Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
117 
жазылмаған заңы болатын. Батырдың іні әрекетіне берер шешімі әділ сөзге тоқтаған дәуір 
кейіпін елестетеді. Қазақтың бүгінде ұмытыла бастаған осы бір мінезін қайта есіне салған 
жазушы ұлттық болмыстан философиялық концепция тудырып, шеберлік дәстүрдің 
сүрлеуіне түскен. Ұлттық дүниетанымнан өрілетін суреткердің философиялық 
концепциясын өмір шындығында бейнелеуші характерлер шоғырына тән қасиет – аталы 
сөзге тоқтау. «Батыр» әңгімесіндегі Батыр, «Айғыркісі» әңгімесінднгі Есқұл, «Құдірет пен 
қасірет» романындағы Досмағамбеттер сөзге тоқтау дәстүрін қиын заманда да бойынан 
жоғалтпаған. Қызметшіні сыртқа қалдырып, үйге інісі кірді. Сәлемін ешкім алған жоқ. 
«Мыналардың айтып отырғаны рас па?» – деді Батыр бауырына. «Рас». «Қайтесіз, батыр, 
бауырыңызды өзіңіз жазалайсыз ба, – деп ана екеуі елпең етті. – Қайтесіз?» «Алып кетіңдер, 
қандай жаза қолданасыңдар, үкім өздеріңнен [2, 264-б.]. Ел тағдыры мен ер тағдырына 
қатысты әлеуметтік кең планды мәселені көпсөзділікке ұрындырмай, шағын диалогқа 
сыйдырып жіберген. Диалогтың соңында беріліп жататын авторлық түсіндірмелі сөздер де 
сылынған. Жазушы оқушы түйсігіне ұғынықты қарапайым тілімен-ақ іс-әрекет баянын 
монодиалогқа көшірген. Мысалға алған монодиалогтан Батыр мінезінің сөзге тоқтайтын, 
ұлттық дәстүрді қадірлеуші қасиеті бірден аңғарылады. Осы қасиетті, қазақ халқына тән 
ұлттық мінез ерекшелігін танытар сөзге тоқтау дәстүрін ұстап қалу батырдың да, батырының 
да қолынан келмек іс екен. Оқиғадан кейін бүк түсе жатып алған Батырдың естігені «...інісі 
бауыздалыпты. Батырдың сұрағаны: «Жанымды қия көріңдер деп жалынып, жалбарынбап 
па?», «Жоқ. Тек қол аяғымды байламай бауыздандар» – депті. «Е,онда бопты» [2, 264-б.]. 
Батырдың іші қан жыласа да,онысын сыртқа білдірмей інісінің өлімді ерлерше қарсы 
алғанына шүкір дескендей. Бауырының қазасына салқынқандылық танытудың өзі шынайы 
өмірде кездесе бермейтін мінез. Әңгіменің философиялық концепциясын, қазіргі қоғамға 
әсер берер тұсын Батыр характерінде көрінетін тосын қаталдықтан сезінуге болады. Өз 
бауырының ісі түсіп тұрғанда неге бейқамдық танытты? Ең болмағанда абырой беделін 
жұмсап жазасын жеңілдетуге болар еді ғой. Батыр характерінің сана тартысына түсер осы 
ситуацияда танытар үкіміне келіспей дау айтуға бола ма? Басқа оқырман дауын айтып пікірін 
дәлелдей жатар. Ал, біз автор шешімімен келісеміз. Өйткені, автор әңгіме өзегінен танытар 
концептуалды идеяларын Батыр ұғымына қатысты ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибесі 
мен дүниетанымдық философиясынан өрбітіп отыр. Батыр категориясын жасаушы, 
сақтаушы, алмастырушы «намыс» ұғымы ерлікке де бастаушы. Ал, батырлықтың түп атасы 
Адалдық пен Әділдік» [2, 264-б.] болғанда Батырдың іні ісіне қатысты үкімін дұрыс 
қабылдайсыз. Батырлықты былай қойғанда бүгінгі адам мінезіндегі «Адалдық пен Әділдік 
жайлы түсініктің пендешеленіп бара жатуы көпке ой салса керек. Бабаларымыз байтақ жерді 
сақтап, ұрпаққа аманаттауында қылыш сермеп, найза көктеген күшінің өзегі «Адалдық пен 
Әділдікте» жатқанын біздің дәуір санасына түйгені жөн. Халық дүниетанымы, халық жолы 
осы. Адалдықты аттаған туған бауырына адамдық сезімімен іштей жыласа да халық 
жолынан шығуға Батырдың ешбір құқы жоқ. Мұнда елдік намыс бәрінен жоғары тұр. 
Жазушы Рақымжан Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» атты әңгімелер 
жинағы әдебиетімізге не жаңалығымен, қоғамдық-ұлттық сананың көркемдік-идеялық ой 
өрісіне нендей әсерімен келді? Сауал аясында бүгінгі әдеби процестегі қоғамдық даму мен 
әлеуметтік шындықтың көркемдік игерілуі, ұлттық ой-сана принциптері мен 
интеллектуалдық, характерлік баяндаудағы стильдік ізденістер, жанрдағы жаңашыл 
ерекшелік айқындалса дейміз. Жинақ «Американың ұлттық байлығы» әңгімесімен 
басталады. Әңгіме тақырыбының өзі оқырманын салған жерден қызықтыра түсіп, сырын 
ішке бүгіп тұр. Оқиғасы да елең еткізерлік емес. Аңшы Қапардың күнделікті ісі мен әке-
шешенің де осы тақылеттес тағдырының күйі. Балаларына кеткен Хадишасы үйде жоқта, 
желіп Жетес келеді. Оқиғаның негізгі тіні Жетес пен Қапардың диалогына жүктелген. Әңгіме 
финалы Қапардың «Аллам-ау, шәуілдеген жаман шибөрі Американың ұлттық байлығы 
болсын. Мен сонда Қазақстанның кімімін? Өкпесіне тебер өгейімін бе? Бұ дүниеде жиғаным,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет