Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
118 
о дүниеде иманым бұйырмай кететіндей сұрауым жоқ па? Оң қол қияметке жүгірсе, сол қол 
арашаға ұмтылмас па? Бұл ел ел ме әлде ашық-тесік жатқан малқора ма?..» [3, 21-22-бб.] – 
деген ойымен аяқталады. Әңгіменің публицистикалық пафосы осы фразадан тарқайды. 
Тәуелсіздік жариялағаннан кейін алпауыт елдердің қабағын бағып,аузына қарап 
отырғанымыз заман шындығы. Нарықтық кезең дамыған елдердің экономикасына 
тәуелділіктен ажырата қоймағаны ақылы жеткен жанның бәріне аян. Қырғи–қабақ соғыспен 
шыңдалған АҚШ тәрізді әлем санасар елдің саясаты түсінікті де әрі жұмбақ. 
Саясаттанушылар сан қозғаған тақырып. Бір қарағанда ауылдағы балаға да түсінікті секілді. 
Жазушы елге мәлім дүниені айтуы үшін аңшының тағдыр тәлейінен бастап, ананы-мынаны 
сөз етіп, оқиға қиюластырып шыққан ба дерсің? Флобердің «Бовари ханым» туындысы да 
суреткерлік шеберлікпен баяндалатын. Қос суреткерде де еліктіріп әкететін сюжет те, алып 
бара жатқан драма да жоқ. Мәселе, Флобер мен Рақымжанның суреттеу шеберлігінде болып 
тұр. Рақымжан әңгімесі финалындағы Қапар кейіпкердің жоғарыдағы мысалға келтірген ойы 
публицистикалық сипаттан драмалық, трагедиялық объективтік көрініске көшкен. «Бұл ел ел 
ме әлде ашық-тесік жатқан малқора ма?»-деген сұраулы дискурс туған мәтін ішіндегі 
мәтінде әлеумет шындығы жатыр. Өткен ғасыр басында публицист қайраткер М.Сералиннің 
«Ай қап» ұғымындағы көзқарасымен Рақымжан Отарбаевтың Қапар (Қап ар) кейіпкері 
есіміне таңылған суреткерлік концепциясы сабақтастық тапқан. Әңгіменің оқиғалық желісі 
де Қапар мен Жетес диалогын дамытып, тартыс шеңберін тудырады. Жазушы Қапар 
кейіпкерін тартыс шеңберіндегі «интелекті сана» ретінде, ал Жетесті одан тысқары, 
интелекті санаға шабуылдаушы күш райында қарастырған. Бұл процесті түсіну үшін әңгіме 
барысында қайталанып берілетін Жетестің «Надандық, сені қайтейін?» – дейтін фразасының 
мәнісіне үңіліңіз. Осы бір афоризмге айналған сөйлемінің түпкі төркіні Жетес аузымен 
айтылса да кейіпкер ой-өрісі мен іс-әрекетіне қабыспайтыны қызық. Демек «интелекті 
санаға» параллель бейнеленген кейіпкердің Жетес аталуында да философиялық шешім бар. 
Жетес – жетіскен екенбіз деген ұғымдық өлшем секілді. Себебі, әңгімедегі Жетестің 
өміртанымдық сөздері мен мінез-құлқы өз-өзіне де пародия тудырып тұр. Жетес тарапынан 
айтылатын елдегі саяси мәселе езу тартқызарлық сатиралық пафоспен жеткізілген. Қапар 
мен Жетестің бойында ұлттық эмоциялық елікпе көңіл-күй ұқсастығы бар. Мұндай көңіл-күй 
өтпелі дәуірлерде халықтық сипат алатыны әдебиет тарихымыздан мағлұм. Б. Майлин, 
І. Жансүгір, Ғ. Мүсіреп кейіпкерлерінің ұжымдастыру кезеңіндегі елікпе іс-әрекет 
жасаулары Р. Отарбаевтың Жетес пен Қапарының мінез-құлқында қайта бой көтеруі ұлттық 
ой-сана проблемасының асқынуынан еріксіз көрініс тапқан. Б.Майлин мен Р. Отарбаев 
шығармаларындағы кейіпкерлердің күлкі тудырушы іс әрекеттерінің негізі рухани әлсіздікте 
тұр. Рухани таяздық Бейімбетке де Рақымжанға да арқау болып отырған типтік бейнелерді 
шығарды. Мұндағы титік өмірлік материал (Бейімбет пен Рақымжан әңгімелерінде – Д.И.) 
жазушы қиялынан емес өмірдің, уақыттың өзі туғызған шындық. Әңгімедегі әлеуметтік 
нарративтің негізіндегі басты қоғамдық бағдарды аңғартатын түйткілдер жеткілікті. 
Нарративтің басты элементі «Надандық, сені қайтейін? – деп Жетес ойымен жеткізген 
автордың суреткерлік философиялық шешімінің астарында. Осы бір ауыз сөйлемге сыйған 
суреткер концепциясының эпикалық тынысы заман шындығымен көркем шындықты 
тұтастандырған. Көркем шындық әлеумет психологиясының қайшылықты салдарына 
үңілдіруімен жанды. Сайлауға түсу мен депутатқа таласудағы рулық бөлініс секілді ұлттық 
болмысқа сызат түсіруші факторлар кейіпкер сөзімен ирониялық сәт тудыра баяндалады. 
Ирониялық сәттің қысқа берілуі оқырманға, ой-сана проблемасының асқынуына белсенді 
әрекет етуші өмірлік материалды аңдату. Өмірлік материалдың Жетес бойына сіңдіріле 
суреттелуі де сондықтан. Қоғам беталысы Жетес сынды мыңдаған азаматтар пайымына 
байланды. Қазіргі қазақ әңгімесінде өмірлік материалдардан типтік бейне тудырған санаулы 
суреткер бар. Р. Отарбаевтың Қапары мен Н. Дәутайұлының «Айғыркісі» әңгімесіндегі 
Бұлди, «Алтын балығындағы» Өстемір [4, 57-б.], Ж. Әлмашұлының «Олигарх және Олимп- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет