Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет39/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#107831
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Алма беті албырап, Сілекейі салбырап Қалғып бір-ақ барады, Кенжетай тентек мажырап (Мағжан) ертек тыңдап отырған баланың күйін шебер суреттейді. Міне, мұнда да ертек тыңдап, аузы ашылып отырған баланың суреті көсемше тұлғасы арқылы беріліп тұр. Мажырап — маужырап сөзінің кысқартылып алынған түрі. Көркем шығарманың сөздік құрамыда әдеби нормадан шет тұрған, кейде ауызекі тіл элементтерін қолдану әдісі стильдік мақсатпен пайдаланылады. Автор баланың кейпін суреттеуде карапайым сөздерді кейде мағыналары толық ашылмаған, әдеби нормаға қайшы келетін элементтерді кәдеге жараткан. Бірақ осы өлең жолдарында мажырап сөзімен беруі (ақынның белгілі мақсатпен) уәжді ауытқуға жатқызуға құрылған. Осы қолданыстың екінші бір сыры өлеңнің алдыңғы жолдарындағы албырап, салбырап сөзімен ұйкастық мәнер үшін алынғаны да байкалады.
Етістіктің шақ категорияларының стилистикалық мүмкіндіктері жағынан басқа сөз таптарының грамматикалық категорияларынан бөлектенетін тұстары бар. Ол — шақ категорияларының экспрессивтілік мүмкіндіктері, екіншіден шақ категорияларының синонимдік әлеуеттілігінің байлығы. Сондықтан басқа сөз таптарының грамматикалық категорияларына қарағанда етістіктің грамматикалық категорияларының қызметі көрнекті орынды иелене алады.
Өткен шақ формалары публицистикалық стильде окиғаның біткені туралы ақпарат беруде жиі қолданылады. 1993 жылы “Қазақ әдебиетінің алғашқы авторларының бірі, кейін редактор болған Сәбит Мұқанов дүние салды. Бұл жарияланымдар қазақ қоғамын дүр сілкіндірді (“Қазақ әдебиеті”).
Ғылыми, ресми стильде етістіктің шақ категориялары белсенді қолданысқа түскенде қызметі онша жиі байқалмайды. Ғылыми стильде осы шақ формасы тұрақты орнымен жанды және жансыз табиғат әлемін суреттеуде ұшырасып отырады. Әрдайым тұрақты қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті көрсетуде стандартты түрде жиі кездесіп отырады. Әсіресе дағдылы қалыпта болып тұратын етістік тұлғалары ғылыми заңдылықтардың негізгі қалыпты жай-күйін түсіндіруде ауыспалы осы шақ категориясы пайдаланылады. Дәстүрлі саяси экономика категориялары туралы емес, қазіргі рыноктық, қатынастардан туындайтын іс жүзінде қолданылатын түсініктермен шектелмей көп реттерде орыс немесе шетел тілінен енген және ұғымға сіңісті болған сөздер сол күйінде беріліп отыр. Олар мәңгі емес, тарихи, өтпелі сипатта келеді (ғылыми оқулықтан).
Ғылыми стильде етістіктің шақ категориялары дерексіз ұғымдарды жалпылап қорытындылау мағынасында бір-бірімен синонимдес тізбек құрады. Мысалы: зерттеу барысында анықталады, анықталмаған, тәжірибеде ... көрсетіледі, ... көрсетілінеді.
Ғылыми стильде етістіктін өткен шақ формасы сирек қолданылады.
Ресми стильдің құқықтық маңызы бар құжаттарда осы шақ формасы қолданылын отырады: Осы сақтандыру келісім шарты жеке тұлғаның көлігіне арнайы беріліп отыр т.б.
Ресми стильде келер шақ формалары екі мәнде жұмсалынады, біріншісі болашақтағы міндеттілікті атқару үшін: бұл мәселені шешуге рұқсат беруіңізді сұрайды ... екіншісі мәні болашақтағы атқарылатын іс-әрекеттің шартын көрсету үшін қолданылады: еңбекке қабілеті жарамсым болған жағдайда сақтандыру ақысы төленеді т.б.
