149
мен азаматтық қоғам əлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дəстүрлер мен əдет-
ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіншілігі болды. Ескі ырымдар
мен əдет-ғұрыптардан, надандық пен анайылықты емес, қазіргі ұлттық
мəдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кезкелген ұлттық мəдениеттің рухани негізі мен ділін, ондағы
адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мəдениеттің тағы бір
түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мəдениеттерді
құрту мақсатында дінді апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып,
ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мəңгүрттерді тəрбиелеуге
тырысты.
Ал, шындығында, дін мəдени дамуда орасан зор рөл атқарды. Дінге
дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық
немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар
аударылады. Осының нəтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда,
дінтанусыз мəдениеттану жоқ.
Мəдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы
адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мəңгілік
туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай
сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз қандай мəдениеттің болсын рухын сезіне
алмаймыз. Шынында да, өнер – мəдениеттің алтын қазынасы, адамның
ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі, оның əсемдікке, сұлулыққа
ұмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға
болады: мəдениет – адам əлемі. Мəдениет көріністерінде адамдық парасат,
ақыл-ой, ізгілік пен əдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге, мəдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Əл-
Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни мəдениетті жан.
Адам – табиғат туындысы жəне ол үшін табиғи орта мəңгілік қажеттілік
болып қалады. Мəдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет
айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігінде
күмəн жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші алған
пендесі.
Ғасырлар – адамның мəдени дамуының куəсі. Бірақ осы алға қарай
жылжу Жер-анаға əр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне
ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда, осы белсенділік көп жағдайда
табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мəдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адам
табиғатының антимəдениеттілігі жөніндегі ілімдері еді (кинниктер, Ф. Ницше).
Контрмəдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мəдениеттегі
руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды.
Мəдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім – мəдени антропология.
Əрине, аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым əсірелеп
жібереді, əйткенмен, оның қисыны да бар сияқты. Өйткені ХХ ғасыр мəдениет
пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп,
заман талабына сəйкес экологиялық мəдениет ілімін тудырды.
150
Адам жəне мəдениет мəселесін тереңдете түсетін тағы бір мəселе –
адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты.
Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық,
ментальдық жəне идеалдыққа жатады. Сонда мəдениет осылардың қайсысымен
көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мəдениетті тек
материалдық жəне рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға
алсақ, онда мəдениет өзінің ішкі мағынасында ментальді екеніне көзіміз жетеді.
Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние – бұл мəдениеттің сыртқы көрінісі ғана,
оның мəні руханилықты адам əрекетінің нəтижесінде заттандыруда жатыр.
Мəдениеттің ішкі мəні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік
санасында, парасаттық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж.П. Сартр көсемсөзін қайталасақ, «Адам əлемге еркін жіберілген, ол
еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мəдениеттің құпиясы – адамдағы
«менділік». Одан сыртқа ерекше бір нұр, азаттық, жауапкершілік, адамгершілік
сəулесі нұр шашып тұр. Мəдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі.
Мəдениет дегеніміз менің өмірім, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің
шығармашылығым»
2
.
Достарыңызбен бөлісу: