Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет62/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Техногендік қоғам
(батыс өркениеті) - ХV-ХVІІ ғғ. Еуропа аймағында
пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары.
Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру


181
қабілеті жоғары жəне осы бəрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі
құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі
- Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мəдениет матрицасы
үш кезенен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды.
Негізгі қасиеті - техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның
өмірлік уақыты - 300 жыл. Өзінің ішкі мəнінде ол агрессивті жəне мəдениеттің
сакраменталды дəстүрін жояды. Дамудың техногендік типі - табиғи қоршаған
ортаның тез өзгеруі жəне адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы.
Сыртқы əлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам - орталық, белсенді
іс-əрекетті жан, ол өзінің іс-əрекетін сыртқа бағыттайды. Жалпы мəдени
қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім
күші, интеллектуалды күш.
Техника
- адамға қажетті қызметтер мен операцияларды атқаратын
жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар
мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп түрлі материалды
объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске
асуы дейді.
Технология
- адаммен келесіде пайдаланатын қажетті жəне пайдалы
қасиеттері 
бар, өнімдерді 
жарататын 
материалдық 
үрдістер 
мен
операциялардың дəйектілігі.
Рух туралы ғылымдар
- əмбебап құндылықтар, оның табиғаты мен адам
өмірінде көрінісі мен қызметтерін, адамдардың жеке жəне ұжымдық мінез-
құлықтарын зерттейтін гуманитарлық пəндер жүйесі. Рух туралы ғылымдарға
қатысты: құндылық теориясы, мəдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих,
дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси жəне əлеуметтік тарихы,
ғылым тарихы, жантану, мінез-құлық туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет