Қазақстан Республикасының білім министірлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ӨМСИ
Психология
СОӨЖ
Реферат
Тақырыбы: «Темперамент және мінез Елестету және қиялдың көрінуінің жас ерекшеліктері»
Орындаған: Демесинова Жанель Қабылдады: Садреймова А
ИЗО(ӨМСИ) 2 курс
Алматы 2022
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Темперамент және оның түрлері
2. Мінез
Қорытынды
Пайдаланылан әдебиеттер
Темперамент - әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс - тұрысы мен қимыл - қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр — сипатына зерттеуші -ғалымдар ерте замандардан - ақ айырықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған - ертедегі грек жұртының дәрігер - ғалымы Гиппократ ( б. з. д. 460 -356жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын - қан, салқындататын - сөл, кұрғататын - өт, дымқылдандыратын - қара өт. Бұлар бірімен - бірі белгілі бір пропроциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса -сангвиник ( латынша - сангуис); сөл көп болса - флегматик (грекше -флегма); өт көп болса - холерик (грекше - холе) және күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше - мелайнехоле) кара өт деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады.
Темперамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс - әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара, адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінідегі типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса - меланхолик болады.
Сангвиниктің - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл - күйі әп- сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай және жылдам. Төңрегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән - жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уакыт мұңайып журмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаңда икемді, қозғалғышта қызу, сергек. Кетеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық . Ойынға кызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей - ак, күле бастайды.
Холериктің - эмоцияға берілуі шашпаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, кұмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп — сәтте қызып кетіп, күйіп - піседі. Ашуланса, бұрқ - сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із калдырады, қимыл - қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс - әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа кұмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сейлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холериктер белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастағаи іс - әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға кұмар. Өзі де үйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп - сәтте ашуланады және ашуын үзақ сақтайды.
Флегматиктің - эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл - куйлері байсалды, орнықты калпында ұзақ сакталады, баяу өзгереді, жарқылдап қуануы да, жабығып қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, кербез қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жакындасуда мардымсыз, іске ырғалып - жырғалып барып кіріседі. 1с- әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматиктер байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жаксы көреді. Кеңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Меланхоликтің - эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұракты болады, сыртқы көрнісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл - күйлері бірқалыпты ұзақ сакталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабыркау, кейде кайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл -қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы кимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс - әрекетін толық аяқтап шығады. Меланхоликтер сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрак қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады. Сонымен, темперамент -адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты болып табылады.
Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамнын, мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді. Ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт -бағдарын аныктауға ыкпалын тигизеді, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, ал косалқылары мінез қырларын толыктыра түседі. Адам мінезінің калыптасуының коршаған ортасына және оның өзінің қатынасына байланысты. Бұл катынастың мәні адамның араласып, байланысқа келген өмірлік обьектілердің маңыздылығымен анықталады. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әркилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды. Адам мінезінің керіністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің құрлымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрлымы дейді. Ал, мінездегі өзара байланыста психикалық қасиеттердің жүйке жүйесі комплекс не факторлар деп аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның касиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге катынас ерекшеліктерін көрсетеді.
Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалкаулық, немқұрайлылық т.б.
Ұжымға, адамдарға қатысты касиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқактық, менсінбеушілік.
Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәппарлық , мактаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылык, кішіпейілділік.
4. Заттарға қатынасы: ұкыптылық , салдыр-салактық ,
заттарды ұстап -тұруы мен ұқыпсыздығы т.б.
Мінез құрлымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар-адамның қоғамдық қарым-катанасы және әлеуметтік - типтік ерекшеліктері. Ал, мінез құрлымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның коғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет-мінездің күші.
Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінездің тұрақтылығының , ауытқушылығы мен
бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқашан
қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық , төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Қабілет - деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне кабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-әрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нәтижесінің сапасы.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.
Қабілеттілік - адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-баскетболшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табыска жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мыс: музыка саласында әуенді есту мен ырғакты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Жалпы, кабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айкын көрінеді. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл-адамдардың даралык ерекшеліктері. Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның кабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзкарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті оған туа берілетін өзіндік табиғи қасиет.
Нышан - мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Талант - адамның накты бір істі нәтижелі орындаудағы кабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі.
Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша кабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Қабілеттің жоғарғы деңгейде дамуы талант деп аталады.
Адам кабілетіндегі талант пен дарындылық одан әрі дамып данышпандық қасиетін тудырады. Бұл-адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
Қорытынды
Дегенмен, кабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес, себебі кабілет- адамның даралық психологиялык ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе-қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялык және физиологиялық ерекшелік нышан.
Пайдаланған әдебиет
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482
Достарыңызбен бөлісу: |