Публицистикалық стидьде етістіктің шақ категорняларының түрлері өзгеріп отырады, оның бірнеше себебі бар. Бірінішіден, публицистикалық стильде автордың стилі қай стильге көбірек ұқсауына әрі оның жанрларына да байланысты шақ категорияларының стильдік мәні өзгеріп отырады. Публицистикалық стильде етістіктің шақ категорияларының қолданылуы бұрынғы қолданыстағы зандылыққа бағынады, бірақ ауызекі сөйлеу стилінің элементтерін өзіне пайдалана отырып, экспрессия тудыруды көздейді. Иә, халқымыздың досы мен қасын ажыратып, жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын “Қазақ әдебиеті" мен үшін атақ-даңқтан да, байлық, рахатынан да қымбатқа айналыппы. Ендеше, шығыстың ұлы шайыры Омар Хайям айтқандай: “Наныңа өз теріңнің тұзын сеп те, сатқындардан сірке су да сұрама " деген ұстаныммен жүр екенмін ғой (“Кдзак әдебиеті").
Публицистикалық стильде қоғам мен адам арасындагы қарым-қатынасқа арналған іс-әрекет нақ осы шақ категориясы арқылы беріледі. Сәлеметсіз бе, Алматы ақшамы! Мен саған алғаш рет жазып отырмын әры қарай жазылу мақсаты, себебі т.б. мәселері жазылады.
Публицистикалық стильде өткен шақ категориялары хроникалық окиғаларды хабарлауда тарихи маңызы бар құбылыстарды бейнелеуде сол арқылы стилистикалық әсер ету функциясын көрсетеді. Табандылық көрсетті. Әрине, бұл да партияның назарынан тыс қалмаған (“Қазақ әдебиеті").
Етістіктің шақ категорияларының көркемдік стильдік қуаты көркем әдсбиет стилінде екені белгілі. Көркем әдебиет стилінде етістіктік шақ категориялары экспрессивтілік мән мен стилистикалық бояуларға өте бай сала болып келеді. Бірақ бұл жерде мына мәселеге көңіл аудару керек. Көркем мәтіндердегі етістіктердің қолдану қарқыны басқа стильдердегі етістік функциясының ішкі және сыртқы стильдік жағынан алғанда бөлектенетін тұстары бар. Көркем әдебиетте “автор бейнесі” уақыттың реалды шындығына бағынбайды, “автор бейнесі” өз ойын шығармасында көркемдікті уақытпен жүзеге асыру мақсатын қарастырып отырады. Шақ категориясының ауыс мағынасы жиі қолданылып, бұрыңғы оқиға қазіргі уақытпен баяндалады. Қамбар жалғыз отыр екен (О. Бөкей). Автор осы шақты беруде окырманның көз алдында өтіп жаткан оқиғаны көргендей әсер қалдыруға көңіл бөледі. Әсіресе, осы шақтың ауыспалы осы шақ формасы күтпеген оқиғаларды суреттеуде етістіктің қолдану заңдылығын бұза отырып, үлкен шеберлікке құрылған стилистикалық әдісті көрсетеді. Олар келді, жақсылап жайғасты, әңгімелесті, бөлісті. Кейде қайталанып келіп экспрессивтілік тудырады: Басы мен екі қолы бос қалғанына қуанған Бати сармойын тымақпен түйенің қолтығынан сұққылай берді, сұққылай берді (О. Бөкей).
Көркем әдебиетте болымсыз етістік пен болымсыз тұлғаны қарсы қойып суреттеу өмірдің қарама-қарсы категориялардан тұратын болмысын көрсету үшін пайдаланылады. Не жеңілермін, не жеңермін (О. Бөкей).
Көркем мәтінде осы шақтағы окиға болашақтағы арман-ниет, жүзеге асырылуға тиісті оқиғаның ситуативті жағдайын көрсете де алады. Үйге қалай бармақшы?! Жоқ, бұның бәрі өзгеред... (О. Бөкей) өткен шақтың көркем мәтіндегі стильдік қызметінің әсері ерекше болып келеді. Ол оқиғаның өткенін хабарлай отырып, болашақтағы окиғаның қайталанатынын көрсетеді, онда окырманның жағымды-жағымсыз эмоциясы арқылы баяндау тәсіліне етістік категориялары (әрине автор бейнесі мұнда да тыс қалмайды) бағалау-көркемдеу стильдік жүк арқалап отырады. Шын бақытқа, мол бақытқа кенелгендей көңілмен еңіреп жылады, әдейі жылады (О. Бөкей).
Етістік стилистиканың негізгі күретамыры функциональды стилистика мен ресурстар стилистикасында стилистикалық категориялардың барлық аясын қамтиды, әрі прагматикалық ыкпалының зор екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет