен.
Ішкі лингвистика мен адамтану сияқты екі ғылым тоғысынан сыртқы лингвистика жəне оның салалары қалыптасты. Осының нəтижесінен сыртқы лингвистиканың жеке салалары бөлініп шықты. Олардың қатарына жататындар: социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, биолингвистика, когнитивті лингвистика, паралингвистика. Сыртқы лингвистиканы ментальді лингвистика мен экстралингвистиканың бірлігінен туындаған сала деп тануға толық мүмкіндік бар. Жоғарыда қарастырылған тілдің əмбебап субстанциональдық жəне функциональдық қасиеттері тіл адам қатынасының құралы ғана емес екенін анықтады, яғни басқа көзқарас тұрғысынан қарастыратын бағыттар пайда болды, адамның тілге қатынасы негізінде зерттеліне бастады. Осы бағыттың қалыптасуына ықпал еткен прагматика мəселесі еді.
Лингвистикалық прагматика өзінің табиғаты жағынан белгілі шектеулі контуры жоқ, сондықтан ол көптеген мəселелерді қамтиды.
Прагмалингвистика коммуникативтік іс- əрекет туралы ғылым саласы бола отырып, ол тіл ғылымының басқа салаларынан бөлектенбейді, тілдің барлық аспектілеріне өзінің ықпалын тигізеді.
Прагмалингвистика ақиқатқа негізделген коммуникация бағытында тілдің субстанциональдық- функциональдық қасиеттерін, қарым- қатынасын оқып үйретеді, белгілі тұлғалардың нақтылы сөйлеу ситуацияларында вербальды жəне вербальды емес тілдік тəсілдерді пайдалана отырып, пікір алысып, ой бөлісуін үйретеді. Реальды ақиқатқа құралған өмір ситуацияларында адам қандай жағдайда таңбалар арқылы өзінің ой- пікірін тыңдаушыларына немесе оқырманына жеткізе алатындығын үйретуді мақсат етеді.
Прагматикалық- əдістемелік жəне əдістік зерттеулер тілдік таңбалардың əр түрлі деңгейлерін ғана қарастырмайды, сөйлеу қарым- қатынасының барлық параметрін қарастырады, таңба мен оны қолданушы адам арасындағы қарым- қатынасты зерттейді.
Коммуникацияның негізгі формасы – дискурс пен мəтін. Прагмалингвистиканың зерттеу нысанын толық тану əрі сөйлеу тіліндегі дискурс пен мəтіннің мазмұндық – ақпараттық мəнін ашу үшін, таңбаның яғни прагматиканың іс-əрекеті мен бітім, болмысын айтушы мен тыңдаушының қарым- қатынасы арқылы тану стилистиканың жаңа бағытының пайда болуына негіз бола алады. Прагмалингвистика адамның коммуникативтік іс- əрекетінің ауызша (дискурс), жазбаша (мəтін) екі формасын қарастырады. Тілдің таратудың осы екі формасы көптеген проблемаларға ортақ бола отырып, күрделі айырмашылықтарымен ажыратылатын тұстары да молынан ұшырасып отырады. Дискурс теориясы мен мəтін теориясы прагмалингвистикалық зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды. Сондықтан прагмалингвистика дискурс, мəтін теориясының барлық проблемаларын олардың интенциясымен қоса вербальды жəне вербальды емес тілдік құрылымдарды пайдалана отырып, коммуникативтік құралдарды есепке ала отырады. Бұл проблемаларды шешу тек ішкі лингвистикалық жəне сыртқы лингвистикалық факторлардың біріккен есептерін талап етіп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық ғылымдармен тоғысуын талап етеді. Прагмалингвистиканың мақсаты мəтін мен дискурстың табиғатын толық ашу, ендеше екеуіне де ортақ терминдерді анықтап алу қажет. Олар: прагматика, коммуникация, информация.
Прагматика – коммуникаттардың бір-біріне жəне мəтіннің мазмұнына (жазбаша жəне ауызша түрде) олардың коммуникативтік пиғылымен жəне сұхбаттасу мəн-жайымен санасқан жеке қарым- қатынасы. Коммуникация вербальды жəне вербальды емес (паралингвистикалық) тəсілдер қолдану арқылы екі немесе одан көп тұлғалардың ақпарат алмасуы немесе баяндау түріндегі байланысы прагматиканың тікелей қатысы арқылы өтеді. Ақпарат (лат. "бір нəрсені хабарлау") қарапайым тіл арқылы коммуникация жағдайына жеткізілетін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігінің жиынтығында прагматиканың рөлі ерекше танылады.
Прагмалингвистиканың негізгі зерттейтін саласы дискурс пен мəтін десек, олардың əрқайсысына тоқтала кетеміз.
Дискурс көп мағыналы термин, лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихи зерттеулерде қолданылып келеді. Шетел тіл білімінде дискурс сөзі "ауызша сөз" мағынасында да қолданылған. Дискурс сөзінің алғашқы мағынасы "ақылды ойлану" (разумные размышление) деген сөздің мағынасында айтылған. Дискурс терминінің жан- жақты кеңеюіне, əр түрлі сипатқа ие болуына (мысалы, мəтін ұғымымен барабар немесе коммуниканттардың барлығына тəн мəліметтердің жиынтығы болып саналуы т.б.) Д. Ван Дейктің мектебінің ықпалы тікелей əсер етті. Бұл мектептің өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматиканың əдіс- тəсілді пайдалануға болатынын көрсеткен еді. Н. Д. Арутюнова дискурсқа былай анықтама береді: "дискурс та – сөз өмірдің ортасынан ойып алынған сөз".
Коммуникация (коммуникативті-прагматикалық қызмет) – бұл да сөз, бірақ нақты адамның сөзі, белгілі сөйлеу ситуацияларында вербальды жəне вербальды емес сигналдарды пайданала отырып, өмірмен біте қайнасқан ментальды мақсатқа сəйкес тіл өндіріс процесі, сондықтан бүгінгі дискурс өте күрделі коммуникативті- прагматикалық құбылыс болып табылады. Коммуникативті- прагматикалық құбылыста сөйлеу ситуацияларында адресанттың ойы ақиқат не жалған да болуы ықтимал. Ол адресанттың интенциясы (ниеті) мен пиғылына өзінің мақсатына жету жолындағы таңбаны қолдануы болып есептеледі. Дискурс та – сөз, қарым-қатынас құралы ретіндегі сөздің тіл əлеміндегі жаңаша мағыналық- ақпараттық туындысы. Дискурсқа тəн біржақты, екіжақты дискурс деген түрлері кездеседі.
Дискурста ситуация (мəн- жəй, мағлұмат) – өткізілетін жағдайдың шарты (орны, уақыты) жəне қатысушы (жынысы, жасы, əлеуметтік жағдайы) туралы мағлұматтармен қатар интеракт, яғни коммуниканттардың вербальды жəне вербальды емес сұхбаттасу шараларының көмегімен ауыспалы бірігуге əрекеттенуі. Сондай- ақ айтылым (пікірін сыртқа шығару) (қисынды- философиялық терминологияда сөйлеу актісі) – сөйлеудің бір турында коммуниканттардың біреуінің сөйлеу əрекеті. Дискурстың осындай курделі коммуникативті - прагматикалық əрекеті стилистикалық амал- тəсілдер арқылы өз мəніне толық жетеді.
Екі коммуниканттартардың ауызша түрдегі (өмірге енген) пікірлерінің жиынтығы екіжақты дискурс деп аталады.
Дискурстың негізгі бірлігі сөйлемге қатысты анықталады (сөйлемнің көлемімен өлшенеді немесе қысқарған формада (толық емес сөйлем, эллипсис) немесе бірнеше сөйлем тіркесі болуы мүмкін.
