Филология ғылымдарының докторы Г.Н. Смағұлова
Филология ғылымдарының докторы, профессор О. Нақысбеков
Əлкебаева Д. А.
Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият- Персс,
2007. – 244 бет.
ISBN 9965- 9998- 2- 1
Оқу құралында қазақ тілі стилистикасының зерттеу методикасы, ғылыми теориялық негіздері, прагмастилистикасының қалыптасу деректері, когнитивті- стилистикалық, эстетик- стилистикалық, коммуникативті- прагматикалық қызметі, стилі түзуші факторлар мен тілдік бірліктердің табиғаты жəне стилистикалық мүмкіндіктерге қатысты мəселелер қарастырылған.
Оқу құралы филология факультетінің студенттеріне, аспиранттарына, магистранттар мен ізденушілерге жалпы прагмастилистика ғылымын зерттеушілерге арналады.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының жоғарғы мамандар даярлауға жоспарланған мемлекеттік білім беру стандарты бойынша өтілуге тиісті міндетті арнаулы оқу пәндері бар.Бұл пәндердің әрқайсысы маман даярлауға қойылатын мемлекеттік талапты толық қанағаттандыруға тиіс.Қазақ тілі стилистика ғылымының кейбір салалары тарихи әлеуметтік жағдайдан кенжелеп қалды.Әлемдік стилистикадағы ғылыми бағыттардан отандық стилистика дара тұра алмайды.М.Балақаев ,М.Томанов,Е.Жанпейісов,Б.Манасбаев авторлығымен шыққан «Қазақ тілі стилистикасынан »(1969,74)басқа оқулық 35 жылдан бері жазылған жоқ.Прагмастилистика оқулығы осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жазылған,сондай-ақ стилистика ғылымының ғылыми-теориялық ,оқу-әдістемелік мәселесін қамтамасыз ету үшін ұсынылып отыр.
Қазіргі стилистика ғылымы өзінің жаңа мазмұнымен жаңа бағыттарын әкелуде.Стилистика ғылымы көптеген шектес ғылымдарды өзіне байланыстырып прагмастилистика деген жаңа бағытын ғылыми айналымға түсірді.Оқу құралы қазақ тілі стилистикасының қазіргі жаңа бағыты прагмастилисткаға арналған.
Бүгінгі күні стилистиканың жаңа бағыттары жеке пән ретінде оқытылуға әлеумет тарапынан сұраныс тудырып отыр.Оқу құралының алғашқы тарауы стилистика және прогматиканның күрделі де кең ғылыми-теориялық мәселелерін шешуге арналған.
Ұсылылып оқу құралынжда стилистиканың ғылыми-теорисы,шектес ғылымдармен байланысы,ғылымдардың түйіскен тұсында пайда болған прагмастилистика ғылымының анықтамасы,прагмастилистиканың негізгі концепциясы мен терминологиялық аппараты,стилистикалық ұғымдар мен категориялардың жалпы сипаты сөз болады.