Прагмалингвистика дискурсқа қатысты қаралуын қорытындылай келе "коммуникативтік іс- əрекет" ұғымының "тіл" жəне "ой" ұғымының кең екенін тағы да бір рет айрықша атап өту қажет.
Тіл – қару, ой –осы əрекеттің субстраты. Ескере кететін бір жағдай, дискурс коммуникацияның толық көлемін, адамдық интерактта ой бөлісуді, сол мезгілде мəтінді жəне біржақты дискурсты(монологтық сөз) (жазбаша жəне ауызша түрде) ұзартылған сөйлеу əрекеті ретінде қалыптастыруға болады.
Дискурстапресуппозиция, интенция, коммуниканттардың стратегиясы мен тактикасы т.б. айтылым ерекшеліктері прагматикалық мақсатқа сай құрыла отырып, стилистикалық амал- тəсілдерді таңдайды.
Прагматикалық зерттеу пресуппозицияның мəні туралы жаңа көзқарастарды қалыптастырады. Егер мағыналық пресуппозицияға ойдың ақиқаттылығы негізгі арқау болса, алпрагматикалық пресуппозицияға орынды қолданыс шарттары енеді. Пресуппозиция (лат. Prae "алдын" + supositio"жағдай" –алдын алу, жорамал) – сөйлесу рəсіміндегі сөйлесушіге сөйлеушінің көзқарасын, психологиялық жағдайын, жалпы білімділігін бағалау. Сөйлеуші өзінің сөйлесушіге тек қана не айтарын біліп қана қоймай, оның бұл ақпаратты қалай қабылдайтынын бағдарлап жəне қаншалықтыəңгіме жаңа тақырыпты енгізуге болатынын болжап отырады. Сөйлеу ситуацияларында сөйлемің эксплиципті (ашық) жəне имплицитті (жасырын) мағыналық компоненттерінің белгілері табылып отырады. Олай болса, пресуппозиция адресантпен адресанттың кез келген тілдік бірліктің мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін аялық білімімен тығыз байланысты. Яғни пресуппозицияны сөйлеуші мен тыңдаушының сөйлеу жағдайында қолданылатын аялық білімдерінің негізінде жетілетін хабарды, оқиғаны жіктеп талдауға мүмкіндік беретін шарттардың жиынтығы деуге болады. Оның табиғатын анықтайтын ұғымдарға имплицитті, эксплиципті құрылымдар жатқызылады. Имплицитті айтылым қабылдауға күрделі, толымсыз түрде берілуі мүмкін, сондықтан астарлы мазмұнды сөз оралымдарын реципиент өз бетінше түсіне білу қажет, өзара əрекеттестік негізінде прагматикалық əрекет өз белсенділігін танытып отырады.
Прагматика сөйлеу актілеріндегі сөйлеушінің интенциясын қарастырады. Интенция (лат.intentio "ұмтылу") – осы əңгіме барысында сөйлеушіге не хабарлау немесе одан не білу жайындағы сөйлеушінің коммуникативтік ниеті.
Сөйлеу əрекетіндегі коммуниканттардың стратегиясы мен тактикасы – коммуникативтік- прагматикалық мақсаттың тиімді шарттарының бірі.
Стратегия – сөйлеушілердің берілген жағдайдағы сұхбаттасу тəртібінің сөйлесу нəтижесіне жету үшін тікелей жоспары, өзінің коммуникативтік ниетін іске асырудағы жалпы жолы. Тактика – стратегияның іске асырылу тəсілі. Біржақты дискурс (монологтық сөйлеу) ережеге сəйкес бір тақырыптық бірлікпен шектеледі жəне концептуальдық фреиммен іске асады. Екіжақты дискурс (диологтық сөйлеу) өзін жəй бірнеше тақырыптық бірліктердің бірінен кейін бірінін жалғасып келуін білдіреді. Басқаша айтқанда, қазіргі заман тіл білімінде дискурстық талдау өзінің көп мағыналылығымен ерекшеленеді.
Дискурс – көп мағыналы термин. Сондықтан дискурс нақты айтылған сөз деген мағынамен сəйкес келеді, өзінің мағыналық – ақиқаттылық мазмұнымен қоса экстралингвистикалық факторлармен жүйеленетін сөйлемдерді айтады.
Дискурсты төмдегіше құрылымдық жүйемен қарастыруға болады:
қарым- қатынас ситуациясының жүйелі баяндалуы;
дискурс түрлері;
сөйлеу актісіне қатысқан коммуниканттардың тілдік бірліктерінің таңдап алынуы;
коммуниканттардың сөйлеу тактикасы мен стратегиясының сөйлеу интенциясын, пресуппозициясының дәрежесін анықтау т.б.
Дискурсты мәтін түзуші – мәтін – қабылдаушы – үшеуінің тұтастығының
негізінде қарастырған жөн.
Мәтін теориясына қызығушылық өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Мәтін теориясының мәнін толық тану қазақ тіл ғылымының назарынан тыс қалмай отыр, яғни мәтін табиғатына үлкен мән берілуде.
Прагмалингвистиканың дискурспен қатар тұратын сүбелі саласының бірі – мәтін теориясы. Мәтінді субстанциональдық тұрғыдан ғана емес, қатасымдық - функциональдық тұрғыдан зерттеу прагматика мен стилистиканың бірлесуін қажет етеді.
Мәтінге байланысты мәтін құрылымы, мәтін грамматикасы, мәтін герменевтикасы, мәтін стилистикасы туралы ғылыми еңбектердің жазылуы мәтін теориясы проблемасының маңыздылығын айқындайды. Дискурс сөз өндірісінің ауызша формасы болса, мәтін – шығарманың жазбаша формасы.
Дискурспен салыстырғанда мәтін теориясындағы коммуникация проблемасының өзіне тән ерекше сипаты бар.
Мәтін – тілдік қарым–қатынасты жүзеге асырудың негізгі құралы бола отырып, оның толық жүзеге асқан нәтижесі ретінде танылады. Мәтін – когнитивті-функциональдық сөз әрекетінің жазбаша түрдегі көрінісі. Мұнда хабардың орны ғана көрсетіледі, бірақ дискурстағыдай хабар алмасу жүрмейді. Автор мәтінді қалың көпшілікке арнап бағыттайды, онымен өзі еш қарым- қатынасқа түспейді. Мәтіннің мазмұнынан оның реакциясын біле алмайды. Мәтінде автордың коммуникативтік стратегиясы біржақты ғана болады, оқырман талаптарынан, информация алушыдан мәтіннің жан-жақты интерпретациясына рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайдың артықтышылығы автор тұлғасынын тілдік жеке руханилығының жоғары дәрежесін талдауға мүмкіндік береді. Мәтінде автор оқырманға айтарлықтай көңіл бөлмейді, оған өзінің ойлау образы мен стилін бере отырып, оқырманға әсер етуге ұмтылыс жасайды.
Мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнының толық ашылуы қатысымдық жағдайға, прагматикалық талапқа сай құрылған тілдік таңбаларды таңдауына тікелей байланысты. Автор мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнын толық көрсету құқығына ие болуы, мәтін түзудегі негізгі мақсат- мүддесіне де тікелей қатысты екенін көруге болады. Бұл мақсат-мүдде, сөз, сөз тіркесі, сөйлем немесе олардың мағыналық жиынтығы ғана емес екен. Мәтін – коммуникацияның әмбебаптық формасы ретінде көрінеді, автор мен адресанттың арасындағы сөйлеу өзара әрекеттестікті жүзеге асырады, әруақытта автордың білім аясы, идеясы, ойы, санасы т.б. мәтінде өз көрінісін табады, белгілі қарым- қатынас аясының ерекшелігі танылады, барлық уақытта адресатқа бағытталады (автор болмаған жағдайда, мысалы ресми стильде). Информация таратады, стилистикалық амал- тәсілдерді қолданады, осының арқасында прагматикалық тиімділігі жүзеге асырып отырады. Мәтіннің тілдік- қатысымдық бірлік ретінде негізгі міндеті жүзеге асу үшін тілдік жүйенің аясынан шығып кетеді. Мәтінде “тілдік және тілдік емес объектілер” қатысады. Ол объектілерді былай көрсетуге болады. Тілдік объектілер –бізге белгілі тілдік фонетикалық, лексика, грамматикалық құрылымы, “тілдік емес объектілер” көрінісі тілдік таңбалардың қызметі арқылы көрінеді, оған бейтарап немесежалпы тілдік бірліктер ғана алынбайды, автордың “таңдап” алған тілдік құралдары өз қызметін атқаруға кіріседі. Осы жерде басқа көңіл аударатын ғылыми көзқарас пайда болады. Адресант адресатқа мәніннің мағыналық- ақпараттық мазмұнын толық жеткізіп, мәнін ашып беруде оның жандүниесіне әсер етіп, сезімін ояту үшін, белгілі прагматикалық мақсатын қанағаттандыру үшін стилистика ғылымының “еншісіне” тиесілі тілдік- стилистикалық амал- тәсілдерді пайдаланады. Осыдан дискурс пен мәтіннің толық өз мәніне жетуде тыңдаушысының реакциясын тудырып, таңбаның “мінезін” толық танытуға прагмалингвистиканың күші толық жете алмайтындығын көруге болады. Дискурс пен мәтін – тілдік қатысымлдық, тілдік бірлік ретінде когнитивті, коннотативті, эмоциональды- экспрессивті мағына, мазмұнды білдіреді. Сондықтан стилистикамен прагматикалық мақсат бірлескенде ғана мәтіннің мағыналық- ақпараттық мазмұны толық жүзеге асады.
Осы уақытқа дейінгі қазақ тіл ғылымында стилистикаға қатысты жазылған еңбектерде жеке сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің стилистикалық мағынаға ие болуы тұрғысынан ғана қарастырылып келді. Мәтіндегі немесе сөз авторының қолданысындағы стилистикалық амал- тәсілдердің “өн бойында” бөлінбес “бөлшегі” ретінде жүретін прагматика мәселесі туралы сөз бола қойған жоқ.
Прагматиканың анықтамасы мен стилистика ережесінің қағидалары арасындағы ұқсастық бар. Екеуі де ықпал ету, әсер ету қызметін көрсетеді. Автор стилистикалық амал- тәсілдерді таңдап алғанда, адресатқа әсер ету мақсатын көздейді. Автордың тілдік бірліктерді таңдап алуы, оның ақыл- ойы, санасындағы белгілі прагматикалық мақсатты нәтижелі ұйымдастыра білуіне тікелей байланысты. Автор арқылы туындаған айтылым немесе мәтін адресатқа заттық- ұғымдық, бейнелілік- эстетикалық мағына беріп қоймайды, когнитивтік, коннотативтік, эмоционалды- экспрессивті мазмұнды береді.
Прагматика қатысым әрекетіндегі таңбаның бітім- болмысын көрсетеді. Автордың қолданысында таңба өзінің “іс- әрекетін ықпал ету”, “белгілі мақсатқа арнап” құру қасиетіне ие. Прагматика тілдік таңбалардың оны ққолданушы адамдарға қарым- қатынасын көрсетедіәрі ықпал етеді, қабылдаушының реакциясын тудырады. Осыдан келіп прагматиканың орнын анықтау мәселесі көтеріледі, оның тіл ғылымының қай саласындамәні мен мағынасы толық ашылатынын анықтайтын кезең туды. Ол –стилистика ғылымының жаңа бағыты прагмастилистиканның қалыптасуы деп айтуға болады.
Прагмастилистика – стилистика ғылымының жаңа бағыты. Кез-келген айтылым адресаттарға ақпарат берумен қатар, оның қабылдауына ықпал ететін тілдік бірліктерді таңдайды және реакциясын тудырады. Адресанттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай әрекет жасайтынын прагматика зерттейді. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады. Адресант пен адресат арасындағы қарым- қатынас аясындағы тілдік бірліктердің ықпал ету және әсер ету мақсатынан пайда болған туынды мәтін прагмастилистика деп аталады. Прагмастилистика ғылымының пайда болуына когнитивті лингвистика, психолингвистика ықпал етті. Мәтіннің толық табиғатын тануда стильдік амал- тәсілдердің қандай мақсат пен ниетке құралып тұрғаны контекстік және ситуациялық қарым- қатынаста мән- мазмұны нақты ашылады.
Мәтіннің түзілісінде стилистикалық ерекшеліктер мен прагматикалық мақсат қатар тұрады. Мәтін түрлерінің ғылыми, публицистикалық, ресми болуына байланысты, автордың прагматикалық мақсатына орай стилистикалық амал- тәсілдері сұрыпталып алынады.
Функциональдық стильдерді қалыптастыруға жеке стиль түрі болып жіктелу процесінде жағдай туғызушы факторлар бар. Ол ғылымда экстралингвистикалық факторлар қоса алынады, бірақ онымен қатар тұратын прагматикалық факторлар стилистикалық амал- тәсілдермен үйлестіре пайдаланылғанда мәтін мен дискурстың мазмұндық- ақпараттық сипаты толық өз дәрежесінде көрінеді.
Адресанттан алынған мәтіннің толық табиғаты адресаттың да ақыл- ойына қозғау салады, жан- дүниесіне әсер етіп реакциясын тудырып, оның көзқарасын, пікірін, сана- сезімінің өзгеруіне ықпал етеді. Бұл жерде стилистикалық амал- тәсілдердің өн бойындабірге жүретін таңбаның “мінезін” көруге болады.
Дискурс пен мәтіннің болмысын толық саралауда таңбаның “мінезі, іс-әрекеті” толық қарастырылады. Ол – прагматиканың қарастыратын мәселесі. Автордың қалауы бойынша таңбаның “ іс- әрекетіндегі” жасырын, ашық көрінетін мақсатын танытуда стилистикалық амал- тәсілдер сұрыпталынады. Бұл – стилистиканың зерттеу нысаны. Осы мәселелерді толық қарастыру прагмастилистиканың үлесіне тиеді. Прагмастилистика автордың коммуникативтік іс- әрекетінде өзінің ниет, пиғылын, аялық білімімен қоса белгілі прагматикалық мақсатқа құрылған ойлау стилі арқылы тілдік таңбаларды таңдай отырып, өз туындысының мағыналық- ақпараттық және эстетикалық мән- мазмұнын ашып бере алатындығын қарастырады.
Прагматика таңба мен қабылдаушы арасындағы қарым- қатынаспен қатар өзара әрекеттік сол аралықтағы үздіксіз құбылысты айқындап береді. Сөйлеу актілеріндегі қатысушылардың психологиялық хал- жағдайы, қарым- қатынас аясы, саяси - әлеуметтік жағдайы, пресуппозициясы, сөздің шынайлығы, әлемді танып білу көзқарасы белгілі стилистикалық мәнге ие болатын таңбаларды таңдап ала отырып, өз мақсатына жетуі прагмастилистиканың зерттеу нысанына толық айналады.
Ғылыми стильде автор өзінің ғылыми көзқарасын дәлелдейді, публицистикалық стильде субъект көпшілікке хабар беріп қана қоймай, ықпал ету мақсатын басшылыққа алады.
Сонымен, прагмастилистика дегеніміз – жоғары қабілетті тұоға сөз шығармашылығын, тілдің сөйлесім тәжірибесін социум өмірінің заңдарымен байланыстыра отырып, адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерін когнитивтік базасын, ұлттық-мәдени стреотипі және дәстүрін стилистикалық амал- тәсілдер арқылы үйретуді қарастырады.
Жалпы стилистиканың ішінде шешуге тиісті мәселелер өте көп, солардың бірі қолданыс тіліндегі стильдің қызметі. Олай болса, қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистиканың анықтап беруіне толық мүмкіндігі бар. Сөйлеу әрекетіндегі айтушының мақсат-мұраты (адресант пен адресат арасындағы өзара қарым- қатынас) белгілі іс- әрекет арқылы жүзеге асады, адресаттарға әсер ету, сөйлеу актілерінің жетістіктері, интерпретация, сөйлеу формалары (диолог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік- этикалық жағы т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады, ал стилистикамен бірге алынғанда прагмастилистиканың зерттеу нысанының эстетика- стилистикалық, когнитивті ассоциялық, эпистемиалық мәні толық ашылады.
Қазіргі уақытта тіл ғылымында прагматикалық аспектіде зерттеудің мынандай аспектілері қарастырылып жатыр: пікір айтудың прагматикалық мағыналары (ақиқат пен жалған), пресуппозиция, анықталған сөйлесім жағдаяттары, интерпретация, бағалау логикасы, диалог.
Прагматика тілдік таңбалардың оны қолданушы адамдарға қарым- қатынасының барлық параметрлерін қамтиды. Прагматика тілдік таңбалардың әр түрлі деңгейлерін ғана қарастырмайды, сөйлеу қарым- қатынасының барлық параметрін зерттеуді нысана етеді. Прагматика теориясының проблемасы өте кең, ол лингвистикалық пәндердің бәрін біріктіре алады. Тілдің зерттеулерінің синхронды өлшемдерін анықтайды, философиядағы прагматикалық бағыт негізінде тілдің философиямен байланысын қарастырады, мұнда ақиқаттың логикасы мен бағалау логикасы мәселелері сөз болады, психопрагматикалық «әрекетін» тануға күш салады, сөйлеу қызметінің теориясы сөйлеу стратегиясы мен көзқарасын анықтайды, когнитивті лингвистика автор сөзінің пресуппозициясын, референциясын межеге алады, әрі функциональды лингвистикамен байланыста қарым қатынастың тиімділік проблемаларын, иллокуция, прекуцияны толық есепке алуды көздейді, мәтін стилистикасы мәтіннің интерпретация мәсеселерін қарастырады. Демек, прагматика көп аспектілі сала стилистикамен тығыз қарым қатынаста коммуникативті прагматикалық, эстетикалық бағдарды толық жүзеге асырады.
Бүгінгі уақытта стилистка мен прагмастилистика – көп аспектілі ғылым болып саналады.
Прагмастилистика белгілі мақсатқа сәйкес қолайлы үйлесімді іріктелген тілдік тәсілдерді пайдаланады және сөйлеу механизмін қарым қатынаста белгілі жетістіктерге жету үшін көпшілікке жәнее адресатқа алдын-ала жоспарланған түрде ықпал етуді мақсат етеді.
Прагмастилистика табиғи тіл өзінің арсеналында әр түрлі тәсілдері мен формалары, механизмдер арқылы айтуға ойдың «жасырын» мағыналары болатындығын көрсетеді. Ол сөйлеу актілерінде стилистикалық фреймдер арқылы стильдік мәнер түзеді. Прагмастилистика мәтін интерпретациялық процесінде үшінші ракурс енгізді: мәтін – ақиқат; мәтін – адресат; мәтін – адресант (автор).
Бұл дискурстың үшінші ракурсы бойынша көркем әдебиетті тыңнан жасауға мүмкіндік береді. Бұл ракурс тыңдарманды «формадан форма құрушы» ерекше тілдік білімінің игеерілуі стилистикалық фреймдерден ойлауға қабілеттілік тудырады.
Қазіргі уақытта стилистика мен прагматиканың бірлігінен туындаған прагмастилистика осындай күрделі де қызықты стильдік талдауларға әкеледі.